Кіріспе


Ел экономикасындағы өрлеудің тұрлаулы әрі серпінді сипатын ұстап тұру үшін мемлекет қазынагерлік, кредит-ақша саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта бөлуді мемлекеттік реттеу тетіктерін пайдаланып, жоғары сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті. Экономикамыздың жаңа салаларын әртараптандыру мен дамытуды ынталандыру, бұл салаларға шетел капиталы мен соны ілімді тарту мақсатында икемді салық және бюджет саясатын пайдалану керек.  Өткен жылдың өзінде жалпы қазақстандық жобамызды тұжырымдап, оны іске асыруға қолға алғанбыз. Бұл – біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыз және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту.  Мұның қажетті шарты – Қазақстан тауарлары мен қызметтерінің озық халықаралық стандарттардың сапалық деңгейіне шығу.

       Бухгалтерлік есеп жүйесін қайта құруда бухгалтерлік есептің жалпы қабылданған қағидаларына басты ролі беріледі. Бұл қағидалар бухгалтерлік есеп пен стандарттардың жалпы тұжырымдамасының негізі ретінде қызмет етеді.

Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден – бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті – халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізу. Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын, әсіресе бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Қоғамдық даму нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына қойылатын талаптардың өсіп, міндеттердің артып отырғандығы бухгалтерлік есептің тарихынан белгілі. Бухгалтерлік есеп көптеген жүз жылдықтар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін дамып, пайдаланып келеді.

Бухгалтерлік есеп жүйесін қайта құруда бухгалтерлік есептің жалпы қабылданған прициптеріне басты ролі беріледі. (Generally Accepted Accounting Pгinciples - GAAP) Принциптер заңдылық тәртіпте бекітіледі. Бұл принциптер бухгалтерлік есеп пен стандарттардың жалпы тұжырымдамасының негізі ретінде қызмет етеді.

Қазақстанның халықаралық стандарттарға бағдарлануы оң әлемдік тәжірибені зерттеуге және оны пайдалануға мәжбүрлейді. Континенттер мен елдердің географиялық жақындығы, тығыз экономикалық байланыстар, шетел компанияларының Қазақстанның инвестициялық қызметіне белсенді қатысуы есепке алу жүйесіне, тұтастай алғанда, жаңадан қарауға мәжбүрлейді. Есепке алу тәжірибесі түрлі елдерде әралуан, бірақ та оның бастауы ортақ және философиясы ортақ және бұл Қазақстанның есепке алу практикасына оң тәжірибе енгізу мақсатында бухгалтерлік есепке алудың және аудиттің маңызды ерекшеліктері мен жаңа бағыттарын зерттеу қажеттілігін растайды.

        Халықаралық интеграцияның экономика саласындағы ролінің күшеюіне байланысты, бизнестің дамуы және осыған байланысты бухгалтерлік есепті халықаралық унификациялау мәселесіне ерекше көңіл бөліну қаржылық есептіліктің біртұтастығы мен шынайлығына белгілі бір талаптар қояды.

        Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық қорытындыларын міндеттемелері мен есеп айрысуларын, мүліктің қозғалысын бейнелейтін ақпараттық жүйе. Бухгалтерлік есеп шаруашылық құбылыстардың сандық жағын саналық жағымен үздіксіз байланыстырып, шаруашылық операцияларды табиғи және ақшалай бейнеде тіркейді. Қазақстан нарық экономикасының  теоремасы мен демократиялық даму ақиқаттарының тар жол, тайғақ кешуінен тайсалмай өтіп, алған бағытынан таймай алға басты. Жаңа экономикалық жүйенің, демократиялық құқылық мемлекеттің іргетасын нық қалап, осы заманға қоғамдық институттарды нығайтып, өмірдің сапасы мен ұстындарын да өзгертті.

        Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі  үлкен өзгерістерге ұшырады. Экономикалық өсу қаржы тұрақтылығына, өндірісті әртараптандыруды қамтамасыз етуге, аса маңызды салаларға инвесторларды тартуға, шешуші бизнес салаларының іскерлігін арттыруға, белсенді өндіріс саясатын енгізуге септігін тигізді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының типтік есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, үйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.