КІРІСПЕ


Жүйелеу (систематика) қазіргі жануарлар әлемінің алуан түрілілігін анықтай отырып, жануарлар түрлеріне сипаттама беріп, олардың туыстық байланыстарын анықтайды және осының негізінде түрді туысқа, туысты тұқымдасқа, отрядқа, классқа және типке біріктіріп жүйені құрайды.

Адамзат жануарлар жүйелеуін өте ерте заманнан бастаған. Жіктеуге (топтастыруға, классификацияға) деген қажеттелік – адамның танымдық қызметінде маңызды болып табылады.

Қазіргі жүйелеуге Карл Линнейдің табиғат жүйесі (Systema Naturae) бастама болды. Оның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық категориялардың иерархиясы (сатылары) көрсетілген. Біз қазіргі уақытқа дейін Карл Линнейдің биноминальды номенклатурасымен (жинағымен) қатар, оның ұсынған көптеген ғылыми атауларында қолданудамыз. Ол сипаттаған жануарлардың 4000 түрінің кейбіреуі, оның жіктеген топтары өзгерседе, осы топтардың өздері сақталуда.

XVIII ғасырдың соңында А.Жюссье тұқымдас категориясын енгізсе, XIX ғасырдың басында Ж.Кювье жануарлардың түрі туралы ұғым қалыптастырды. Осының нәтижесінде, XX ғасыр басында жүйелеуде мына жеті негізгі таксономиялық категория қалыптасты:


Таксономиялық категория

Қазақша атаулары

Латынша атаулары

патшалығы (царство)

regnum

тип

phylum

топ (класс)

classis

отряд

ordo

тұқымдас (семейство)

familia

туыс (род)

genus

түр (вид)

species

Классификациямен жүздеген систематиктер жұмыс жүргізседе, нақты ережелер мен терминологияны белгілеу қажеттілігі туындады. Қазір жануарлар патшалығын бөлетін ең үлкен топты (таксон) тип деп атайды. Әрбір типті класқа, отрядқа, тұқымдасқа, туысқа және түрге (кейде аралық категорияларды да бөледі, мысалы тип тармағы, тұқымдас үсті және т.б.) бөледі. Жоғарыдан төменгі иерархиялық топқа дейін өту барысында бір таксонға жататын жануарлардың арасындағы туыстық дәреже арта түседі. Барлық жануарлар бір түр негізінде белгілері бойынша өте ұқсас және шағылысу кезінде күйлі ұрпақ береді.

Жануарлар жүйесінде мына жалпы биологиялық ғылымдар: морфология, анатомия және гистология (жануарлар денесінің сыртқы, ішкі макро-микроскопиялық құрылысы), физиология және биохимия (оның қызметтік қасиеті), эмбриология (жеке даму заңдылықтары, ішкі, сыртқы даму себепшарттары - факторлар), генетика (өзгергіштік және тұқым қуалаушылық, табиғи сұрыпталу-популяциялық генетика), экология (өмір сүру көрінісі, органикалық емес ортамен, басқа да жануарлар, өсімдіктер, микроағзалар түрімен байланысты, популяциялық экологиялы, биоценология), этология (жануарлардың мінез-құлқы) жиі қолданылады.

Қазақстан табиғатының әртүрлілігі, әрі ол толық зерттелмегендіктен еліміздің жерінде әр түрлі жануарлар әлемі кең таралған. Қазіргі кезде республика фаунасында құрлықтағы сүтқоректілердің 692 түрі (оның 13-і қосмекенділер, немесе амфибиялар, бауырымен жорғалаушылар – рептилийлер; 473 - құстар және 155 аңдар - сүтқоректілер) және 140 түрі балықтар. Мұндай жануарлар түрі мен көптілігі Қазақстаннан басқа еш мемлекетте жоқ. Республикамызды мекендейтін осы сүтқоректілердің 155 түрінің практикадағы маңызы зор. Аң кәсібінде жануарлардың 72 түрі ауланады, оның ішінде бұлғын, сусар, кәмшат, қара күзендер ерекше қымбат тері береді. Аңдардың басқа түрлерінің терілері мұндай қымбат бағаланбайды, дегенмен олар көп және 100 мыңдап, миллиондап ауланады (ондатр, кәдімгі саршұнақ, күзен, каспийлік итбалық т.б.).

