БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (тест)


Организмнің ішкі кұрылысы, зат алмасуы мен өнімдік бағыты дене мүшелерінің дамуы мен сырт тұлғасымен тығыз байланысты болып ...

А. келеді

В. келмейді

Малдың сырт тұлғасына қарап малдың тұкымын, дене құрылысының өнімдік бағыты мен өнімділігін, денсаулығының мықтылығын анықтауға ...

А. болады

В. болмайды

Малдың анатомиялык-физиологиялық ерекшеліктерімен байланысты қарастырылған сырт пішіні

А. Экстерьер

В. Эскерьер

С. Интерьер

Малдың басына қарап оның ... айыруға болады.

А. Жынысын

В. Өнімділік бағытын

С. Жынысын және өнімділік бағытын

Сүтті сиырдың басы ... болып келеді

А. Шағын, ауыр, ұзынша және жіңішкелеу

В. Шағын, жеңіл, қысқа және жіңішкелеу

С. Шағын, жеңіл, ұзынша және жуандау

D. Шағын, жеңіл, ұзынша және жіңішкелеу

Жалпақ, бет сүйектері қысқалау болатын басты сиырлар

А. Сүтті

В. Етті

С. Етті-сүтті

D. Жұмыс

Жануар мойны денесінің ұзындығының 27-30 пайызын құраса

А. Қысқа

В. Орташа

С. Ұзын

D. Жалпақ

Малдың мойынына қарап ажыратуға болады.

А. Жынысын

В. Өнімділік бағытын, ұзын-қысқалағын

С. Жынысын, өнімділік бағытын және ұзын-қысқалағын

Шоқтықтың өте биік әрі ашалануы малдың ...

А. сыртқы пішінінің үлкен кемістігі болып табылады

В. сыртқы пішінінің үлкен кемістігі болып табылмайды

Сүтті сиыр шоқтығы ... болып келеді.

А. түзу, жуандығы орташа

В. аласа әрі жуан, кейде аша тәріздес

С. бұлшық еттері дамыған

D. майысқан, жуан келген

Етті малдың шоқтығы ... болып келеді.

А. түзу, жуандығы орташа

В. бұлшық еттері әлсіздеу

С. майысқан, жуан келген

D. аласа әрі жуан, бұлшық еттері дамыған

... алғашқы арқа омыртқалар қырының, жауырын биіктігінің, ондағы бұлшықеттердің дамуына байланысты.

А. Бас

В. Шоқтық

С. Жауырын

D. Кеуде

Тіршілікке маңызды жүрек пен өкпе орналасқандықтан, ... жануар сыртқы пішінінің негізгі мүшелірінің бірі болып саналады.

А. Кеуде

В. Қарын

С. Шоқтық

D. Мойын

Денсаулығы мықты, мол өнімді малдың кеудесі ... болады.

А. Кең әрі қысқа

В. Тар және таяз

С. Кең әрі терең

D. Терең және тар

Кеуде тереңдігі шоқтық биіктігінің ... пайызынан асса-терең де жақсы дамыған кеуде болып бағаланады.

А. 40

В. 50

С. 60

D. 70

Таяз әрі жіңішке кеуде мал организмінің ... білдіреді.

А. Әлсіздігін

В. Күштілігін

С. Мықтылығын

D. Шапшаңдығын

Дұрыс, тік орналасуларына, мықтылығы мен бұлшықеттерінің дамығандығына, сіңірлерінің жетілуіне, тұяқтарының беріктігіне қарап бағалайды

А. Алдыңғы және артқы аяқтарды

В. Артқы аяқтар мен мойында

С. Алдыңғы аяқтар мен тұяқтарды

D. Аяқтар мен салмағын

Артқы аяқтарының ... сырткы пішіннің кемістіктері болып табылады.

А. Қылыш тәріздес иілуі

В. Піл сирақтылық пен жалпақ табандылық

С. Қылыш тәріздес иілуі, піл сирақтылық пен жалпақ табандылық

Сүтті сиырдың сыртқы пішінін бағалаудағы маңызды мүше

А. Басы

В. Мойыны

С. Желіні

D. Аяқтары

... желінді сиыр сүттілігі кем болады.

