ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫ ӨНДІРІСТЕ АЛУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ШИКІЗАТТАРЫНЫҢ ТАБИҒИ КӨЗДЕРІ


Тұрмыста, өндірістерде және зертханаларда қолданылатын барлық органикалық заттарды үш негізгі табиғи шикізат көздерінде (табиғи газ, мұнай және тас көмір) болатын көмірсутектерден алады.

Табиғи газ негізінен метаннан тұрады, құрамында біраз этан, пропан, бутан кездеседі. Табиғи газды өндірісте өңдегенде: а) ацетилен алынады:

Сонымен бірге, қарапайым оттегісі бар қосылыстар ә):

және б) синтез-газ алынады:

Табиғи газдың басты артық жері – өздік құнының төмендігі.

Тас көмір – ароматты қосылыстардың бағалы табиғи көзі. Оны кокстегенде кокс, кокс газы және бензол, пиридин, фенол, нафталин және олардың гомологтары бар тас көмір шайыры түзіледі.

Мұнай – органикалық қосылыстардың маңызды көзі, ол көмірсутектердің (алкандар, циклоалкандар, ароматты көмірсутектер) күрделі қоспасы. Шығатын жеріне байланысты бұл компоненттердің қатынасы кең дипазон арасында өзгеріп атырады. Мұнайды физикалық және химиялық әдістермен өңдейді. Физикалық әдісте айдау арқылы қоспаны фракцияларға бөледі, сонда әр түрлі отындар алынады: бензин, лигроин, керосин, дизель отыны, мазут.

Химиялық өңдеу (крекинг, пиролиз, ароматтау) арқылы бағалы өнімдер алынады:

Крекинг – мұнайды қатты қыздыру арқылы (5000С) катализатор қатысында (каталитикалық крекинг) не катализаторсыз (термиялық крекинг) жоғарғы көмірсутектерді төменгі көмірсутектерге айыру:

СnH2n+2 → CmH2m + Cn-mH2(n-m)+2

Қатты қыздырған кезде (700-9000С) мұнайдың пиролизі жүреді, яғни крекингке қарағанда тереңірек айрылу процесі, қарапайым көмірсутектер (этилен, бензол, толуол) түзіледі.

Мұнайды ароматтандыру ауа қатысынсыз, катализатор қатысында қатты қыздырғанда (5000С) жүреді, сонда қаныққан көмірсутектер ароматты көмірсутектерге айналады:

Химия өнеркәсібінде осы табиғи көздерден алынған көмірсутектер мына заттарды синтездеуге қолданылады: пластмассаларды, синтетикалық каучукті, химиялық талшықтарды, синтетикалық отындарды, бояуларды, фармацептикалық дәрі-дәрмектерді, химиялық реактивтерді. Қазіргі кезде барлық органикалық қосылыстардың 90%-ын мұнайдан алады. Осы заттардың бәрі де өте қажет, соның ішінде әсіресе полимер.