ГИДРОКСИҚОСЫЛЫСТАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТУЫНДЫЛАРЫ


Гидроксиқосылыстардың жіктелуі. Изомериясы. Аталуы

Спирттер деп құрамындағы бір немесе бірнеше сутегі атомдары гидроксил топтарына ауысқан көмірсутектерді айтады. Гидроксил тобының (−ОН) санына қарай спирттер бір атомды, екі атомды, үш атомды және көп атомды болып бөлінеді

бір атомды

спирт

екі атомды спирт

үш атомды спирт

көп атомды спирт

Бір атомды спирттердің жалпы формуласы: ROH. Мысалы: СН3ОН метил спирті, метанол. Екі атомды спирттер гликольдер – молекуласында екі гидроксил тобы бар. Молекуласындағы үш гидроксил тобы бар үш атомды спирт глицерин.

Көмірсутек радикалдарының табиғатына байланысты спирттер алифатты, алициклді, ароматты спирттер болып бөлінеді.

алифатты спирт

алициклді спирт

ароматты спирт

Спирттер гидроксил тобының қай көміртегі атомына байланысқанына қарай біріншілік, екіншілік және үшіншілік спирттер болып бөлінеді.

біріншілік спирт

екіншілік спирт

үшіншілік спирт

Сондай-ақ, спирттер қаныққан және қанықпаған спирттер деп бөлінеді.

Спирттерді жүйелік номенклатура бойынша атау үшін сәйкес көмірсутектердің атауына «ол» жалғауын қосып, гидроксил тобы тұрған көміртек атомының нөмірін көрсету арқылы атайды.

Мысалы: СН3СН2СН2СН2ОН СН3СН2(ОН)СНСН3

бутанол-1 бутанол- 2

Спирттердің изомериясы олардың көміртегі тізбегінің құрылысы мен гидрокил тобының орнына байланысты жасалады.