А. Ешкі

В. Тостаған

С. Ванна

D. Домалақ

Сүттілігі мол сиыр желіні

А. Ванна не торсық тәріздес

В. Тостаған не ванна тәріздес

С. Ванна не домалақ тәріздес

D. Тостаған не ешкі тәріздес

Желінінің алдыңғы және артқы бөлімдері дамыған, емшектері машинамен саууға ыңғайлы салалы, цилиндр тәріздес, біркелкі дамыған, алшақ орналасқан сиырлар

А. Сүттілігі мол сиыр

В. Сүттілігі орташа сиыр

С. Сүттілігі ортадан төмен сиыр

D. Сүттілігі аз сиыр

Желіннің машинамен саууға жарамдылығын оның алдыңғы бөлімдерінен сауылатын сүт үлесінің жалпы сауылған сүт мөлшеріне шаққандағы көрсеткіші болып табылатын ... бағалайды.

А. Желін индикаторымен

В. Желін салмағымен

С. Желіннің көлемімен

D. Желін индекісімен

Ұрғашы және еркек малдың жыныс мүшелері мен жыныстық белгілері

А. жақсы жетілуге тиіс

В. жақсы жетілуге тиіс емес

Крипторхизм және жыныс бездерінің әркелкі дамуы еркек малдың үлкен ... болып саналады.

А. Дұрыс азықтанбағана

В. Мықтылығы

С. Кемістігі

D. Нашарлығы

Мал шаруашылығы салаларына

А. Қой, ешкі, cиыр, жылқы, түйе, шошқа, құс

В. Қой, ешкі, cиыр, жылқы, бидай, шошқа, құс,

С. Қой, ешкі, орман, жылқы, түйе, шошқа, құс

D. Қой, ешкі, cиыр, жылқы, түйе, ауыл, құс

Мал шаруашылығының ғылыми негізі ... болып есептелінеді

А. Зоология

В. Зооинженерия

С. Зоотехния

D. Зоопарк

Зоотехния ғылымын ... деп бөледі.

А. Жалпы және жалғыз

В. Жеке және барлық

С. Жалпы және жеке

D. Жеке және жеке

... малдың барлық немесе көпшілік түліктеріне қатынасы бар асылдандыру, азықтандыру және бағып-күту әдістерін зерттейтін ғылымдарды жатқызады

А. Жалпы зоотехнияға

В. Жеке зоотехнияға

С. Дара зоотехнияға

D. Зоотехнияға

... нақтылы бір мал түлігін өсіру,азықтандыру және күту ерекшеліктерін зерттейтін ғылымдар енеді

А. Жалпы зоотехнияға

В. Жеке зоотехнияға

С. Дара зоотехнияға

D. Зоотехнияға

... деп мал тұқымын жүйелі түрде асылдандырып, ұтымды жолмен азықтандыруды, бағып-күтуді ұйымдастыра отырып, олардың сапалы мөл, әрі арзан өнім алу мәселесін зерттейтін ғылымдар жиынтығын айтады

А. Зооинжерения

В. Зоопехния

С. Зоология

D. Зоотехния

Зоотехния сөзінің грек тіліндегі ұғымда

А. (мал, өлі ағза – өнер, шеберлік)

В. (мал, тірі ағза – өнер, шеберлік)

С. (мал, тірі ағза – мал, шеберлік)

D. (мал, тірі ағза – өнер, шабу)

Малдың өсуі дегеніміз ...

А. философиялық тұрғыдан алғанда белгілі бір бағыттағы

ілгері қозғалыс.

В. белгілі бір арнайы қызмет атқаратын тканьдердің, органдардың пайда болуы және олардың арасында жаңа қатынастың қалыптасуы.

С. төменгі сатыдан жоғары сатыға көшу жолдары.

D. клеткаларының тканьдері мен органдарының үлкеюі жалпы бойының, көлемінің, салмағының артуы.

Малдың өсіп-жетілуін туғаннан кейін оның ... өлшеу арқылы анықтайды.

А. салмағын, бойын және жынысын

В. салмағын, ұзындығын және көлемін

С. салмағын, бойын және көлемін

D. денесін, бойын және көлемін

Желін индекісі ... асқаны жөн.

А. 0,4-тен (50%-дан)

В. 0,5-тен (50%-дан)

С. 0,6-тен (50%-дан)

D. 0,5-тен (40%-дан)

Е.

