Басқару элементтері. Базалық элементтер


Білім мен білікке қойылатын талаптар: Студенттер базалық компоненттердің тағайындалуын және олардың қасиетін, оқиғасын және тәсілін білуі қажет. Оларды қойылған есептерді шешуде пайдалана білуі қажет.

 Базалық элементтер: Frame, Label, Textbox, CommandButton, CheckBox, OptionButton. Тағайындау, қасиеттер, оқиғалар, тәсілдер.

Сабақ басында пішіннің негізгі қасиеттерін, оқиғалар мен пішін тәсілдерін қайталау. Содан кейін «Базалық элементтер Frame, Label, Textbox. CommandButton, CheckBox, OptionButton. Тағайындау, қасиеттер, оқиғалар, тәсілдер тақырыбын оқып-үйренуге өту». (оқулықтағы 2.3 тақырыпты қара).

Frame элементі. Жақтау 

Frame. Жақтау басқарушы элементі пішінде объектілерді әр түрлі топтарға бөлу үшін қызмет атқарады. Қосқыштарға сәйкес жақтаулар батырмаларға әсер етеді. Пішіннің қалған элементтері үшін жақтаулар объектілер тобына қатынасты реттейтін визуалды бөлгіштер және функциялар рөлін орындайды.

Қасиеттер:

Name               Аты                      Top                        Жоғарғы координата

Back Color      Фон түсі              Left                        Сол жақ координата

Caption            Тақырып             Visible                    Көрінуі

Font                  Қаріп                   Enabled                 Қатынас

Height              Биіктік                Width                     Ені

   Оқиғалар:

Click                 Шерту                 DblClick                Екі рет шерту

Батырмалар

Әр түрлі батырмалар және меню командаларының тағайындалуы бірдей болып келеді – қолданбаның бір процедурасын баптағанда, сол режимді немесе басқа режимді қосу және жылжыту болып келеді (CheckBox,  команданың атауының сол жағында қанат белгі). Көп қолданатындарының меню командаларының қатысуымен жылдам батырмалар қайталанады. Меню командалары және батырмалар арасындағы сәйкестік ортада тіпті компонент атауымен де CommandButton (Командалық батырма) ерекшеленеді.

Кесте. Батырмалар тізбелері және спецификациясы

батырманың белгіленуі

батырманың спецификациясы

 

 

 

 

 

 

 

 

CommandButton

(режим Standart)

CommandButton

(режим Standart)

CheckBox

 

 

 OptionButton

 

жазуы бар кәдімгі батырма

суреті бар, жазуы бар батырма

 

 

сыртқы жазуы бар төрт бұрышты батырма

кейде қанат белгісі болады

сыртқы жазуы бар дөңгелек батырма, кейде ортасында үлкен нүктесі болады




CommandButton элементі (командалық батырма)   әдетте кейбір әрекеттерді екпіндетеді (команданың орындалуын шақырады).

Қасиеттер:

Back Color      Фон түсі              Height                Биіктігі

Caption            Тақырып             Width                Ені

Enabled            Қатынас              Name                Атауы

Font                  Қаріп                   Top                   Жоғарғы координата

Visible              Көрінуі                Left                   Сол жақ координата

   Style (батырманың стилі) – Standard, Graphical.

   Бұл батырмаға тақырыптан басқа бірден үшке дейін батырманың әр түрлі күйінде пайда болатын .bmp, форматындағы кішірек мөлшердегі расторлық суреттерді орналастыруға болады. Ол үшін Style қасиетінде міндетті түрде «1- Graphical» тағайындау керек. Picture, DownPicture, DisabledPicture қасиеттеріне – сурет файлына жол көрсетуге болады.

   Picture – басылмаған батырмаға жапсырылған сурет;

DownPicture – батырмаға басылған кезде шығатын сурет;

DisabledPicturе – батырмаға қатынас жоқ кезіндегі сәйкес келетін сурет.

