ГЛОССАРИЙ


Алкилсутегі атомын бөлгеннен кейінгі түзілген көмірсутек қалдығы;

Ассиметриялық орталық 4 әр түрлі көміртек атомымен байланысқан көміртек атомы;

Атомхимиялық элементтің қасиетін сақтайтын ең кішкене бөлшек;

Атомдық орбитальатомдағы электронның толық толқындық функциясы Валентті электрондархимиялық байланыс түзуге қатысатын электрондар;

Гетеролиттік реакцияковалентті байланысты гетеролитті бөле жүретін реакция;

Гибридтелуәр түрлі типтегі атомдық орбиталдардың комбинация араласуы») нәтижесінде түзілген эквивалентті орбиталдар;

Гомологтық қатар – СН2 топ санына айырмашылығы бар химиялық қасиеттері ұқсас және құрылыстары бір текті органикалық қосылыстар; Гомологтық реакция – ковалентті байланыстың гомолитикалық бөлінуі нәтижесінде жүретін реакциялар;

Донорно-акцепторлық ковалентті байланыс – бір атомның бөлінбеген (қос электроны) және екінші атомның бос орбиталдары арқылы түзілген байланыс;

Изотоптар – ядро зарядтары бірдей, бірақ массалық мәндері әр түрлі атомдар;

Изомерлер – атомдық массалары және құрамдары бірдей, бірақ құрылыстары әр түрлі, сондықтан қасиеттері де әр түрлі болатын бірнеше химиялық қосылыстар;

Индуктивті эффект – атомдардың әр түрлі электртерістігіне байланысты сигма-байланыс тізбегі бойымен электрондардың әсерін беру нәтижесінде жүретін құбылыс;

Ковалентті байланыс – екі атомның электрондар жұбы арқылы түзілетін байланыс;

Конфигурация – стереоизомерия түзілуіне әкелетін кеңістіктегі атомдардың орналасуы;

Конформациибұралатын изомерлер, олар жай байланыс айналасында топтардың айналуы әсерінен пайда болады;

Массаның атомдық бірлігі12С көміртегі атомының 1/12 массасына тең шартты бірлік;

Мутаротация - оптикалық активті қосылыстардың жаңадан жасалған ерітінділерінің меншікті бұралу бұрышының алғашқы мәнінің тұрақты мәнге дейін өзгеруі нәтижесінде моносахаридтердің 5 таутомері арасында динамикалық тепе-теңдікттің орнауы;

Нуклеофильді реакция – реагенттің электрондары арқылы жаңа байланыс түзілуге әкелетін реакция;

Нуклеофильді реагенттербос электрон жұптары бар аниондар не молекулалар;

Органикалық қосылыстар - бір-бірімен не басқа элементтер атомдарымен ковалентті байланыс арқылы қосылған көміртек қосылыстары;

Полипептидтер – амин қышқылдары конденсациясының өнімі;

Радикал – көмірсутектерден бір не бірнеше сутегі атомдарын алып тастағаннан соң пайда болатын қалдық;

Стереоизомерлер – химиялық құрылыстары бірдей, бірақ кеңістіктегі орналасулары әр түрлі қосылыстар;

Электрофильді реакциялар – субстраттың электрондары арқылы жаңа байланыс түзе жүретін реакциялар;

Электрофильді реагенттертолтырылмаған электрондық орбиталдары бар катиондар не молекулалар;

Функционалды топтарберілген қосылыстың қасиетін сақтайтын молекуланың структуралық фрагменті;

Химиялық номенклатура – индивидуальды химиялық заттардың, олардың топтарының және кластарының атаулары, сонымен бірге олардың аттарын құрастыратын ережелер.