Малдың бойын өлшеу-оның экстерьері туралы нақтылы деректер

А. бермейді

В. беруі мүмкін

С. береді

Малдың бойын өлшеуге керек құралдар:

А. өлшеуіш құрал, өлшеуіш таспа, өлшеуіш циркуль

В. өлшеуіш таяқ, өлшеуіш шпатель, өлшеуіш циркуль

С. өлшеуіш таяқ, өлшеуіш таспа, өлшеуіш цилиндер

D. өлшеуіш таяқ, өлшеуіш таспа, өлшеуіш циркуль

Малдарды көзбен бағалауға қосымша әдіс түрі

А. Фотаға түсіру

В. Өлшемдер алу

С. Сипап қарау

D. Таразыға салу

Бой өлшемдері дене мүшелерінің сандық мөлшерін дұрыс көрсеткенімен, сапалық сипатын ...

А. толық аша алмайды

В. Ашуы мүмкін

С. толық аша алады

... ағаштан не темірден жасалынады. Мал түлігінің түріне, жасына байланысты әр түрлі болады.

А. Өлшеуіш бұрыш

В. Өлшеуіш таспа

С. Өлшеуіш циркуль

D. Өлшеуіш таяқ

... темірден жасалынады. Бір-бірімен жылжы-малы қосылған, ұшы жұмыр, жарты шеңберлі екі аяқшасынан және бір аяқшасы бойымен жылжитын жұқа, доға тәрізді иілген металл табақшасынан тұрады.

А. Өлшеуіш бұрыш

В. Өлшеуіш таспа

С. Өлшеуіш циркуль

D. Өлшеуіш таяқ

... ұзындығы 3-5 метр, дәлдігі миллиметрге дейін көрсететін жіңішке таспа.

А. Өлшеуіш бұрыш

В. Өлшеуіш таспа

С. Өлшеуіш циркуль

D. Өлшеуіш таяқ

Мал бойын таңертең, аш қарында немесе азықтандырғаннан кейін ... соң өлшеген дұрыс.

А. 2,5 сағаттан

В. 5 сағаттан

С. 3 сағаттан

D. 4 сағаттан

Малды өлшегенде ...

А. ол керіліп – созылмауы, табиғи қалыпты жағдайда еркін тұруы қажет етпейді

В. ол керіліп – созылмауы, табиғи қалыпты жағдайда еркін тұруы қажет

С. ол керіліп – созылмауы, табиғи қалыпты жағдайда еркін тұруы қажет емес

D. ол керіліп – созылмауы, табиғи қалыпты жағдайда болмау керек

Мал бойының өлшемдері ... жуық.

А. 50 ге

В. 70 ке

С. Мүлде болмайды

D. 90 ға

Мал бойының (шоқтығының) биіктігі өлшенеді

А. соңғы бел омыртқасының үстінен сербекке жанай жерге дейін

В. соңғы көкірек омыртқасының арқа өсіндісінің үстінен жерге дейін

С. шоқтықтың ең жоғарғы нүктесінен жерге дейін

D. құйымшақтың ең биіктігінен жерге дейін

Мал арқасының биіктігі өлшенеді

А. соңғы бел омыртқасының үстінен сербекке жанай жерге дейін

В. соңғы көкірек омыртқасының арқа өсіндісінің үстінен жерге дейін

С. шоқтықтың ең жоғарғы нүктесінен жерге дейін

D. құйымшақтың ең биіктігінен жерге дейін

Мал белінің биіктігі өлшенеді

А. соңғы бел омыртқасының үстінен сербекке жанай жерге дейін

В. соңғы көкірек омыртқасының арқа өсіндісінің үстінен жерге дейін

С. шоқтықтың ең жоғарғы нүктесінен жерге дейін

D. құйымшақтың ең биіктігінен жерге дейін

Шоқтықтың ең биігінен жауырын сыртын жанай төс сүйегінің ең төменгі нүктесіне дейінгі дене өлшемі

А. Кеудесінің енділігі

В. Шоқтығының биіктігі

С. Кеудесінің тереңдігі

D. Тұрқының қиғаш ұзындығы

Сиыр басының ұзындығы өлшенеді

А. мықын сүйектерінің ең алшақ нүктелерінің ара қашықтығы

В. көз сүйегі доғаларының ең алшақ нүктелерінің ара қашықтығы

С. соңғы көкірек омыртқасының арқа өсіндісінің үстінен жерге дейін

D. мүйіз аралығының ортаңғы нүктесінен мұрын айнасына дейін

Жауырын сыртынан орап өлшенетін дене өлшемі.

А. Жіліншігінің орамы

В. Кеуде орамы

С. Бөксесінің жартылай орамы

Қай малда денесінің ұзындығы – шүйде қырынан құйрығының түбіне дейін (таспамен өлшенеді).

А. Сиырда

В. Шошқада

С. Жылқыда

D. Қойда

Жіліншігінің орамы алынады.

