VISUAL BASIC 6.0. Визуалды бағдарламалау жүйесі. Өңдеудің интеграцияланған ортасы


Білім мен білікке қойылатын талаптар: Студенттерде визуалды бағдарламалау туралы түсінігі болу керек, интерфейс жүйесінің құрамын білулері керек, қосымшалардың өңдеуінің негізгі кезеңдерін тексеру, бағдарлама терезесін өңдеу және жобалардың файлдарын сақтай білу керек.

Интергралданған ортаны оқып меңгеруге алдында визуалды бағдарламалау технологиясының түсінігін қалыптастыру қажет.

GUI (G zaphical User Interface)- сы бар Windows 3x/95/…/XP типті опреациялық қабшықтарының пайда болуы демек, пайдалануының графикалық интерфейсі, оның ішінде басқарудың стандартты элементтері қолданатындары, келесідей терезе, батырмалар, тізімдер, аймақтар, т.б. қолданушыға бағдарламаларды өңдеуге кәдімгідей қиыншылық туғызады.

Біріншіден, қандай болсын қосымша Windows-тің каналдар бізге бағынуы керек, пайдаланушының интерфейсін безендіру тұрғысында, оның жұмыс алаңы дисплейдік экраны емес, экранда қозғалатын және өзінің өлшемдерін өзгертетеін типті терезе, ол басқару элементтерінің көп санымен қамтамасыздандырылған. Екіншіден, Windows ортада жұмыс істеу үйреншікті процедуралық- бағытталған схемалардан бас тартуға ұйғарған, онда қосымшалардың әрекеттерінің реттері қатаң түрде бағдарланған. Windows басқаруымен орындалатын қолданбалы бағдарламалар процедуралар жиынтығы ретінде ұйымдастырылған, олар өздеріне адерстелген хабарларға жауап береді. Сонымен, уақиғалық- басқарушы бағдарламаларда әр қадамға мінездеме берудің орына тек қана әр уақиғаға қалай жауап беруі көрсетіледі; команда таңдау, терезедегі тышқанның батырмасының шартымен, тышқанның жылжуымен. Кейбір уақиғаларға жауап беріп, кейбіріне көңіл аудармауға да болады. Үлкен бағдарлама құралмайды оның орнына Windows  қосымшасы ол өзара қарым-қатынасты микробағдарламалардан тұрады (процедуралардан) олар пайдаланушымен басқарылады. Ең алғашқы Visual Basic жүйеде Windows қосымшаларды құруына біткен түрде визуалды көзқарас Microsoft фирмасымен іске асырылған. Визуалды ортаның арқасында қосымшаға қандай болсын объекті ендіруге болады, оған керекті қасиеттерді тіркеп, пайда болған уақиғаларға сай объектінің жүріс-тұрысының схемасын қалыптастыруға болады.

Visual Basic қосымшаларының өңделуі келесі этаптардан тұрады:

  1. Бағдарламаны ойға салу (бағдарлама нені жасауы керек, қандай есептер шығарады, оларды ойлы түрде іске асыру, деректердің, құрылымын ойға салу т.б.)
  2. Интерфейсті жобалау, яғни қажетті басқарушы элементтерді, батырмалар, тізімдер, т.б. пішінге ораластыру.
  3. Бағдарламалық кодты жазу, ол пішінге орналастырылған басқарушы элементтерді біріктіреді.
  4. Бағдарламаны өңдеу. Бұл кезең келесі кезеңдерге қарағанда көп уақыт алады.
  5. Соңғы компилиция және керек болса дистрибутивті құру (демек setup.exe тұрақталған файл).

Бұл кезеңдердің барлығын еске сақтаған жөн, себебі олар кез-келген бағдарламаны жазуға пайдаланылады. Кезеңдердің тәртібінің мәні өте зор. Мысалы, бағдарлама кодын алдымен жазып, содан кейін пайдаланушының интерфейсін өңдеуге болмайды (мысалы, бағдарламының интерфейсі болмаса, немесе интерфейске тәуелсіз бағдарлама немесе процедура жазсаңыз, осы сияқты жағдайлар болуы мүмкін).

