Алғы сөз


Әр салада келешек мамандарды мемлекеттiк ана тiлінде дайындау 1989 жылы басталғанымен, қазiр жарық көрген төл оқулық құралдары жеткіліксіз, ал аударма оқулықтар жоқ.

2004 жылдан бастап ҚР «Бiлiм заңына» сәйкес оқу несие (кредит) жүйесiне көшкендiктен ұсынылып отырған «Жасуша биологиясы» оқу құралы биологиялық мамандығына - «биология бакалаврына» арналған пәннiң типтiк оқу бағдарламасына (жоғары кәсіптік білім) сәйкес жазылып, оқушыға биологиялық ғылым негiзiнде, кейiнгi жаңалықтар да ескерiлiп, толық бiлiм беруге арналған.

Жасуша биологиясы - жаратылыстану пәндері негізгілерінің бірі, әрі организмнің ақуызы мен жасушалары құрамына иммунологиялық бақылау жасаушысы. Ол басқа ғылымдармен бірге тірі материя мен жасушалардың даму процесінде қатар бағынуын және өзара іс-қимыл жасаудағы құрылым заңдылықтарын зерделеп, студентке тек жалпы биологиялық заңдылықтарды түсіну ғана емес, оны тіршіліктегі заттек алмасу, даму мен өсуді реттеуді үйреніп, тұқымқуалаушылықты басқарып, әрі олар түрлі физиологиялық күйде, дерттануда қалай өзгеретінін анықтауға мүмкіндік береді.

Оқу құралы iзденiстегi студентке көмегiн тигiзедi деген үмiттемiз. Маманға қажеттi, осы салада қолданылатын әдебиеттерден тиiмдiлерi екшеленiп, оларды жеңiл түсiне алатындай етiп баяндалады. Ондағы тұжырымдар бiр-бiрiне байланысты, белгiлiден белгiсiзге, қарапайымнан күрделiге бейiмделген. Оқу құралынан алынған бiлiмге сүйене отырып, келешек мамандар организм жасушаларындағы өзгерiстердi ажыратып, оның күйін анықтай алатынына кәмiл сенемiз.

Оқу құралдағы терминдер халықаралық гистологиялық пән атаулары тiзбесiне сәйкес қолданылып, аудармасы ҚР Үкiметi жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы 2000 жылы бекiткен «Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздiгiнен» алынды.

Оқу құралы негізгі білімге қажет, әрі қарастырылатын объектілер мен процесстер суреттерімен, фотосуреттерімен, құрылым - логикалық кестелерімен безендендірілген. Әр тарау соңында алған бiлiмді тексеруге арналған негiзгi терминдер, ұғымдар, әдебиеттер, сұрақтар, тестер берiлген.

Оқу құралында пән саласы толық орын алды, барлық жаңалықтар мен өзгерiстер қамтылды деген ниеттен аулақпыз.

Тұңғыш рет ұсынылып отырған оқу құралына берер пiкiрлерiңiздi Шәкәрiм атындағы Семей мемлекеттiк университетiнің «Биология» кафедрасына жiберулерiңiздi сұрап, күтемiз, әрi оған алдын ала алғыс бiлдiремiз.