Кәсіптік аң терісі «еркін» шет елдік валютаны алудың бірден - бір маңызды және экономикалық тиімді көздерінің бірі болып табылады. Сондықтан, аң терісін тегіннен «жұмсақ алтын» деп атамаған. Жергілікті фаунаның көптеген аңдары (қарлы барс, гепард, қарақал-қарақұлақ, құлан, арқар, марал, ақбөкен-жезкиік және т.б.) мемлекет ішіндегі зоологиялық шет елге шығаруда және зоосауда да аса құнды шикізат.

Қазақстан аңдарының бай фаунасы –үй жануарларының жаңа түрлері мен тұқымдарын шығаруда өте ірі және құнды генофонд болып табылады. Өткен ғасырда оңтүстік Алтайда кермарал, марал аталықтарының сүйектенбеген мүйізінен алынатын дәрілік зат – пантаны алу мақсатымен жабайы маралдарды қолға үйрету, жаңа марал шаруашылықтарын ашуға жеткізді.

Сүтқоректілер 3 отрядының өкілдері (жәндік қоректілер, жарқанаттар, жыртқыштар) ауыл, орман шаруашылықтарына, сонымен қатар денсаулық сақтау ұйымына зиянды кемірушілер мен жәндіктерді жойып, белгілі пайдасын тигізуде. Олардың кейбір ішкі ағзалары, дене мүшелері және майы ғылым саласында, халық медицинасында, парфюмер өндірісінде және т.б. кең қолданысқа ие. Аюдың өтін дайындап, шет елге шығарады, маралдың жыныс мүшелерін, құйрығын, марал, жезкиіктің сүйіктенбеген мүйіздерін – панта, аюдың, борсықтың, суырдың, саршұнақтың майларын әзірлеп, шет елге шығарады. Қазақстаннан жыл сайын белгілі бір мөлшерде марал пантасы және киіктің мүйізі шет елге шығарылады.

Республиканың халық шаруашылығына сүтқоректілер зор пайдасы мен бірге, кейбір түрлері көп экономикалық шығынға да ұшыратуда. Ауыл шаруашылығына ерекше зиян тигізетіндерге, көбінесе кемірушілер (саршұнақ, тышқан, атжалман), сұр қасқырлар жатады. Саршұнақтар жайылымға аса зиянын тигізуде. Бір гектарда орташа бірлігі бойынша кіші саршұнақтардың 20-30 келсе, онда олар азық қорының жартысына жуығын жояды. Кемірушілер орман шаруашылы, егістікті қорғайтын орман жолақтары, бақтар және жүзім егісіне зор экономикалық шығын әкеледі. Кемірушілер, әсіресе құм тышқандары, су егеу құйрықтары, ондатралар, саршұнақтар індерін темір жол, шоссе, т.б. бойына салып, оларды бұзады.

Үлкен кері әсерін тигізетін сүтқоректілерге, адам, үй жануарларына қауіпті жұқпалы аурулар мен ішек құрттары инвазиялары пайда болатын, әрі оларды тарататын түрлері жатады. Мысалы, бактериялық аурулардың жабайы сүтқоректілер мен үй жануарларына тән мына ауруларды: қылау, пастереллез, листереллез, сібір жарасы - топалаң (қойда), жамандат (жылқыда), қараталақ (ірі қарада), ақшелек, қарабез (түйеде), түйнеме, күйдіргі (адамда), бруцеллез, туляремия, туберкулез, кеміргіштер обасы, маңқа және басқаларды атауға болады.