ТЕЗАУРУСТЫҚ ТЕКСЕРУГЕ АРНАЛҒАН (ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІҢ) СҰРАҚТАР МЕН ЕСЕПТЕР


1. Потенциометриялық анализ әдісі қай теңдеуге негізделген?

2. Нернст теңдеуі қандай тәуелділікті көрсетеді? Оған кіретін шамалардың мәндерін түсіндіріңдер.

3. І және ІІ текті электродтар түрлері. Мысал келтіріңдер.

4. Индикаторлық және салыстырмалы электродтардың атқаратын қызметі және оларға қойылатын талаптар.

5. рН анықтау үшін қандай индикаторлық электродтар қолданылады?

6. Шыны электродының құрылысы, оның артықшылықтары мен кемшіліктері.

7. Егер 10,00 мл сірке қышқылын 0,1М КОН титрлегенде мынадай нәтижелер алынған болса,

I вариант: V(KOH), мл 15,00 18,00 19,00 20,00 20,00 21,00

рН 5,22 5,71 6,04 8,79 11,22 11,56

IIвариант: V(KOH), мл 10,00 13,00 14,00 15,00 15,00 16,00

рН 5,05 5,56 5,88 8,82 11,29 11,58

рНV және ΔрН/ΔVV координаталарында потенциометриялық титрлеу қисықтарын сызып, сірке қышқылының концентрациясын анықтандар

Жауабы: 1) 12,01г/л 2) 9,01г/л

8. Калий тұзының стандартты ерітіндісіндегі калий концентрациясына тәуелді электродтың потенциалын хлоркүміс электродына қатысты өлшегенде мыңадай мәндер алынған:

С(К+),моль/л 1,010-1 1,010-2 1,010-3 1,010-4

Е,мв 100 46 7,00 60,0

Осы мәндерін пайдаланып ЕС(К+) координатасында градуирлік график құрылған.

Массасы 0,2000г калий бар үлгіні суда ерітіп, көлемін Vмл жеткізген соң Ех өлшенеді.

Вариант 1 2 3 4

V,мл 100,0 250,0 500,0 1000

Ех,мВ 60,0 34,0 10,0 30,0

Осы мәндерді пайдаланып, сынамадағы тұздың пайыздық мөлшерін анықтаңдар:

Жауабы: 1) 34,80% 2) 27,47% 3) 19,55% 4) 6,94%

9. Анализдейтін тұз қышқылы ерітіндісін 100,0 мл өлшегіш колбада сұйылтып, 20,00 мл аликвотын 0,1н NaOH-пен титрлегенде алынған мәндер бойынша ерітіндідегі қышқыл массасын анықтаңдар:

вариант 1

V(NaOH) 1,50 1,80 1,90 1,95 2,00 2,05 2,10

pH 2,04 2,05 2,26 2,64 6,98 10,53 10,65

вариант 2

V(NaOH) 1,30 1,50 1,60 1,65 1,70 1,74 1,80

pH 1,78 3,03 3,34 3,64 6,98 10,36 10,65

10. Е V және ΔЕ/ΔV V координаталарында потенциометриялық титрлеу қисықтарын сызып, Трилон Б – концентрациясын (г/л) анықтаңдар, егер оның 20,00мл аликвотын 0,1н Mg(NO3)2 титрлегенде, мына мәндер алынса:

11.

V (Mg(NO3)2,мл 10,00 15,00 18,00 19,00 20,00 20,50

Е,мв 501 526 552 570 704 757

12. 5мл натрий гидроксидін потенциометриялық титрлегенде эквиваленттік нүктеде 10,5 мл 0,1н HCl жұмсалған. Анализденетін ерітіндіде (г/л) қанша NaOH бар?

13. 0,2н сірке қышқылының (Кд = 1,8510-5) рН-ын анықтандар.

14. Егер 20,00 мл күміс нитратын потенциометриялық тирлеуге 21,64мл 0,05н натрий хлориді жұмсалса, 1л ерітіндіде қанша грамм күміс бар?

15. Комплекс түзуші ионның ерітіндіде болуы электрод потенциалына қалай әсер етеді?

16. Егер 15 мл анықталатын заттар ерітіндісіне бірінші эквиваленттік нүктеде 6,8мл, ал екінші эвиваленттік нүктеде 9,4мл 0,1н күміс нитраты жұмсалса, ерітіндіде неше грамм хлор, неше грамм йод бар?

17. Техникалық натрий гидроксидінің 0,3251г үлгісін 100мл өлшегіш колбада еріткен, оның 25,00мл-ін потенциометрлік тирлеуге 18,80мл 0,1н HCl жұмсалса, үлгідегі натрий гидроксидінің проценттік мөлшері қанша?