Командалық батырма қарастырылған оқиғалар: Click (Егер Cancel қасиеті True мәнін меншіктесе, онда оқиға Esc пернесін басқан кезде пайда болады), KeyPress (Пернені басу), GotFocus (Фокусты орнату) және LostFocus (Фокустан шығу), осы оқиғаларды өңдегенде сәйкес процедураларды шақырады.

SetFocus: Тәсілі, меңзерді таңдалған командалық батырмаға орнатуға мүмкіндік береді. Ол курсорды қоюға рұқсат ететін басты батырма:

Синтаксисі: [басты_батырманың аты]. Set Focus

Элементы OptionButton (Қосқышы)  және CheckBox (жалаушасы) .

Аталған батырмалар бір немесе бірнеше мүмкін жағдайларды (CheckBox батырмасы) айғақтайтын қамтамасыз ететін, (OptionButton батырма) мүмкін жағдайлардың бірінтаңдауға мүмкіндік береді.

Қасиеттер:

Back Color      Фон түсі                 Height                Биіктігі

Caption            Тақырыбы             Width                 Ені

Enabled            Қатынас                Name                  Атауы

Font                  Қаріп                     Top                     Жоғарғы координата

Visible              Көрінуі                  Left                     Сол жақ координата

Value     Жағдайы. Мәндерді қабылдайды. True – қосқыш екпінді, дөңгелектің ортасында қалың қара нүкте;  False – екпінді емес.

 

Style (батырманың стилі) – Standart, Graphical – батырманың үстіндегі үш суретке дейін байланыс болуы мүмкін:

Picture – басылмаған батырмаға жапсырылған сурет;

DownPicture – батырмаға басылған кезде шығатын сурет;

DisabledPicturе – батырмаға қатынас жоқ кезіндегі сәйкес келетін сурет.

Батырмаларды біріктіру үшін, пішіндегі Frame (Жақтау) немесе PictureBox(сурет үшін жақтау) контейнеріне батырмаларды орналастыру қажет, контейнерге орналасқан батырмалар автоматты түрде топқа біріктіріледі.

Қосқыш қарастырылған оқиғалар: Click(Шерту), KeyPress(Пернені басу), GotFocus(Фокусты орнату) осы оқиғаларды өңдегенде сәйкес процедураларды шақыратын оқиғаларға әсер етеді.

SetFocus: Әдісі.

               Label (Белгі)    элементі.

Label (Белгі) – мәтіндік ақпаратпен толтырылатын өріс. Түрлі түсініктемелерді қажет етіп тұрған жанына басқа объектілер орналасқан жазбаларды шығару үшін қолданылады.

Қасиеттер:

Back Color      Фон түсі                 Height                Биіктігі

Caption            Тақырыбы             Width                 Ені

Enabled            Қатынас                Name                  Атауы

Font                  Қаріп                     Top                     Жоғарғы координата

Visible              Көрінуі                  Left                     Сол жақ координата

Alignment        Тегістеу                Appearance       Жазбаларды өлшемді немесе  

                                                                                     жазықтықта бейнелейді

Border Style    Жақтау түрі          Back Style           Фон стилі

                             

Auto Size Мөлшерді   автотұрғызу. Caption  (True мәнінде) қасиетімен берілген белгінің өрісі мөлшерін мәтін мөлшеріне сәйкестендіріп өзгертуге, тағайындауға мүмкіндік береді. False мәнінде мөлшері өзгермейді, артық символдар жабылады.

Оқиғалар:

Change() – Label элементінің мазмұнының өзгеруіне әсер етеді.

Click() (Шерту) – элементте тышқанды бір рет шерту.

DblClick() – элементте тышқанды екі рет шерту.

Mouse Down (Button As Integer, Shift As Integer, X As Single, Y As

Single) – жазбада тышқан батырмасын шерткен кездегі пайда болатын

оқиға.

Mouse Move (Button As Integer, Shift As Integer, X As Single, Y As

Single) – жазбада тышқан нұсқағышын жылжытқанда пайда болатын оқиға.

