Басқарудың қосымша элементтері


   Негізгі мақсаты: Студенттерге Visual Basic ортасында басқарудың қосымша элементтерін пайдалану мүмкіндігін көрсету.

   Білім мен білікке қойылатын талаптар: Студенттер басқарудың қосымша элементтерін орнату технологиясын білу керек; қойылған есептерді шешу жолында қолдана білу.

   Базалық компоненттердің стандартты жүйесінен басқа, элементтер панелінде қажеттілікке байланысты орнатылатын басқарудың қосымша элементтерінен тұрады. Осындай компоненттердің бірі анимацияланған gif -файлының көмегімен есепті шығаратын Animation Gif Control компоненті болып табылады.

   Басқаруға қосымша элементтерді қосу үшін жоба терезесінде міндетті  түрде келесі әрекеттер тізбегін орындау қажет: Project(Жоба)→Components (Компоненттер). Пайда болған терезеде қыстырмасында (Басқару элементтері) керекті компоненттің атауының  жанына белгі орнату керек. Осыдан кейін таңдалған объект компонент панелінде пайда болады және берілген қосымшаға қатынас пайда болады.

   Терезенің төменгі жағында Location аймағында OCX кеңейтілуімен және оның дискідегі орны файл аты жазылады. (оқулықтағы, 2.9 тақырыпты қара).

1-мысал. Animation Gif Control kомпонентін пайдалану

Жоғарыда көрсетілген әдістермен компоненттер панеліне Animation Gif Control объектісін орнатыңыз. Содан кейін оны формаға орнатыңдар, берілген объектінің GIF қасиетіне gif-файлға жол көрсетіңдер.

Windows - қосымшаларының көптеген бөлігі жүйенің (мысалы, принтерге шығаратын парақтар өрісі) әр түрлі параметрлерінің тапсырмалары үшін диалогтық терезелер жиыны ретінде және типтік процедураларды орындау үшін қолданылады (файлдарды таңдау және есте сақтап қалу, сөздерді іздеу және ауыстыру т.с.с.).

   Visual Basis ортасында ондай объект CommonDialog болып табылады, оның тәсілдерін қолданып керекті терезені шақыруды қалыптастыруға болады.

   CommonDialog компоненті стандарты панельде көрсетілмеген. Сондықтан оны (Microsoft CommonDialog Control 6.0)қосу керек.

   Егер ондай қатар болмаса, Browse (қарау) батырмасын басу керек және System каталогында Comdlg32.ocx атты файлды шерту керек. Содан кейін CommonDialog объектісі панельде пайда болады.

   Диалогтық терезелерді шақыру үшін осы терезелердің әрқайсысына сәйкес 9.1 кестеде берілген басқару элементтері тәсілдерін CommonDialog пайдалану керек.

9.1-кесте Басқару элементінің тәсілі

Тәсілі

Сипаттамасы

ShowOpen

Диалогтық терезені шақырады, файлдарды ашуға пайдаланылады.

ShowSave

Диалогтық терезені шақырады, файлдарды сақтауға пайдаланылады.

ShowColor

Түстер палитрасын баптау диалогтық терезені шақырады.

ShowFont

Мәтін қаріп баптау диалогтық терезесін шақырады.

ShowPrinter

Баптау және баспаға жіберу баптау диалогтық терезесін шақырады.

ShowHelp

Windows cтилінде анықтама жүйесін қосады.

2-мысал. Батырманы басқан кезде түс таңдау терезесі пайда болады, ал қолданушының түс таңдағанда мәтін түсі таңдау бойынша өзгеретіндей етіп бағдарлама құру керек.

   Компонентті қосу Project Components- Microsoft CommonDialog Control 6.0 үшін компоненттерін орындау қажет. Ары қарай пішінге мәтіндік өріс CommonDialog Control CD1батырмасын орналастырыңдар.

   Код:

Private Sub Command1_Click ()   

CD1. ShowColor

Text1.ForeColor = CD1.Color

End Sub

 

3-мысал. Commondialog. ShowFont тәсілі.

Батырманы басқанда қаріп таңдау стандартты терезесі пайда болатындай бағдарлама жасаңыз. Пішінге CommonDialog (Name = CD1) мәтіндік өрісін және батырманы орнатыңдар.

   Код:

Private Sub Form_Load ()

CD1.FontName = “Arial” ‘CD1 үшін бастапқы мәнді орналастырамыз.

End Sub

 

Private Sub Command1_Click ()

‘Font диалогтық терезе бейнелеу түрін орналастырамыз

CD1.Flags = cdlCFBoth Or cdlCFEffects Or cdlcCFLimitSize

Or cdlCFTTOnly Or cdlCFForceFontExist

‘Қаріптің ең үлкен және ең кіші мөлшерін орналастырамыз

CD1.Min = 8 ‘Қаріптің ең кіші мөлшері

CD1.Max = 22 ‘Қаріптің ең үлкен мөлшері

CD1.ShowFont ‘Қаріп таңдау терезесін шақырамыз.

‘Мәтіндік өріске таңдалған қасиеттерді меншіктейміз.

Text1.FontName = CD1.FontName

Text1.FontBold = CD1.FontBold

Text1.FontItalic = CD1.FontItalic

Text1.FontSize = CD1.FontSize

Text1.FontStrikethru = CD1.FontStrikethru

Text1.FontUnderline = CD1.FontUnderline

Text1.ForeColor = CD1.Color

End Sub

 

4-мысал. Күнтізбе пішіні. Күнтізбеден таңдалған күн мен уақыт мәтіндік өрістен көрінетіндей етіп бағдарлама құрындар.

   Пішінде 1 объект Calendar (Microsoft Calendar Control 9.0) орнатыңдар.

Күнтізбенің сыртқы түрін Calendar  Объектісінің қасиетін пайдаланып:

Day, DayFont, DayFontColor, DayLength, FirstDay, GridCelEffect, GridFont, GridFontColor, GridLinesColor, TitleColor, TitleFontColor (терезенің қасиеті) баптаңдар.

Код:

 

Private Sub Calendar1_Click ()

Text1.Text = Calendar1.Value

End Sub

 

 

5-мысал. Пішінді жүктегенде тек қана мәтіндік өріс және батырма (объектілер қасиетін өздерің орнатыңдар. Батырмада күнтізбе жазуы немесе сурет қоюға болады) көрінетін жоба құрыңдар. Батырманы басқан кезде күнтізбе пішіні көрінеді, күн мен уақытты таңдаған кезде күнтізбе-пішінге салмақ түседі, ал мәтіндік өрісте таңдалған дата пайда болады.

1-пішінге арналған код:

Private Sub Command1_Click ()

Form2.Show

End Sub

 

Private Sub Form_Load ()

Form2.Hide

End Sub

Екінші пішін үшін ControlBox қасиетіне  False-ті орналастырыңдар (пішінде терезе мөлшерін басқаратын батырмалар болмайды), Form1 және  Cal-endar1 объектілерінің көлемі бірдей болу керек.

2-пішінге арналған код:

Private Sub Calendar1_Click ()

Form1.Text1.Text = Calendar1.Value

Form2.Hide

End Sub