18. 0,5950г үлгіні ерітіп, темірді екі валентті күйіне дейін тотықсыздандырып, көлемін 100мл жеткізген. Оның 10,00мл потенциометриялық титрлеуге титрі 0,002857г/мл калий бихроматының 12,65мл жұмсалған. Үлгідегі темірдің проценттік мөлшерін анықтаңдар.

19. Вольтамперметриялық қисықтан Е1/2 қалай анықталады? Кадмий үшін Е1/2 мәні мына орталарда 1М KCl және 1М NH3 бірдей ме? Егер CdSO4 концентрациясын азайтса, диффузиялық ток қалай өзгереді?

20. Вольтамперометрияда неге ток күші шекті мәнге жетеді? Оның мәні қандай факторларға тәуелді?

21. Висмут(ІІІ) ЭДТА ерітіндісімен титрлегенде, Е = 0,2В тек катодта висмут(ІІІ) тотықсызданады, амперометриялық титрлеу қисығын сызыңдар.

22. Магнийді оксихинолинмен титрлегенде алынатын амперометриялық титрлеу қисығын сызыңдар, егер тек титрант катодта тотықсызданатын болса.

23. Қорғасынды(ІІ) дихроматпен титрлегенде, Е = 0,8В катодта қорғасын да, титрант та тотықсызданады. Амперометриялық титрлеу қисығын сызыңдар.

24. Градуирлік график сызу үшін мыстың төрт стандартының полярограммасын жазып, толқын биіктігін өлшеген:

CCu, 103, г/мл 0,50 1,00 1,50 2,00

h,мм 9,0 17,5 16,2 35,0

Массасы m жез үлгісін ерітіп 50,00мл өлшегіш колбаларда сұйылтқан. Егер үлгілердегі мыс полярогрммасында толқын биіктіктері мына мәндерге тең болса, оның массалық үлесі қанша екенін есептеңдер.

Вариант 1 2 3

m, г 0,0690 0,1000 0,1200

h,мм 11,0 18,0 23,0

Жауабы:1) 44,93% 2) 52,00% 3) 55,00%

25. Неге амперометриялық титрлеу индифферентті электролит-фон қатысында жүреді?

26. Ерітінді кедергісін, электрөткізгішітігін есептейтін формулаларды жазыңдар.

27. Меншікті электрөткізгіштіктің, эквиваленттік электрөткізгіштіктің концентрацияға тәуелдігінің қисықтарын сызыңдар.

28. Тұз қышқылын натрий гидроксидімен кондуктометриялық титрлегенде қандай қисық алынады?

29. Барий хлоридін натрий сульфатымен; күміс нитратын барий хлоридімен; сірке қышқылы мен тұз қышқылының қоспасын натрий гидроксидімен тирлегенде алынатын кондуктометриялық қисықтарын сызыңдар.

30. Кондуктометриялық титрлегенде қолданылатын кестені көрсетіңдер.

31. Кондуктометриялық анализ негізі неде? Ерітіндідегі иондардың қозғалғыштығы қандай факторларға байланысты?

32. Кондуктометриялық титрлеу әдісі қандай тәуелділікке негізделген:

а) ток күші – титрант көлемі;

б) эквиваленттік электр өткізгіштік – анықталатын зат концентрациясы; в) меншікті өткізгіштік – титрант көлемі;

г) анықталатын ион қозғалғыштығы оның концентрациясы?

33. а) Қышқылдық-негіздік әрекеттесу; б) тұнбаға түсу; в) комплекс түзу реакцияларын қолданғандағы кондуктометриялық титрлеу қисықтыры қандай?

34. Қай ерітіндіні а) HCl+H2SO4; б)HCl+CH3COOH; в) H2SO4+CuSO4; г)H2SO4+Na2SO4 натрий гидроксидімен кондуктометриялық титрлеп, екі компонентті де анықтауға болады?

35. 50,00мл NaOH пен NH3 қоспасын 0,01М HCl титрлегенде, мынадай мәндер алынған

V (HCl), мл 0 1,00 2,00 3,00 4,00 5,00 7,00 10,00

N 1 ерітінді 6,30 5,41 4,52 3,62 3,71 4,79 6,93 15,13

N 2 ерітінді 5,68 4,46 3,20 - 3,00 3,84 5,50 14,55

N 3 ерітінді 6,60 5,98 5,30 4,68 4,05 - 5,70 16,20

Титрлеу қисықтырын сызып, NaOH пен NH3 концентрацияларын анықтандар.

Жауабы: 1) 0,02800г/л NaOH; 0,01363г/л NH3; 2) 0,02400г/л NaOH; 0,01669г/л NH3; 3) 0,0400г/л NaOH; 0,008852г/л NH3.