Mouse Up (Button As Integer, Shift As Integer, X As Single, Y As Single)

жазбадан тышқан батырмасын ажыратқан кездегі пайда болатын оқиға.

 

TextBox  элементі (мәтіндік терезе). Ақпаратты енгізу немесе

шығару үшін экранның аймағын анықтайды.

 

Қасиеттер:

Back Color      Фон түсі                 Height                Биіктігі

Caption            Тақырыбы             Width                 Ені

Enabled            Қатынас                Name                  Атауы

Font                  Қаріп                     Top                     Жоғарғы координата

Visible              Көрінуі                  Left                     Сол жақ координата

Alignment        Тегісте            Appearance      Жазбаларды үш өлшемді немесе жазықтықта бейнелейді.

        Border Style    Жақтау түрі          Back Style           Фон стилі

                             

Auto Size               Мөлшерді   автотұрғызу. Caption  (True мәнінде) қасиетімен берілген белгінің өрісі мөлшерін мәтін мөлшеріне сәйкестендіріп өзгертуге, тағайындауға мүмкіндік береді. False Мәнінде мөлшері өзгермейді, артық символдар жабылады.

Max Length                           Максималды ұзындық. Кез келген санды енгізіп және шығаруға мүмкіндік береді, алғашқы келісім бойынша 0 мәнін қабылдайды. Басқа мәндері символдардың мүмкін мәнін анықтайды.

Multi Line                             Бірнеше қатары False (мәтіннің бірқатарын енгізуге

немесе шығаруға мүмкіндік береді) немесе True (мәтіннің бірнеше қатарын енгізуге немесе шығаруға мүмкіндік береді) мәндерін қабылдауы мүмкін. Enter пернесін басқан кезде мәтінді жаңа жолдан жалғастырып теруге болады.

Scroll Bars                            Айналдыру сызғышы. Мәндерді қабылдайды

                                         0 (мәтіндік экранда айналдыру сызғышы жоқ) 1 (көлденең айналдыру сызғышы пайда болады), 2 (тік айналдыру сызғышы пайда болады), 3 (тік және көлденең айналдыру сызғышы пайда болады).

SelLenght                       (Белгіленген символдың саны), SelStart(Белгіленген блоктың басы), SelText(Белгіленген мәтін) бағдарламаның мәтіні жазылып жатқан кезде ғана қатынас болады және қасиеттер тізімінде болмайды. Белгіленген қатардағы белгіленген символдар санын анықтайды, белгіленген блоктың бірінші символының қадамы (0 – бірінші символ, 1 – екінші символ).

   Оқиғалар:

   Change(Өзгерту) Text қасиетін қолданушының немесе бағдарламалық өзгертілуімен шақырады. Әрбір жаңа символдың енгізілуі берілген оқиғаның және оны өңдейтін процедураны шақырылуының берілгенін анықтайды.

   Тышқанмен Click (Шерту) немесе DblClick(Екі рет шерту)  мәтіндік терезеге терезе_аты_Click() немесе терезе_аты_DblClick() оқиғаларын өңдейтін сәйкес процедураларды шақырады.

   GetFocus (Фокусты орнату) және LostFocus(Фокустан шығу) Windows–қосымшаларында әрбір сәтте тек қана бір объект (объект фокуста орналасқан) екпінді болатындығы мүмкін екендігімен анықталады. Бұл компоненттердің жұмыс істеу принципін келесі мысалдардан қарастырамыз.

                      

 

   SetFocus: Әдісі.

1-мысал. Батырманы енгізген кезде мәтін өзгеретін бағдарлама құрыңдар.

Ол үшін пішінге бір батырма және 1 мәтіндік өріс (Caption қасиетін – Менің бірінші бағдарламам деп өзгертіңдер, AutoSize – True, Alignment Center) орналастырыңдар.

