Visual Basic басқару құрылымдары


Бұл тақырыпта бағдарламаның тізбектей орындалуын басқаруға мүмкіндік беретін Visual Basic құрылымы қарастырады. Берілген құрылым сондай-ақ басқару операторлары бағдарламаның опе-раторларының тізбектей орындалуының табиғи жүрісін өзгертеді. Бұл құрылымды қолданбаса бағдарлама бірінші оператордан соңғы операторға дейін тізбектей орындалады. Шешім қабылдау операторларын қолдану бағдарламада кездескен шарттардың әрекеттерін орындауға мүмкіндік береді. Циклдер көмегімен бағдарламада қайталау әрекеттерін орындауға болады.

Негізгі мақсаты: тармақталу және таңдау командалары түсінігін, циклдер түсінігін, қайта-лау және параметрлі қайталау командаларының түсінігін енгізу; осы командалардың жазылу түрін нақты есептерді шешу бағдарламалары мысалдарында көрсету.

Білім мен біліктке қойылатын талаптар: Студенттер тармақталу, таңдау, қайталау және параметрлі қайталау командаларының жазылу түрін білуі керек; таңдау және тармақталу команда-ларын жазуда шартты дұрыс қалыптастыруға, берілген құрылымдарды қойылған есептерді шешуде қолдана білу.