ЖАСУША ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ТИПТЕРІ


Биохимиялық айналымдар тірі жасушаның құрылысына және қандай да қызметтер атқаруына тікелей байланысты. Мұндай тұтас организм ағзасына ұқсас арнайы қызметтер атқаратын, құрамында әртүрлi молекулалар саны бар, мөлшерi 20 нм-ден 10 мкм дейiнгi құрылым тұрақты қосынды (organellae, органелла, органоид, грек. «оrgаnоn»-ағза; «еidоs»-түрi) деп аталады.

Құрылысына байланысты жасушалар барлық тіршілік ететіндерді ядроға дейінгі организмдер – прокариотты және ядролы – эукариотты деп бөледі. Прокариоттылар тобына барлық бактериялар, оның ішінде цианобактериялар, немесе көкжасылдар (цианеилер), ал эукариоттыларға – саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар кіреді.

Сондықтан қазіргі биологтар жасушалық құрылымның екі: прокариотты, эукариотты деңгейлерін ажыратады. Прокариотты организмдер бұрынғы өткен белгілерді сақтайды, жеке дүниеге – Дробянкаларға (Mychota) жатқызады. Эукариотты организмдер шектелген қабығы бар ядро, әрі күрделі құрылған «қуат станциясы» - митохондрийлер сақтайды. Барлық «ядролы» организмдердің жасушалары жоғары ұйысдасқан және зор қуат өндіре алады.