АВТОР ЖАЙЛЫ


Рамазан Айгүл Әмірғалиқызы 1965 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

1982 жылы  С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түсіп, 1987 жылы үздік дипломмен тәмәмдады. 1987 жылдан  бастап  «Өнер» баспасында редактор болып қызмет атқарды. 1989-1993 жылдар аралығында Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының аспиранты болды. 1993 жылдың мамыр айында «Қазіргі қазақ повестеріндегі адам және табиғат қарым­қатынасы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.1995 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  журналистика тарихы кафедрасына  аға оқытушы  болып қызметке қабылданды. 1998 жылы осы кафедраның  доценттік қызметіне өтті. 2001 жылдың мамыр айында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ЖАК  шешімімен  доцент ғылыми атағын алды. 2006­2009 жылдар аралығында Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының  докторанты  болды. 2011 жылы «Қазақ баспасөзі және Қазақстандағы тіл саясатының қалыптасу, даму жолдары» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.

         Рамазан Айгүл Әмірғалиқызы республика көлемінде өткізілген халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық конференцияларға қатысып, ғылыми баяндамалар жасаған. Жалпы саны 40-тан астам ғылыми және ғылыми танымдық мақалалары мен баяндамалары жарық көрген. Республикалық көлемде  публицистикалық мақалалар саны 15-тен астам. Төрт  ғылыми  мақаласы Ресей, Қытай, Түркия, Украина сияқты шет елдерде жарияланған.

Рамазан Айгүл Әмірғалиқызы - екі оқу құралы, екі оқу-әдістемелік нұсқаулардың авторы. Зерттеушінің құрастыруымен дәрістер негізінде «Әлем баспасөзі тарихынан» (1998 ж.), «Шетел журналистикасының тарихы» (2006  ж.) атты оқу құралдары жарық көрді.