ЕСКЕКАЯҚТЫЛАР ОТРЯДЫ (PINNIPEDIA)


Ескекаяқтылар-орташа және ірі көлемді жыртқыш аңдар, сулы ортаны мекендейді, бірақ өмірінің белгілі бір кезеңдерінде (көбею, түлеу) қатты төсеміктерді-субстрат (мұз, құрлық) қажет етеді және ұзақ уақыт бойы ауада болуды қалайды. Оның 32 түрі 3 тұқымдасқа біріккен. ТМД мен Қазақстан фаунасында 3 тұқымдасқа жататындардың ішіндегі тек 1 түрі – нағыз итбалық тұқымдасынан – каспий итбалығы мекендейді. Олар жоғарғы жағындағы ұзын сойдақ тісімен ерекшеленеді. 2 тұқымдас: нағыз және салпан құлақ итбалықты бір-бірінен құлақ қалқаны барлығымен ажыратады. Денесі қалтылдақ, қысқа мойнымен, байқаусыз тұлғаға ауысады. Алдыңғы және артқы аяқтары жүзу қанатына өзгерген. Кейбір тұқымдас өкілдерінің (котик, морж) артқы қанаттары тұлға астына қайырылып, құрлықта жануардың қозғалуына сүйеніш қызметін атқарады. Нағыз итбалықта олар алға қайырылмайды, тұрақты артқа бағытталған, сондықтан қатты төсемікте сүйеніш қызметін атқармайды. Көптеген ескекаяқтылар ірі немесе орташа көлемдегі аңдар, денесінің ұзындығы 1,2-ден 6,0 м.-ге, салмағы 20 кг.-нан 20 т.-ға дейін болады. Көптеген түрлерінің үлбірі (котиктен басқа) қысқа, қатты, нашар дамыған түбітпен, ал кейбірінде толық жойылып кеткен (морж). Бас сүйегінің маңдай алды сүйегінен түзілген терең шұңқыры бар, сондықтан бас сүйегінің томпайған ми бөлігі күрт сондай томпайған бетіне ауысады. Бұғанасы жоқ. Ұзақ мезгіл су ортасына бейімделгенінен, олардың аяқтары құрылысындағы және тұлғамен қарым-қатынасындағы ерекшеліктер айтарлықтай болуда. Аяқтарының бірталай бөлімі тұлға терісі қабында жасырынған, сыртқа алдыңғы жұп аяғының жартысына жуығы білек пен саусақ, артқыдан жұп – тек сирақ пен табанның үштен бір бөлігі, ал кейбіреуінде – тек табан болады. Ерекшелігі сол, оның қалың тері жарғағының бары, ол аяқтар саусақтарын байланыстырып, соңында олар қанаттарға айналады. Әр түрдің тырнақтары бірдей дамымайды, салпан құлақтылар мен сойдақ тістілерде олар кіші, нағыздарда жақсы дамыған. Жерүсті жыртқыштардан ерекшелігі сол, олар аяқтарын тек жылжуына ғана пайдаланады, олармен азық зерзаттарында ұстай алмайды. Аяқтары негізінен есуге нақтыланған. Қарны қарапайым, ұзын, ішек тәрізді, соқыр ішегі өте қысқа. Сезім ағзаларынан біршама дамыған есту мүшелері, ал көру, иіс сезу мүшелері нашар дамыған. Олар суда шағылысып, ұрпағын туа алмайды. Көбею кезеңі кезінде мұзға немесе құрлыққа шығады. Үлбір жабынын ауыстыру да суда өтпейді. Демалысында да судан шығады. Азығын тек судан олжанады. Олар баяу көбейеді, жылына бір реттен артық болмайды. Бір ғана ұрпақ әкеледі. Жыныстық жетілуі 3 жасынан бұрын жүрмейді.

Түрлері

Атауы

Морж тұқымдасы (Odobenus rosmarus)

Атлантикалық морж

Odobenus rosmarus rosmarus

Лаптев­ моржы

Odobenus rosmarus laptevi

Мұхиттың моржы

Odobenus rosmarus divergens

Қазіргі итбалықтар тұқымдасы (Phocidae)

Гренландиялық итбалық

Pagophilus groenlandicus

Шығыршықты итбалық

Pusa hispida

Байкалдың итбалығы

Pusa sibirica

Каспий итбалығы

Pusa caspica

Лахтаг немесе теніз қояны

Erignathus barbatus

Жолақты итбалық

Histriophoca fasciata

Кәдімгі немесе ала итбалық

Phoca vitulina

Ларга немесе алапес итбалық

Phoca largha

Ұзын мұрынды итбалық

Halichoerus grypus

Хохлач

Cystophora cristata

Теніз қабыландар

Hydrurga leptonyx

Уэдделла итбалық

Leptonychotes

Теніз піл

Mirounga

Монах итбалық

Monachus

Салпаң құлақ итбалықтар тұқымдасы (Otariodea)

Солтүстіктің теніз мысығы

Callorninus ursinus

Cивуч

Eumetopias jubatus