КОРЕЯ БАСПАСӨЗІНІҢ БОСТАНДЫҚҚА ШЫҒУЫ


1945 жылғы одақтастардың екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңісінен кейін Корея елі де тәуелсіздікке қол жеткізді. Бірер аптаның ішінде 68 газет дүниеге келді. Біршама газет коммунистердің қолдауымен шығып тұрды. Басылымдардың күшейуі және мемлекеттің ішкі саясатын насихаттау үшін 1946 жылы Америка әскери  басшылығы  №  88  жарлықты  жария  етті.   Бұл  жарлық солшыл басылымдардың тамырына балта шапты.

Корей баспасөзінің қарқынды дамыған кезеңі деп 1960-61 жылдарды атауға болады.

Ли Син Ман биліктен кетіп, сөз жүзінде болса да баспасөз еркіндігі жарияланып, күнделікті газеттердің саны қауырт өсті.

1961 жылғы әскери төңкеріс қуанышты ұзаққа созбады. Жаңа үкіметтің алғашқы бұйрықтарының бірі көптеген басылымдарды жабу болды. Бұдан кейін ұзақ уақыт бойы бұқаралық ақпарат құралдары авторитарлық әскери режим жағдайында өмір сүрді. 1991 жылы бәсекелестіктің қыспағына шыдай алмаган 12 газет жабылып қалды.

Корей елінде де «сарыжағал» баспасөз деген термин өмірге еніп, жастардың санасын жаулап алуға тырысуда. Айшықты айдармен, өсек-аяңмен, «жалаңаш» суреттерменен назар аударту, әсіресе, спорттық басылымдарға тән болған көрінеді. Осыған орай, 1990 жылы этика жөнінде комиссия спорттық басылымдарга ескерту жасаған.

Демократиялық тенденциялардың қарқын алуы, саяси реформалардың өмірге енуі - корей журналистикасының «бет-бейнесін» өзгертті. Жаңа типті тәуелсіз газеттің жарқын үлгісі ретінде 1988 жылы «Хангере синмун» газеті жарыққа шықты.

Газеттердің негізгі табыс көздері - жазылу мен жарнама (-30:70).

«Тона ильбо» және «Чосон ильбо» атты көне газеттердің таралымы миллионнан асады. Негізінен жазылу арқылы таралады.

Газеттер басқа тақырыптарға қарағанда саяси хабарларға баса назар аударады. Күнделікті газеттердің 48 пайызын осындай жаңалықтар құрайды.

Көпшілік газет компаниялары өз басылымдарының таралымы туралы мәліметті жарияламауға тырысады. Ресми емес есептеу орталықтарының мәліметтеріне жүгінсек, 1988 жылы газеттердің жалпы таралымы 13 млн. данаға жеткен, 100 адамға шаққанда 31-ден келеді екен.

1989 жылдың мамыр айында корей газеттерінің таралымын бақылау бюросы құрылды, толық жинақталған алғашқы мәліметтер 1991 жылдан бастап жариялана бастады.

Оңтүстік Кореядағы экономикалық жағдайлардың жақсаруы ақпарат құралдарына да игі әсерін тигізді. Газеттер компьютермен толық жабдықталды.

Басылымдардың   көбеюі,   полиграфиялық   базаның   күшеюі  журналистика саласында бәсекелестікті тудырды. Оқырман үшін күрестің нәтижесінде газеттер түрлі жаңалықтар енгізді.

Корей газеттері дәстүр бойынша дүйсенбі күндері шықпайтын.  1989 жылдың шілдесінен бастап ықпалды «Хангун ильбо» газеті бұл дәстүрді бұзды. Газеттердің сенбілік қосымшалары да 1990 жылы ғана пайда болды. Ро Дэу президент болып сайланғаннан кейін көптеген газет, журналдар жарық көрді. 1987 жылы  елде 30 күнделікті газет шықса, 1988 жылы 39-ға жетті, ал 1991жылы олардың саны 81 болды. Ал журнал типтес басылымдардың саны 1991 жылы 5183 болыпты.

Бұл мемлекетте орталықтан басылатын «Тона ильбо», «Чосон ильбо»,  «Чупан ильбо»,  «Ханчук ильбо», «Сеул синмун» және «Кенхян синмун» атты алты күнделікті газет жарық кореді.

Ағылшын тілінде шығатын «Корея таймс» пен «Хангук ильбо» - жеке иеліктегі газеттер. Әр провинцияда бір немесе  бірнеше күнделікті газеттер шығып тұрады.