АЛҒЫ СӨЗ


Шаруашылықтағы мал басын көбейтіп, өнімділігін арттыруда дұрыс азықтандырудың маңызы зор.

Малды дұрыс та тиімді азықтыру үшін екі мәселені шешу керек: біріншісі – азықтандыруда пайдаланылатын жемшөп құрамы мен қоректіліген анықтап, екіншісі – сол жемшөпті мал мен құстың түріне және физиологиялық жағдайына байланысты өзгеретін энергия мен қоректік заттарға мұқтаждығын дұрыста үнемді жұмсау. Осы бір-бірімен байланысты және бір-біріне тәуелді мәселені шешкен жағдайда, шаруашылықтағы мал мен құс басының физиологиялық және экономикалық тұрғыдан ұтымды азықтандыруын ұйымдастыруға болады.