ГЛОССАРИЙ


Клетка - (жасуша) - тірі табиғатты құраушы, өсімдіктер мен жануарлар организмдерінің дамуы мен тіршілігінің негізін қалаушы және оларға ортақ, тым ұсақ қарапайым құрылымдык бірлік.

Ұлпа - тарихи даму негізінде қалыптасқан гистологиялық элементтерден тұратын арнайы морфологиялық - физиологиялық және биохимиялық құрылымы бар, даму ерекшеліктері мен көрінетін және оның кызметін аткарушы жүйе.

Орган - (мүше) - өзіне тән пішіні мен кұрылысы бар, белгілі бір кызмет аткаратын және міндеті бар организмнің қабілетті бөлігі.

Ағза - морфологиялық және функционалды бір-бірімен тығыз байланысқан, тәуелділіктегі біріккен мүшелер жиыны.

Онтогенез - организмнің жеке дамуы, туғаннан бастап өмірінің аяғына дейінгі өзгерістер жиыны.

Филогенез - организмнін төменгі сатысынан жоғары денгейге дейінгі дамуы мен кұрылымының ерекшеліктері.

Табиғи сұрыптау - табиғи жағдайда болатын және сол түрдің тіршілік ету кабілетінің жақсартушы бағытталған .

Жұп таңдау - асыл тұқымды жұмыста жаңа тұқым шығару және бар тұқымды немесе жеке отарды жақсартуда жүргізілетін маңызды іс.

Тұқым - ауыл шаруашылық малдарын жіктеуге арналған таксономиялык бірлік.

Конституция - ұлпалар мен мүшелердің құрылымы және қызмет ерекшеліктерінің бір-бірімен байланысы, сонымен қатар малдың өнімділік бағытын, зат алмасу интенсивтілігін және сыртқы орта жағдайына реакциясын сипаттайды.

Экстерьер - ауыл шаруашылық малдарының шаруашьшық-биологиялық сапасының сыртқы көрінісі.

Интерьер - өнім бағыты мен конституциясына байланысты организмнің ішкі физиологиялық анатомия - гистологиялық және биологиялық қасиеттерінің жиынтығы.

Бонитировка - малды өнімділік және асыл тұқымдық көрсеткіштері бойынша кешенді бағалау.

Жыныстық цикл - бірінші күйектің екінші күйекке дейінгі аралығы.

Кондиция - белгілі бір бағытта пайдалануға арналған малдың физиологиялық жағдайы мен қондылығы.

Қолдан сұрыптау - малдын өнімділік және асыл тұқымдық сапасын жоғарлату мақсатында адам көмегімен жүзеге асырылады.