ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ. ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ.


Химиялық элементтерді оқығанда олардың периодтық жүйедегі жалпы сипаттамаларын, жай қосылыстарының құрылысын, олардың алыну жолдарын, элементтер қосылыстарының қышқыл-негіздік және тотығу-тотықсыздану қасиеттерін оқумен қатар, элементтердің табиғатта таралу формалары мен адам өміріне қолданылуын, қатынасын қарау керек.

Адам ағзасында периодтық жүйенің 70-ке жуық элементі табылған. Мына 6 элемент: С, О, Н, N, P, S- ағза массасының 97,4% құрайды. Тірі заттағы химиялық элементтердің мөлшеріне байланысты оларды макро- және микроэлементтер деп бөлуге болады. Макроэлементтерге С, О, Н, N жатады. Бұлардың үлесіне тірі зат массасының 96% және І, Сl, Fe, N, Mo, Cu, Co, Zn (1% массасының) жатады.

Биологиялық неғұрлым керек металдарға (биометалдарға) мына 10 элемент: К, Nа, Са, Мg, Fe, Cu, Co, Mn, Zn, Mo; бейметалдардан О, Н, S, С, N, Р, Сl, І жатады.