АҚУЫЗДАР. ПЕПТИДТЕР ЖӘНЕ ПЕПТИДТІК БАЙЛАНЫСТАР


Амин қышқылдары – түссіз кристалды заттар, суда жақсы ериді. Бір негізді амин қышқылдары бейтарап орта көрсетеді. Екі немесе бірнеше амин қышқылдарынан су бөлінгенде, түзілетін заттарды пептидтер деп атайды. Бұл жағдайда амин қышқылдарының арасында пептидтік байланыс пайда болады.

пептидтік байланыс

Егер пептидтер екі амин қышқылынан түзілсе дипептид, үшеуден түзілсе − трипептид, ол көп амин қышқылдарынан түзілсе – полипептид деп аталады. Пептидтердің аталуы қатысқан амин қышқылдарының атымен аталады және бірінші амин қышқылының атына «ил» жалғауы қосылады. Полипептидтердің құрылысы тізбекті болады, кез келген амин қышқылдары бір-бірімен әр түрлі қосыла алады.

Ақуыздар (белоктар) деп молекуласы бір-бірімен пептидтік байланыспен қосылған α- амин қышқылдарының 20-ға жуық түрінің қалдықтарынан құралған жоғары молекулалы қосылыстарды атайды. Ақуыздар организм құрамының ең маңыздысы, олар өсімдіктер мен жануарлардың клеткаларының протоплазмасында және ядросында болады. Ақуыз жоқ жерде тіршілік жоқ, ол – тіршіліктің негізгі нышаны.

Табиғатта ақуыздардың көптеген түрлері кездеседі. Олардың атқаратын функцияларына және қасиеттеріне байланысты молекулалық массалары бірнеше мыңнан бірнеше миллионға дейін барады.

1839 жылы Голландия ғалымы Мульдер ақуыздарды «протеин» деп атауды ұсынған.

Ақуыздар бұлшық еттердің, қанның, сүттін, жұмыртқаның, өсімдіктердің, жүннің, жібектің және шаштың құрамына кіреді. Барлық ақуыздардың химиялық құрамы шамамен мынадай:

С- 50- 55 %

S- 0,2- 2,4 %

Н- 6,5- 7,3 %

О- 21,5- 23,5 %

N- 15- 35 %

Р- 0,8 %

Ғе- 0,4 %

Соңғы кезде ақуыздың құрамында басқа да элементтер (магний, кобальт, сынап, күміс, қорғасын, йод, мыс, т.б.) болатыны анықталған.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Аминдердің номенклатурасы және структурасы.

2. Аминдердің физикалық қасиеттері.

3. Аминдердің химиялық қасиеттері. Аминдерді алу және қолданылуы.

4. Мына аминдердің формулаларын жазу керек: а) метилэтил амин; ә) диметил амин; б) анилин; в) 1,4-диаминобутан; г) метанитроанилин.

5. Амин құрамында 53,33% С, 31,11% N және 15,56% H болса, амин формуласы қандай болады?

6. Пара- нитротолуолға сутегімен (катализатор қатысында) әсер еткенде түзілетін заттың атын атап, формуласын жазу керек.

7. Амин қышқылдарын алу, қасиеттері. Ақуыз, қасиеттері.