36. Бугер-Ламберт-Бер заңын қандай теңдеу арқылы көрсетуге болады? Осы заңға сәйкес график қалай сызылады?

37. Фотоколориметрде жарық фильтрлері не үшін қолданылады? Оларды қалай таңдайды?

38. Дифференциалды фотометрияның артықшылығы неде?

39. Қандай жағдайда фотоэффект байқалады?

40. Спектрдің қай бөлігі көрінетін аймаққа жатады?

41. Фотоколориметр әдісінде сезімталдықты қай шамаға сүйеніп анықтайды?

42. Спектрофотометрия мен фотоколориметрияның айырмашылығы?

42. Мыс(ІІ) дитизонатының CCl4 ортада 550нм молярлық сіңіру коэффицентті e = 4,52×104. Егер 1,00г мыс балқымасын ерітіп, 25,00мл дитизонатты 1 = 5,0см кюветада өлшегенде А=0,02 оптикалық тығыздық болса, мыстың массалық үлесін есепте. Жауабы:1,410-5%

43. Ион алмасу хроматографиясы дегеніміз не?

44. Иониттер, жіктелуі, ион алмасу процестері

45. Алмасу сыйымдылығы дегеніміз не және оның қолданылуы?

46. Жұмысшы алмасу сыйымдылығы

47. Толық алмасу сыйымдылығы

48. Анықтама беріңдер:

a) Иониттің статикалық алмасу сыйымдылығы

б) Иониттің динамикалық алмасу сыйымдылығы

49. Қай алмасу кестесі бойынша ерітіндінің қышқылдығын төмендетуге болады?

а) RK + NaCl → RNa + KCl

б) ROH + HCl → RCl + H2O

в) 2RCl + H2SO4 R2SO4 +2HCl

г) 2RNO3 + BaCl2 2RCl + Ba(NO3)2

50. Сандық анализдегі ион алмасу хроматографиясы

51. Егер KMnO4 ерітіндісі концентрациясын 3 есе азайтса, оптикалық тығыздық (А) және ерітіндінің өткізгіштігі (Т, коэффициенті) қалай өзгереді?

52. Егер жарық жұту қалыңдығын арттырса (кювета қалыңдығы), оптикалық тығыздық (А) және ерітіндінің өткізгіштігінің коэффициенті (Т) қалай өзгереді?

53. Кобальт(ІІ) қосылысының 10-4моль/л концентрациясын анықтау үшін қай қосылысты Co(SCN)42- (ε620 = 103) немесе Co(Н2О)62+ (ε530 = 10) таңдайды?

54. Висмут(ІІІ) ерітіндісін тиомочевинамен λ = 470нм ұзындықта фотометриялауда, егер ε = 9∙103 болса, ал λ = 322нм ұзындықта ε = 3,5∙104 болса, қай жағдайда анықтау шегі төмен болады?

55. Мыс (ІІ) аммиакаты ерітіндісін фотометриялағанда А – СCu арасында сызықты тәуелділік алу үшін қандай шарттарды сақтау қажет?

56. Егер ерітіндіні сұйылтқанда диссоциация жүрсе:

Fe(SCN)3 Fe(SCN)2+ + SCN-

А – С тәуелділігінде сызықтық байланыс сақтала ма? Түсіндіру керек.

57. Титанды сутегі пероксидімен фотометриялық анықтағанда

(ε410 = 720) қандай оптималды жағдайлар (кювета қалыңдығы, l және концентрация, С) қажет екендігін ұсыныңдар.

58. 9,6г/л Cu2+ бар мыс(ІІ) аммиакаты ерітіндісінің кювета қалыңдығы 2,0см болғандағы оптикалық тығыздығы 0,127 болса, оның ерітіндісінің молярлы жарық жұту коэффициенті қанша болады? Жауабы: 423,3.

59. Cu2+ бар мыс(ІІ) аммиакаты ерітіндісінің кювета қалыңдығы 2,0см болғандағы оптикалық тығыздығы 0,254 болса, оның ерітіндісінің молярлы жарық жұту коэффициенті ε = 423,3 болса, ерітіндідегі мыс концентрациясы (моль/л және мг/л) қанша болады? Жауабы: 3∙10-4 моль/л; 19,2мг/л.

60. 10г сынаманың 1 грамын 100мл-лік өлшегіш колбада еріткен. Алынған ерітіндінің кювета қалыңдығы 3см болғандағы оптикалық тығыздығы 0,675 және ε = 4,5∙104 болса, сынамадағы мыстың пайыздық мөлшері қанша болады? Жауабы: 3,2∙10-3 %.