А. Сол жақ тізе буынының бұдырынан оң жақ тізе буынының сыртқы бұдырына дейін құйрық астынан орап өлшегендегі қашықтық

В. Жауырын сыртынан орап өлшейді

С. Сирақтың ең жіңішке жерінен

D. Көз сүйегі доғаларының ең алшақ нүктелерінің ара қашықтығы

Сол жақ тізе буынының бұдырынан оң жақ тізе буынының сыртқы бұдырына дейін құйрық астынан орап өлшегендегі қашықтық.

А. Жіліншігінің орамы

В. Кеуде орамы

С. Бөксесінің жартылай орамы

D. Шоқтығының биіктігі

Мал организмінің сыртқы орта жағдайларына бейімделуі мен оның өнімділік қабілеттілігін қалыптастыратын анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері мен тұқымдық қасиеттері.

А. Интерьер

В. Экстерьер

С. Конституция

D. Дене бітімі

Малдың сыртқы пішіні, яғни ..., деп оның организмінің анатомиялық-физиологиялық жағдайларына байланысты қарастырылған сыртқы түрін айтады.

А. Дене бітімі

В. Интерьері

С. Конституциясы

D. Экстерьері

Көзбен бағалау әдісінде ... жерде тұрған малды алдынан, бүйірінен, артынан мұқият қарап, сыртқы тұрқын, аяқтарының орналасуын, дене мүшелерінің айқындығын (қажет болса ұстап көріп), олардың бір-бірімен үйлесімдігін бақылайды да, түр-тұлғасын бағалайды

А. 1,5-3,5 м

В. 1,5-2,5 м

С. 1,5-2 м

D. 1-1,5 м

Малдың сыртқы пішінін бағалаудағы ең карапайымы әдісі

А. Өлшемдер алу

В. Көзбен бағалау

С. Графикалық бағалау

D. Сурекке түсіру арқылы

Мықын сүйектерінің ең алшақ нүктелерінің ара қашықтығы

А. Шоқтығының биіктігі

В. Жіліншігінің орамы

С. Сербегі аралық енділігі

D. Кеудесінің орамы

Дене бітімінің үйлесімділігі (пропорционалдығы) мен мықтылығын аңғартады.

А. Бел

В. Жота

С. Сауыр

D. Аяқ

... ойыстанбай, малдың сауырына өтуі тиіс. Оның қысқа, тегіс әрі жалпақтығы дене бітімінің мықтылығын меңзейді

А. Бел

В. Жота

С. Сауыр

D. Аяқ

Француз сөзінен, «сыртқы түрдің» сөзбе-сөз аудармасы.

А. Экистербир

В. Эксрбер

С. Экстербер

D. Экстер

Шаруашылық жағдайында малдың ... бақылау үшін малды туғанда, бір, екі, үш, алты, тоғыз, он екі және он сегіз айлықтарында өлшейді

А. Жақсы жетілгенін

В. Жыныстық жетілуін

С. Өсіп-жетілуін

D. Жыныстық дамуын

Мал екі жасқа толғаннан кейін жылына ... рет өлшейді

А. 4

В. 2

С. 1

D. 3

Жауырын мен тоқпан (қол) жіліктің қосылысы буынының алдыңғы бұдырынан жамбастың шонданай сүйегінің артқы бұдырына дейін өлшенетін мал денесінің өлшемі.

А. Құйымшағының биіктігі

В. Тұрқының қиғаш ұзындығы

С. Кеудесінің енділігі

D. Тұрқының түзуінен ұзындығы

Жылқының сыртқы пішінін бағалағанда оның дене мүшелерін ... топқа бөледі

А. 1

В. 4

С. 2

D. 3

Мал тұқымын ... деп экономикалық, ұйымдастыру, агрономиялық, мал дәрігерлік, гигиеналық және зоотехниялық шаралардың ғылыми негізделген жүйесін айтады

А. Жақсарту

В. Асылдандыру жұмысы

С. Көбейту

D. Ұрықтандыру

... дегеніміз тіршілік ортасы мен өндіріс технологиясы жағдайына жақсы бейімделген, адамға қажетті өнімі жағынан құнды малды іріктеп, таңдап алу, ал құнсыз малды жарамсыздар тобына (бракқа) шығару.

А. Жұп таңдау

В. Мал өсіру

С. Сұрыптау

D. Экстерьер

Сұрыптау мен жұп құру бірлігін ... деп атайды.

