ЖАСУШАЛЫҚ ИНЖЕНЕРИЯ


Жасушалық инженерия - дене жасушаларына будандастыру әдiсiн қолдана басталуымен немесе екi әртүрлi жасушалардың ұлпа себiндiсiнде қосылуынан пайда болды. Ол үшiн жасуша жарғағын бiраз бұзады. Бұрын мұндай бүлiнудi Сендая вирусы тудыратын, қазiр оны химиялық заттар әсерi бередi. Сондықтан организм жасушаларының әр, тiптi алыс түрлерi қосыла алады. Мұндай жасуша - гетерокарион жасушалары деп аталады.

Жасуша жарғағына, қаңқасына түрлi заттарды қолданып, өте күрделi қисындастырулар-жеке ядро, ядросыз жасуша, ядроны бiр жасушадан екiншi жасушаға егу, көшiрiп отырғызу жүргiзiлуде. Ол жеке жасушада емес, бiрден миллиондаған жасушаларда жасалады. Бұл тәсiлдi жануарлар жасушаларына қолданғанмен жетiлген организм алынбайды. Сондықтан оны өсiмдiктерде қолдану өте пайдалы. Өсiмдiк жасушаларына егу кеш басталғанымен ерекше ферменттер көмегi арқылы өсiмдiк жасушаларын тығыз жасұнық қабығынан айыру мүмкiн болды. Ол қабықсыз жасушаны (протопласты) егу, будан алу, бөгде ДНҚ енгiзу болатындығын көрсеттi.

Бұл инженерия жасушаны құрастыру, будандастыру, қайта жаңартуға негiзделген. Жасушалық инженерия көмегiмен әр түрлер геномдарын қосуға болады. Қазiр жануарлардың дене жасушаларын организмнен тыс өсiруде көптеген тәжiрибе жиналып, қолайлы орта, өсiру тәртiбi әзiрленiп, оларды төменгi температурада ұзақ сақтау тәсiлi меңгерiлдi.

Жасушалық инженерия көптеген биология проблемаларының iлiмiн шешуде қолданылады. Бүгiн алғашқы ұрықты бөлу әдiсi кең пайданылады. Зерттеушiлер бұл әдiстi ұрық дамуының кейiнгi сатыларында (морула, бластоциста) жүргiзуде. Алғашқы ұрық жасушаларының ұйысуы әдiсi-әр ата-ана екi бүтiн ұрығын немесе оның кесек бөлшектерiн қосып, төрт ата-ана сапасы бар жануар алу мүмкiндiгiн туғызды. Мұндай жануарды жасанды деп атайды. Түр аралық (қой-ешкi), тұқым аралық жасанды жануарлар алынды.

Цитогенетика жетiстiктерiне жыныс анықтау әдiсi жатады. Алғашқы ұрық тiн кесiндiлерiн зерттеу (биопсия) жолымен алынған жасушалардың жыныс хромосомаларын ұқсастандыру әдiсi пайданаланды.

Зертханалық малдың бiр, екi пронуклеусiн алу әдiсi қолданылып, жасушада неше түрлi қол әрекетiн жасау қамтамасыз етiлуде.

Бөкен ұрығын бiр түрiнен екiншiсiне ауыстырып қондыру iске асты. Түр аралық ауыстырып қондыру қара мал, қой, жоғалып бара жатқан ешкi түрiнде табысты өттi.

Қазiр бiр ғана ұрықтанбаған жұмыртқаклеткасының (партеногенез-pаrthеnоs-бұзылмаған) бөлшектенуiн туғызатын себепшарттар зерделендi.

Жетiлуге бағытталған жұмыртқаклеткасын қалыптастырудағы мейозды тежеп, организмде вегетативтiк өскiн көбеюiн туғызады. Олар кейбiр балықтарда кездеседi. Iрi қара мал, шошқа, қой, басқа сүтқоректiлердi сұрыптауда бұл әдiстiң болашағы зор.