Анимация


Білім мен білікке қойылатын талаптар: Студенттер қойылған есептерді шешу барысында анимацияланған объектілерді құруда Visual Basic ортасының  мүмкіншілігін пайдалана білу.

Анимация деп әдетте суреттің өзгерлуі (кескін) түсіндіріледі. Анимация эффектісі сурет элементтерінің объектілерінің жылжуынан қалыптасады. Бұл бағдарламалау ортасында анимацияларды іске асырудың екі түрлі жолы бар.

Біріншісі (классикалық) алдын ала даярлап қойлған суреттер (кадрлар) сериясын ұсынады.. Бұл әдіс мультфильмдерді құруға қолданылады. Классикалық анимациялардың көрсетілуін анимацияланған gif-файлдар арқылы ұсынылуды Animation Gif Control компоненті қамтамасыз етеді.

Екінші жолы компьютерлік ойындарды жасақтамағанда  кадрлық анимацияларды құруды ұсынады. Осы жолды іске асыру кішірек  суреттердің фондық суреттері ретінде пайдаланатын кадрлар экранның әр түрлі аймақтарында  шығару жолымен құрылады.

Келесі мысалдар Visual Basic ортасында екінші жолмен анимация құру көрсетеді.

1-мысал. Объектіні қозғалу бағдарламасын жазу: «Іске қосу» батырмасын басқан кезде объект пішінде солдан оңға қарай жылжиды. Пішіннің шетіне жетіп, секіріс жасаса қозғалуды керісінше  бағытта жалғастырады.

Пішінге мына объектілерді орындаймыз.

Толтырма Caption Іске қосу қасиетімен,

1 Shape(фигура) Shape қасиеті 3-ке тең – Circle (Шеңбер) және қасиеті Back Style 1-ге тең  - Opaque (фигураны бояуға арналған);

3 Timer объектісін 1-ге тең Interval қасиетімен (бұл уақыт өткеннен кейін, Timer жаңарып тұрады (мл)) және Timer–ді өшіру үшін Enabled қасиеті Fals–ке тең болуы керек, ал қосу үшін Enabled True–ге тең болу керек.

Сендерде келесі пішін шығуы керек:

          Код:

Private Sub Command1_Click()

Батырманы басқанда Timer 1 және Timer 3 батырмалары

қосылады’  

Timer1.Enabled = True

   Timer1.Enabled = True

   End Sub

 

Private Sub Timer 1_ Timer()

Shape1.Left = Shape 1. Left + 25 Әрбір Shape1 25 мл-ге оңға

жылжиды

End Sub

 

Private Sub Timer 2_ Timer()

Shape1.Left = Shape 1. Left – 25 Әрбір Shape1 25 мл-ге солға

жылжиды

   End Sub

 

Private Sub Timer 3_ Timer()

If Shape1.Left <= -400 Then

Егер Shape1.Left <= -400 (ол жақ қабырғадан ыршып түсу)

Timer1.Enabled = False Timer2 өшеді

   End If

 

   If Shape1.Left <= -4000 Then

Shape1.Left <= -4000

‘Егер Shape1.Left <= -400 (сол жақ қабырғадан ыршып түсу)

Timer2.Enabled = True ‘Timer2 қосылады

   Timer1.Enabled = False  ‘Timer1 қосылады

   End If

   End Sub

   Мысал 2. Суреттері бар анимация

Формаға 1 батырма Caption – шығу, қасиетімен 1 Timer Interval>  0 қасиетімен 5 image 1 объекті – index, қасиетімен 0, 1, 2, 3, 4-ке сәйкесінше орнатыңдар. Picture қасиетінде суретті файлға жол көрсетіңіз; 1 объект image 2.

 

 

Код:

Dim a As Integer

Айнымалыны жариялаймыз

 

Private Sub Command1_Click()

бағдарламаны қосқан кезде суреттер басынан жүруі  үшін

a = -1

‘a>4 шарты бойынша, суреттерді басынан көрсете бастау.

If  a = 5 Then a = 0

Суретті қай орынға шығару керек.

Image2.Picture = Image1(a).Picture

End Sub

Классикалық анимацияны ойнату, анимацияланған gif-файлмен ұсынылған Animation Gif Control компонентінің көмегімен орындалады, ол келесі сабақта қарастырылады.