А. Экстерьер

В. Мал өсіру

С. Селекция

D. Қан жаңарту

Сұрыптау туралы ілімді кезінде ... жасаған болатын.

А. Ч.Дарвин

В. Н. Кравченко

С. П. Кулешов

D. М. Иванов

Пайдалы жеке өзгерістерінің арқасында сыртқы орта жағдайларына жақсы бейімделетін организмдердің тіршілік етіп, сақталуы ...

А. Жаппай сұрыптау

В. Табиғи сұрыптау

С. Қолдан сұрыптау

D. Жерсінуі

... адам жүргізеді, мұнда ол өзіне қажетті қасиеттері бар жануарларды ұрпақ алу үшін іріктеп таңдап алып, сақтайды және көздеген мақсаттағы белгілері нашар дамыған жануарлардың тұқымдық мал ретінде көбеюіне жол бермейді.

А. Жаппай сұрыптауды

В. Табиғи сұрыптауды

С. Қолдан сұрыптауды

D. Жерсіндіруді

Өзгергіштік, тұқым қуалаушылық және тіршілікке бейімділік секілді құбылыстардың нәтижесі

А. Селекция

В. Жұптау

С. Сұрыптау

D. Жетілу

... сұрыптауды пайдалы өсімдіктер мен жануарларды шығарудағы адамның табысқа жетуінің негізгі кілті деп есептеді

А. Ч.Дарвин

В. Н. Кравченко

С. П. Кулешов

D. М. Иванов

Малдың сыртқы пішіні мен дене бітімі оның жеке тұлғалык ерекшеліктері

А. Генотип

В. Конституция

С. Фенотип

Организмнің тұкымдық қасиеттері белоктар мен нуклеин қышқылдарынан (ДНҚ, РНҚ) тұратын ... деп аталатын полимерлер арқылы беріледі

А. Қан

В. Нерв жүйесі

С. Жүйке талшықтары

D. Хромосомалар

ДНҚ молекулалары фосфат қыш-қылының қалдығынан, дезоксирибозадан және ... негіздерінен кұрастырылған нуклеотидтердің қос бұрамынан тұрады.

А. хромосома (Х), гуанин (Г), тиамин (Т), цитозин (Ц)

В. аденин (А), гуанин (Г), РНҚ, цитозин (Ц)

С. ДНҚ, гуанин (Г), тиамин (Т), цитозин (Ц)

D. аденин (А), гуанин (Г), тиамин (Т), цитозин (Ц)

ДНҚ молекуласы ... бөлінгенде бұрамы тарқатылады да, оның әр тізбегінің бойында комплементарлық, яғни толықтырушылық, ережесіне сәйкес жаңа тізбек құрастырылады.

А. 3

В. 1

С. 2

D. 4

Белгілі бір белгінің берілуін қамтамасыз ететін үштік

А. аденин

В. ген

С. тиамин

D. жасуша

Белоктағы барлық 20 аминқышқылының орналасуын қамтамасыз ететін барлық үштіктер жиынтығын организмнің ...

А. ДНҚ және РНҚ

В. хромосома

С. генетиқалық коды

D. гендік жүйе

Малдың тұқымдық қасиеттерін бағалағанда оның аталық және енелік шығу тегі зерттеледі.

А. Жануар

В. Пробанд

С. Хромосома

D. Гені

Организмнің ұрықтан (зигота) пайда болып, өлгенге дейінгі жеке өсіп-жетіліп дамуы.

А. Жыныстық жетілу

В. Онтогенез

С. Филогенез

D. Өсіп-жетілу

Онтогенезде организм (жануар денесі), көлемдік тұрғыдан ұлғайып (ұзарып, кеңейіп), салмақ қосып ауырлауы.

А. Дамуы

В. Жетілуі

С. Өсуі

D. Жетілуі

Организм эмбриогенезі мүйізді ірі қара малда

А. 11 ай

В. 9 ай

С. 5 ай

D. 3,8 ай

Организм эмбриогенезі жылқы малында

А. 11 ай

В. 9 ай

С. 5 ай

D. 3,8 ай

Организм эмбриогенезі қой малында

А. 11 ай

В. 9 ай

С. 5 ай

D. 3,8 ай

Организм эмбриогенезі шошқада

А. 11 ай

В. 9 ай

С. 5 ай

D. 3,8 ай

Организм онтогенезі эмбрионалдық және туылғаннан кейінгі пост - эмбироналдық кезеңдерге бөлінеді.

