КЕМІРГІШТЕР ОТРЯДЫ (Rodentia)


Кеміргіштер – ең көп таралған, ал тұқымдас, түрі санына қарағанда сүтқоректілер отрядының өркендеудегі саласы. Әлемдік фаунада барлығы 35 тұқымдас және 1800 түрі бар. Кеміргіштер арнайы бейімделген аумақты мекендегендіктен, олар жер шарын тұтас жерсінген. Олардың ішінде жер үстін, жер астын, ағашты, жартылай суды мекендейтін түрлері бар. Барлық кеміргіштерге тән негізгі ерекшелігі сол, олар өсімдіктермен қоректенеді, жоғарғы және астыңғы жақ сүйектеріндегі жұп үлкен күрек тістері болады. Күрек тістері өте ұзын, үнемі өсіп отырады, өзінің түбірі бассүйектің қаңқасына дейін жетеді. Кеміргіштердің адамға деген маңызы зор. Кейбіреулері құнды үлпілдек-жүн (құндыз, тиін, ондатр), басқалары дәмді ет (қояндар, үй қояндары) береді. Оба ауруын тасымалдаушы кеміргіштер (шөл құм тышқандары, қалада егеуқұйрықтар), ауыл шаруашылығына зиян келтіреушілер (саршұнақтар) және үйде (тышқандар, егеуқұйрықтар) зиян тигізетіндерде болады. Кейбір кеміргіштер – клеткада кәсіби аң өсіру объектілері (үй қояны, сазқұндызы), ғылыми және медициналық зертханаларда қолданатын (ақ егеуқұйрықтар, тышқандар, атжалман) түрлері орын алады.