Базалық элементтер: DriveListBox, DirListBox, FileListBox. Тағайындалуы, қасиеттері, оқиға, тәсіл.


DriveListBox, DirListBox, FileListBox  сәйкес логикалық дисктің, бұтақтың және файлдың ағымдағы атауларын қосуға және бейнелеуге арналған арнайы тізімдер.

DriveListBox объектісі барлық қатынасы бар логикалық дискілер атауы және қатарлары белгіше болып табылатын стандартты аралас тізім сияқты рәсімделген. Ал енгізу өрісі таңдалған дискінің атауында бейнеленеді. Пішінде осы объект пайда болған кезден бастап, оның енгізу өрісінде ағымдағы дискі атауы пайда болады. Ол бағдарламалау жүйесінде қолданылатын C:\... болып табылады, әдетте  :\Program Files каталогында орнатылады.

DirListBox объектісі – ListBox типінің қатардың тағайындалған биіктігінде бағдарламаланған жолымен бейнеленген классикалық тізімі ретінде ұсынылған. Каталогтың атауының оң жағында директорийлердің кіріктірілген деңгейін анықтайтын ашылған немесе жабылған тақырып белгішелері көрінеді. Ағымдағы каталог қатар түрінде ұсынылған, оған толық жол Path қасиетінде сақталады. Егер терезені бірнеше қатарға үлкейтсек, онда жобалау кезеңінде ағымдағы каталог атауын көруге болады.

FileListBox объектісі кәдімгі айналдыру сызықтары тізімі түрінде рәсімделген. Белгіленген қатар атауы Filename қасиетінде сақталады.

Жалпы айтқанда осы объектілердің әрқайсысы сәйкес қасиетте көрсетілген тізімді бейнелей өз беттерімен өмір сүреді. Жаңа дискті таңдау барысында, қолданбамен жұмыс жасау уақытысында пайда болатын кез-келген өзгеріс. Drive қасиетінің мәніне және DriveChange оқиғасының көрінуіне өзгеріс әкеледі. Өз кезегінде FileListBox тізіміндегі Path қасиетін өзгертетін өңдеуші ағымдағы каталогты өзгерту DriveChange оқиғасын шақырады. Төменде ағымдағы дискті, белгіленген каталогты және таңдалған файлды өзгертуге мүмкіндік беретін оқиғаларды өңдейтін қарапайым мәтіндер ұсынылған.

1-мысал. Графикалық файлдарды қарап шығу бағдарламасын жазыңдар.

Пішінде объекттерді орнатыңдар.

1 Check – Value қасиетімен – 0 – белгіленбеген;

1 батырма;

1 Image;

Бір объектіден DriveListBox, DirListBox, FileListBox (Pattern -*.*)

  

   Код:

Private Sub Command1_Click()

Қанат белгіні орнату барыснда және батырманы басқанда сурет жақтау мөлшеріне кіріп кетеді.

If Check1.Value=1 Then Image1.Stretch=True

If Check1.Value=0 Then Image1.Stretch=False

End Sub

 

Private Sub Dir1_Change()

File1.Path=Dir1.Path

End Sub

Private Sub Drive1_Change()

Dir1.Path=Drive1.Drive

End Sub

 

Private Sub File1_Click()

File1.Path=Dir1.Path

b=Dir1.Path ‘b –файлға жол .

If Right(b,1)=”\” Then “ Егер жол слэшпен аяқталса онда

a=Dir1.Path+File1.FileName

Else “Ал болмаса онда

a=Dir1.Path+”\”+File1.FileName

End If

 

Image1=LoadPicture(a)

End Sub

 

Private Sub Form_Load()

File1.Pattern=“*.bmp;*.jpg,*.jpeg;*.gif;*.wmf”

файлдар тізімінде бейнеленетін файлдар типтері.

End Sub

 

Бірінші тапсырманы шешу коды мен пішіннің үлгісі:

Пішінде келесі объектілерді орнатыңдар: 4 батырма және 1 белгі. Caption қасиетін сәйкес суреттермен толтырыңдар:

Код:

Private Sub Command1_Click()

Label1.FontSize=26

End Sub

 

Private Sub Command2_Click()

Label1.ForeColor=QBColor(12)

End Sub

 

Private Sub Command3_Click()

Label1.BackColor=QBColor(0)

End Sub

 

Private Sub Command4_Click()

Form1.BackColor=QBColor(15)

End Sub

 

Private Sub Form_Load()

Label1.FontSize=12

Label1.Caption= “Мәтінмен орындалатын амалдар

Form1.Caption= “Пішімдеу

End Sub