Ары қарай тікелей интегралданған ортаның өңдеуін оқуға кірісуге болады. Интегралданған IDE (Integrated Development Environment) өңдеуші ортасы- ол бағдарлама құруға қатысатын құралдар жиыны және жұмыс орны.

Визуалды ортаның неігзгі элементтері дисплей экранында бағдарламаау ортасын қосқаннан кейін шығады. Саны онға жетерлік жасырын және көмекші терезелер қажет болған жағдайда шақырылады.

Visual Basic ортасымен танысуды Студенттерге таныс Windows- қосымшалары интерфейстері (MS Word, MS Excel) оқу технологиясында практикалық жұмыстарды орындағандай етіп таныстыруға болады.

Жұмыс технологиясы

1.            Visual Basic-ті іске қосыңыз:

Пуск Программы - Microsoft Visual Basic 6.0. -  Visual Basic 6.0.

2.Пайда болған терезеден бағдарламаның стандартты интерфейсін құру үшін Standart.exe таңдаңдар.

3.            Терезенің жоғарғы жағында ашылатын меню сызғышы сияқты барлық  Microsoft қосымшаларында ашылатындай басты меню орналасқан. Терезе келесі негізгі командаларды құрайды: File (Файл), Edit (Правка), View (Вид),  Project (Проект), Format (Формат),  Debug (Отладка), Run (Запуск), Query (Запрос), Diagram (Диаграмма), Tools (Сервис),  Add-Ins (Надстройки),  Windows (Окно),  Help (Справка).

4.  Тапсырма: жиі қолданатын командаларды қарастырып, кестенің оң жақ бөлігіне өз беттеріңмен толтырыңдар.

1.1. -кесте. File менюі командалары

Команда

Мәні

New Project  (Жаңа жоба)

 

Open Project (Жобаны ашу)

 

Save Project (Жобаны сақтау)

 

Save Project As (Жобаны қалай сақтау)

 

Save <имя формы> (Пішінді сақтау)

 

Save <имя формы> As (Пішінді қалай сақтау)

 

Print (Баспаға жіберу)

 

Print Setup (Баспаға жіберуді баптау)

 

Make <имя проекта>.exe (Жобаның Ехе-файлын құру)

 

Exit (Шығу)

 

 

1.2.-кесте. Edit менюі командалары

Команда

Мәні

Undo (Отменить/Болдырмау)

 

Redo (Повтарить/Қайталау)

 

Cut (Вырезать/Қиып алу)

 

Copy (Копировать/ Көшіру)

 

Paste (Вставить/Қою)

 

Remove (Переместить/Жылжыту)

 

Delete (Удалить/Өшіру)

 

 

1.3.- кесте. View менюі командалары

Команда

Мәні

Code (Код)

 

Object (Объект)

 

Project Explorer (Жоба бағыттаушы)

 

Properties Window (Терезе қасиеті)

 

Form Layout Window (Пішін макетінің терезесі)

 

Toolbox (Құралдар тақтасы)

 

Color Palette (Түс палитрасы)

 

Toolbars (Құралдар тақтасы)

 

 

1.4.- кесте. Project  менюі командалары

Команда

Мәні

Add Form (Пішінді қосу)

 

Add Module (Модульді қосу)

 

Components (Компоненттер)

 

 

1.5.-кесте. Run менюі командалары

Команда

Мәні

Start (Жіберу)

 

Start with Full Compile (Толық компиляциямен жіберу)

 

Break  (Тоқтату)

 

End  (Соңы)

 

Restart  (Қайта іске қосу)

 

   4. Басқа қосымшалардағыдай баптауға болатындай меню жолының астында Standart құралдар орналасқан.

