ГЛОССАРИЙ


1. Авогадро тұрақтысы NA - кез келген жүйенің ( N ) бөлшектер санының жүйе заттарының мөлшеріне қатынасы n: N/n = NA моль-1 = 6,02×1023 моль-1.

2. Адиабатты процесс – сыртқы ортамен алмасу процесі жүрмейтін процесс.

3. Атомдық (электрондык) орбиталь ( АО) - квант сандарының белгілі мәндеріне сәйкес келетін электрон күйі.

4. Гетерогенді жүйелер – бөліктің айырым бетімен бөлінетін заттар жиынтығы.Мысалы, СаСО3(қ) және СО2(г).

5. Гомогенді жүйе – бөліктің айырым беті болмайтын зат немесе заттар жиынтығы (ерітінділер, газдар қоспасы, ыдыстағы газ, мұз не металл кесегі,т.б.).

6. Жүйе – зерттеу үшін, кеңістіктен және қоршаған ортадан жекелей алынған бөлщек.

7. Заттың эквиваленті - 1 моль сутегі атомдарымен (0,5 моль оттегі атомдарымен) қосыла алатын не сондай сутегі ( оттегі ) атомдарының мөлшерін химиялық реакцияларда ығыстырып шығара алатын мөлшері.

8. Иондану энергиясы: атомнан электронды жұлып алу үшін жұмсалатын энергия, эВ (1 эВ = 96,48 кДж/моль). Келесі электронды жұлып алуға көбірек энергия қажет,себебі оң зарядтың мәні артады: І1 < І2 < І3 ¼

9. Изотонды коэффициент – іс жүзіндегі қысым, қайнау, қату температураларының өзгеруі, олардың теориялық мәндерінен қанша есе артық екенін көрсетеді.

10. Ішкі энергия – жүйенің толық энергиясы, яғни жүйені құрған бөлшектердің зат мөлшерінің толық энергиясы.

11. Моль – заттың мөлшерінің бірлігі, көміртегі-12 атомының 0,012 кг массасындағы атомдар санына тең, яғни 6,02× 1023 .

12. Парциалды қысым - газдар қоспасының жалпы қысымының сол газға келетін үлесі.

13. Фаза – бірдей физикалық, химиялық қасиеттері бар және жүйенің басқа бөлімдерінен бөліп алынған біркелкі беттік қабаттан тұратын бөлік.

14. Химиялық кинетика – химиялық реакцияның жылдамдығы мен механизмі туралы ілім.

15. Эквивалент масса – заттың 1 эквивалентінің массасы.

16. Электрондық аналогтар - элементтердің валенттілік электрондары элементтерге қатысты жалпы формуламен сипатталатындай болып орбиталдарға орналасады.

17. Электртерістік ( ЭТ) – элемент атомының химиялық қосылыста басқа элементтің электрондық тығыздығын өзіне ығыстыра алатын қабілеттілігін көрсететін мән.

18. Электрон қосылғыштық энергиясы: Бос атомға электрон қосылуы үшін қажет энергия, эВ. Оның мәні оң да, теріс те (теріс мән асыл газдар мен кей элементтерде) болады. Электрон қосылғыштық энергиясы ең көп галогендер мен оттегі.

19. Энтальпия – қысым тұрақты болған жағдайдағы (изобаралық процесс кезіндегі) жылу эффектісі

20. Энтропия – бөлшектің қозғалысын сипаттайтын заттың қасиеті, ретсіздік дәрежесі.