А. ұрық— сақа мал— төл

В. төл — сақа мал —ұрық

С. ұрық — төл — сақа мал

... заңдылығына сәйкес: «...даму жылдамдығы жоғары мүшелер мен ағзалар сол кезеңдегі жетіспеушіліктен көбірек зардап шегеді» екен.

А. Ч.Дарвин

В. Н. Кравченко

С. П. Кулешов

D. Ч. Малигонов

Төлді азықтандыруындағы жетіспеушілік инфантилизм себептері

А. Мал өнімділігіне кері әсер етпейді

В. Мал өнімділігіне кері әсер етуі мүмкін

С. Мал өнімділігіне кері әсер етеді

Малды қай кезде өлшеген дұрыс.

А. Малды бір мезгілде – таңертең, азықтандырып жатқанда өлшейді

В. Малды бір мезгілде – таңертең, азықтандырғаннан кейін өлшейді

С. Малды бір мезгілде – таңертең, азықтандырғанға дейін өлшейді

D. Малды бір мезгілде – кешке, азықтандырғанға дейін өлшейді

Жылдам өсетін мал түлігін ... өлшейді.

А. Анда-санда

В. Жиірек

С. Жылына бір рет

D. Өлшемейді

Өсу жылдамдығын есептеледі.

А. Эмбироналдық кезеңдерде

В. Абсолюттік және салыстырмалы салмақ қосуымен немесе өлшемдерінің ұлғаюымен

С. Малды бір мезгілде – таңертең, азықтандырғанға дейін

D. Организмнің ұрықтан (зигота) пайда болғанда

Абсолюттік өсімді ... әріпімен белгілейді.

А. (Ас)

В. (Аө)

С. (А)

D. (а)

Абсолюттік өсім есептеледі

А. А = (Мс + Ма): У

В. А = (Мс - Ма): У

С. А = (Мс - Ма)+ У

D. А = (Мс - Ма) - У

40 кг тірілей салмақпен туылған бұзау 3 айлығында 100 кг тартса, оның абсолюттік салмақ қосуы

А. 55 кг

В. 50 кг

С. 60 кг

D. 65 кг

Ірі қара малдарын келесі айларында өлшейді.

А. туылғанда, 1-, 4-, 12-, 24

В. туылғанда, 1-, 2-, 4-, 6-, 9-, 12-, 24

С. туылғанда, 1-, 2-, 3-, 6-, 9-, 12-, 18-, 24

Қой малдарын келесі айларында өлшейді.

А. туылғанда, 1-, 4-, 12-, 24

В. туылғанда, 1-, 2-, 4-, 6-, 9-, 12-, 24

С. туылғанда, 1-, 2-, 3-, 6-, 9-, 12-, 18-, 24

Шошқаларды келесі айларында өлшейді.

А. туылғанда, 1-, 4-, 12-, 24

В. туылғанда, 1-, 2-, 4-, 6-, 9-, 12-, 24

С. туылғанда, 1-, 2-, 3-, 6-, 9-, 12-, 18-, 24

Онтогенез бұл ...

А. Өсу барысында мүшелері мен ағзада орын алатын өзгерістердің нәтижесі

В. Организмнің ұрықтан (зигота) пайда болып, өлгенге дейінгі жеке өсіп-жетіліп дамуын

С. Организм (жануар денесі), көлемдік тұрғыдан ұлғайып (ұзарып, кеңейіп), салмақ қосу

«Тұрақтандырушы сұрыптау» терминин ұсынған ғылым

А. И. Шмальгаузен

В. Н. Кравченко

С. П. Кулешов

D. Ч. Малигонов

«Технологиялық сұрыптау» терминин ұсынған ғылым

А. И. Шмальгаузен

В. А. Овсянников

С. П. Кулешов

D. Ч. Малигонов

«Жанама сұрыптау» терминин ұсынған ғылым

А. И. Шмальгаузен

В. И. Овсянников

С. Е. Богданов

D. Ч. Малигонов

Зоотехниядағы табиғи және қолдан сұрыптау туралы ілімін дамыту процесінде сұрыптаудың формаларын шектейтін қосымша атаулар енгізілген.

А. И. Шмальгаузен

В. И. Овсянников

С. Е. Богданов

D. Ч.Дарвин

Қолдан сұрыптауды жануарлардың бір тобының тіршілік етіп, көбею құқығы алынып, екінші ұнамды топқа берілетін процесс деп есептеді

А. Н.Чирвинский

В. И. Овсянников

С. Е. Богданов

D. Ч.Дарвин