КІРІСПЕ


Мал шаруашылығы - халық шаруашылығының маңызды саласының бірі. Мал шаруашылығына қой, ешкі, cиыр, жылқы, түйе, шошқа, құс, үй қояны, бұғы, есек, бал арасы, ит, жібек құртын өсіру жатады. Мал шаруашылығы халқымызды аса қажетті тағамдармен (сүт, ет, май, жұмыртқа, бал) жеңіл өнеркәсіпті құнды ішкізаттармен (жүн, қаракөл елтірісі, қыл, тері, мүйіз), күш, көлікпен (жылқы, түйе, бұғы, есек, ит) және тағы басқалармен қамтамасыз етеді, кейбір өнімдерінен дәрі және түрлі препараттар жасалады. Малдың қиы жақсы таңайтқыш, кейбір өнімдерінің қадықтары мал азығы (тартылған сүт, ет-сүйек және сүйек ұны) үшін қолданылады.

Мал шаруашылығының саналық сипатында да елеулі өзгерістер болды. Жоғары өнімді, жергілікті жағдайға жақсы бейімделген жаңа мал тұқымы шығарылды. Мұның бәрі мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді еселеп арттыруға жағдай туғызды. Дегенмен халықты малдың өнімдерімен қамтамасыз етуде әлі де жетіспестік сезілуде. Экономиқалық және әлеуметтік дамыының негізгі бағыттарында, генетикамен селекцияның жетістіктеріне сай малды саналық жағынан жақсартудың биологиялық жаңа әдістерін пайдалану негізінде, мал шаруашылығы өнімдерін мал өндіру қамтамасыз етіліп.

Бұл міндеттерді орындау үшін ең алдымен мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын жолға қоюды, жаңа технологияларды енгізуді белсенді қолға алып, берік жемшөп қорын жасаудың ұтымды әдістерін табудың қажеттігіне басты назар аудару керек.