Код:

Private Sub Command1_Click()

Label1.Caption = "Енді мен программистпін"

End Sub

Тапсырма:

1.Пішінге Command2_батырмасын орналастырыңдар. Click оқиғасы үшін Command2 батырмасына мынаны көрсетіңдер:

Private Sub Command2_Click()

End

End Sub

2.Command1 батырманың кодын  Command1–ді шерткенде:

a)                        пішіннің түсі;

b)                        батырмасының түсі;

c)                        Command1 пішіннің тақырыбы;

d)                       Command1 - батырмасының атауы;

e)                        Command2 – батырмасының атауын – ШЫҒУ деп өзгеретіндей етіп өзгертіңдер.

2-мысал. Батырмаға суреттер орналастыру.

Пішінге екі батырма орналастырыңдар. Сaption қасиетінде – ештеңе, Style= “1- Graphical ”, Picture қасиетіне – суреттер файлына жол көрсету қажет.

 

 

 

               Код:

(“С:\Windows\Жұмыс үстелі\сабақ_VB_2\Face01.ico”) - сурет файлына жол.

 

Private Sub Command2_Click()

End

End Sub

 

Private Sub Command2_Click()

Command2.DownPicture=Load Picture(“С:\Windows\Жұмыс үстелі\сабақ_VB_2\Face01.ico”)

End Sub

 

Private Sub Command2_ Mouse Move (Button As Integer, Shift As

Integer, X As Single, Y As Single)

Command2.Picture=Load Picture(“С:\Windows\Жұмыс үстелі\сабақ_VB_2\Face02.ico”)

End Sub

 

Private Sub Form_Load()

Command2.Picture=Load Picture(“С:\Windows\Жұмыс үстелі\сабақ_VB_2\Face03.ico”)

End Sub

 

   Ескерту: Осы  әсерді сәйкес батырмалардың қасиеттеріне сурет файлдардың жолын көрсетіп те алуға болады.

 

   3-мысал. Калкулятор бағдарламасын құрыңдар.

   Пішінге 3 мәтіндік өріс (Text қасиетіне – бірінші және екінші өріске ештеңе, ал үшіншіге - 0) және 7 батырманы келесі қасиеттермен орналастырыңдар.

              

   Caption

       Command1               +

       Command2        -

       Command3               *

       Command4               :

       Command5              CE

       Command6       ^

       Command7              Sqr

                                              

   Код:

Private Sub Command1_Click()

Text3.Text=Val(Text1.Text) + Val(Text2.Text)

End Sub

 

Private Sub Command2_Click()

Text3.Text=Val(Text1.Text) - Val(Text2.Text)

End Sub

 

Private Sub Command3_Click()

Text3.Text=Val(Text1.Text) * Val(Text2.Text)

End Sub

 

Private Sub Command4_Click()

Text3.Text=Val(Text1.Text) : Val(Text2.Text)

End Sub

 

Private Sub Command5_Click()

Text3.Text=”0”

End Sub

 

Private Sub Command6_Click()

Text3.Text=Val(Text1.Text) ^ Val(Text2.Text)

End Sub

 

Private Sub Command7_Click()

Text3.Text=Sqr(Text1.Text)

End Sub

4-мысал. Желдің жылдамығын «Секундтағы километрді», «Сағаттағы километрді» есептейтін бағдарлама құрыңдар. Пішіннің түрі суретте ұсынылған.

Пішінде орналастырыңдар:

           1-объект TextBox қасиетінде Text бос болуы керек.

           3-объектіде Label Caption қасиетінде: бірінші үшін – суретке сәйкес тест, екіншіде – Жылдамдық (м/сек), үшінші – бос.

           1-объект  Command Button Caption қасиетіне – Қайта есептеу.

           Caption қасиетінің пішіні үшін – Жел жылдамдығы.

          

           Код:

Батырмаға шерткенде қайта есептеу.

Private Sub Command1_Click()

Dim ms As Integer                   жылдамдық м/сек

Dim kmh As Integer                 жылдамдық км/ч

ms=Val(Text1.Text)                 ‘алғашқы мәліметтерді енгізу

kmh=ms*25                            ‘ қайта есептеу

‘Нәтижені шығару

Label3.Caption=Str(ms) + “м/сек-это” + Str(kmh) + “км/ч

End Sub