КҮРДЕЛІ ЭФИРЛЕР. МАЙЛАР


Күрделі эфирлердің түзілуі. Оларды алу.

Физикалық және химиялық қасиеттері. Қолданылуы

Күрделі эфирлер спирттер органикалық карбон қышқылдарымен әрекеттескенде түзіледі, реакцияны эфирлеу деп атайды, реакция қайтымды. Катализатор ретінде қышқылдың сутегі ионы алынады. Жалпы формуласы

RСООR не RСООR1.

Күрделі эфирлерді спирттер мен карбон қышқылдарын әрекеттестіріп, галогенацилдерді және алкоголяттарды әрекеттестіріп алады:

Н+

1.СН3СООН + НОСН3 « СН3СООСН3 + Н2О

2.СН3СОCl + NaОС2Н5 → СН3СООС2Н5 + NaCl

Триглицеридтер – не бейтарап майлар, жоғары қарбон қышқылдары мен глицерин әрекеттесуі әсерінен алынады. Майлар – глицерин мен жоғарғы карбон қышқылдарының күрделі эфирлері.

глицерин глицерин үшстеараты

Табиғи майлардың құрамында үнемі глицерин және жоғарғы карбон қышқылдары болады. Күрделі эфирлер сияқты, майлар да гидролизге (сабындануға) түседі: сілтілер, минералды қышқылдар әсерінен.

стеарин қышқылы

О- қаныққан не қанықпаған карбон қышқылының қалдығы (ацил).

Ацилге байланысты қатты майлар (май құрамында қаныққан ацил көп болады) және сұйық не өсімдік майлары (қанықпаған ацил көп болады).

Биологиялық әдіспен майларды ыдыратуға болады, онда энзимдер, мысалы, липазалар қолданылады.

Екі не одан да көп қос байланысы бар өсімдік майлары тотыққан кезде мөлдір пленка түзеді – ондай майларды кепкен майлар деп атайды. Кендір майларына қорғасын оксидін қосып пісірсе, олифа алынады, бояулар алу үшін қолданылады.

Өсімдік майларын гидрлеп, қатты майлар алады. Оларды сабын алуда және тамақ өндірісінде маргарин алуға қолданылады. Маргариннің қасиетін жақсарту үшін оған сүт, жұмыртқа, А витаминін қосады.

Майлар – тамақ өнімдерінің бағалы құрамы болып табылады. Организмге май энергия береді. Табиғи майларда көптеген пайдалы заттармен қоса А, Д, Е витаминдері болады. Күнделікті адамдар 60-70г май қабылдау керек. Май сонымен бірге организмді салқындаудан қорғайды.

Организмде глицерин глюкозадан синтезделеді. Бірнеше қос байланысы бар қышқылдар (линолевая, линоленовая) тек өсімдіктерде синтезделеді, олар организмде болмаса өсу баяулайды, бүйрек функциясы бұзылады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Эфирлеу реакциясындағы күкірт қышқылының ролі.

2. Эфирлер номенклатурасы.

3. Эфирлерді алу және химиялық қасиеттері.

4. Дифенил эфир, метил изопропил эфир, метил этил эфир, ди-н-пропил эфир формулаларын жазу керек.

5. CH3OCH2CH2CH3 эфирін синтездеу реакциясының теңдеуін жазу керек.

0,2моль эфирді жағуға 268,8 литр ауа (қ.ж.) жұмсалған болса, эфирдің формуласы қандай?

6. 14,8 грамм бутил спирті мен метил пропил эфирінің қоспасы натрий металымен әрекеттескенде, 0,025моль сутегі газы бөлінген болса, қоспадағы спирттің массалық үлесі канша болады? Жауабы: 25%.