   Тапсырма: Енгізілген көмекті пайдаланып, Standart құралдар қатарындағы құралдардың мәнін анықтаңдар.

   5. Visual Basic IDE терезесінің ортасында пішін дизайнерінің терезесі орналасқан. Бұл терезеде бағдарлама интерфейсін құруға арналған негізгі әрекеттер орындалады.

   6. Сол жақта компоненттер терезесі орналасқан. Элементтер тақтасы белгішесі басқару элементтерін ұсынады. Бағдарламаның графикалық бөлігі қолданушының графикалық интерфейсі (Graphical User Interface) деп аталады.

   7. Пішін терезесінің оң жағында қасиеттер терезесі орналасқан. Қасиеттер терезесінде бас кезінен пішін қасиеті ұсынылған.

   Тақырып қатарының астында орналасқан тізімдер өрісі қажетті басқару элементін таңдауға мүмкіндік береді. Төмен орналасқан тізімде- осы элементтің қасиеттер берілген (альфавит бойынша-1 қосымша, немесе категория бойынша 2-қосымша). Қасиеттерді өңдеу үшін қолмен немесе тізімнен сәйкес өрісті таңдау арқылы орындалады.

   8. Project жобасының бағыттаушы терезесі Windows жүйесінің бағыттаушына ұқсас болып келеді және таңдаған жобаның құрамын және қасиетін оңай әрі тез қарап шығуға, егер бірнеше жоба бірден ашылған болса жобалар арасында ауысуға, бір жоба терезесіндегі қажетті объектінің көшіріп келесі жоба терезесіне орналастыруға болады.

   Жоба бағыттауышын View (Вид) - Project Explorer (жоба бағыттауышы) командасы арқылы шақыруға болады.

   Жоба бағыттауышы терезесінің құралдар панелі келесі мәнге ие үш батырмадан тұрады.

 

Батырма

Мәні

Бағыттауыштан таңдалған объектінің бағдарламасының коды, редакторы.

Таңдалған объектіні пішіндер конструкторында ашылады.

Қапшықтар бейнелерін қосады/өшіреді.

 

   Тышқанның оң жақ батырмасын басқанда бағыттауыш терезесінде басқа объектілердің басқару элементтері пішінді қосуға, өшіруге, кішірейтуге, сақтауға арналған командалары бар контекстік меню пайда болады. Контекстік менюде бағыттауыш терезесінің батырмалар әрекетінің төлнұсқалары берілген.

   9. Form Layout (пішін макеті) пішін макетінің терезесі View (Вид) - Form Layout Window командасы арқылы шақырылады. Бұл терезеде жобалап жатқан пішінді кішірейтілген кескін бейнесінде, бұл пішін қолданбада орындалып жатқан кезде қалай бейнелетінін экран маниторында көрсететіні сияқты бейнеленеді. Пішін мөлшері Form Layout макет терезесінде манитордың кескін пропорционал мөлшерде осы терезеде яғни барлық нақты пропорциясы нақты сақталған түрде берілген.

1.1.-кесте 1.1. Visual Basic ортасында құрылатын бас жобаның файлдары

Файлдың аты

Мөлшері

Файлдың мазмұны

Form1.frm

496

Бағдарлама мәтіні және пішіні сипаттамасы берілген файл

Project1.exe

16.384

Орындалып жатқан файл қосымша. Ехе-файл құру үшін, File- Make Project 1.exe командасын орындау қажет

Project1.vbp

582

Жоба файлы

*.bas

 

Кластардың, әр модульдердің файлы

.*ocx

 

Басқару элементтер қосымша элемент беруінің файлдары

   Ехе файлдың басқа компьютерде жұмыс істеу үшін Visual Basic 5.0/ Visual Basic 6.0 жүйесіне кіретін және С:/ Windows/ System каталогында орналасқан - Windows құрамында MSVBVM50.DLL/MSVBVM60.DLL динамикалық кітапханасы болуы.