Операциондық сараланымдар (ХҚЕС 8)


1.Операциондық сараланымдар түсінігі

2.Сараланымдық есептілік

        1.Көптеген компаниялар тауарлар немесе қызмет көрсетулер тобын шығарады, немесе пайдалылық нормалары, даму мүмкіндіктері, болашаққа перспективалар және тәуекелдері әр түрлі географиялық аудандарда жұмыс iстейдi. Компанияның тауарлары мен қызмет көрсетулерiнiң әр түрлi тұрпаттары және әр түрлi географиялық аудандардағы оның операциялары туралы - көбiнесе сараланымдық ақпарат деп аталатын - ақпарат әр тараптандырылған халықаралық компанияның тәуекелдерi мен пайдасын бағалау үшiн маңызды болады, бiрақ жиынтық деректерден анықталмауы мүмкiн. Сөйтiп, сараланымдық ақпарат қаржы есептiлiгiн пайдаланушылардың қажеттерiн қанағаттандыруға керектi нәрсе ретiнде кеңінен қарастырылады.

              Егер бағалы қағаздары еркін айналымда жүрмеген компания Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сәйкес келетiн қаржы есептiлiктерiн әзiрлесе, ондай компанияның сараланымдар бойынша ақпаратты ерiктi түрде ашып көрсетуi мақұлданады.

        Егер бағалы қағаздары еркін айналымда жүрмеген компания Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сәйкес келетiн қаржы есептiлiктерiнде сараланымдық ақпаратты ерiктi түрде ашып көрсетудi ұйғарса, ондай компания талаптарын толық сақтауға тиiс. Егер бір қаржы есебiнде бағалы қағаздары еркін айналымда жүрген компанияның шоғырландырылған қаржы есептiлiгi де, және басты немесе бiр не бiрнеше еншiлес компанияның жекелеген қаржы есептері де болса, сараланымдық ақпарат шоғырландырылған қаржы есептiлiгiнiң негiзiнде ғана ұсынылуға тиiс. Егер еншiлес компанияның өзi бағалы қағаздары еркін айналымда жүрген компания болса, ол сараланымдық  ақпаратты өзiнiң жеке қаржы есебiнде ұсынатын болады.

                Осы сияқты, егер бір қаржы есебiнде бағалы қағаздары еркін айналымда жүрген компанияның қаржы есептері де, қауымдас компанияның үлес қосып қатысу әдiсi немесе онда компанияның қаржылық мүддесi бар бiрлескен қызмет әдiсi бойынша жекелеген қаржы есептері де болса, сараланымдық ақпарат компанияның қаржы есептерi негiзiнде ғана ұсынылуға тиiс. Егер үлес қосып қатысу әдiсi бойынша  қауымдасқан компания немесе компанияның  бiрлескен қызметінiң өздері бағалы қағаздары еркін айналымда жүрген компания болса, ол сараланымдық ақпаратты өзiнiң меншiктi жеке қаржы есебiнде ұсынатын болады.

        Шаруашылық сараланымы – бұл жекелеген тауарлар өндiрумен (қызметтер көрсетумен) компанияның немесе компанияның басқа сараланымдарына қарағанда өзгеше тәуекелдерге ұшырайтын және пайдалар алатын  өнімдерге немесе қызмет көрсетулерге байланысты топтың айрықша құрамдас элементі. Тауарлар мен қызмет көрсетулердiң байланысты болуын анықтаған кезде мынадай факторлар қарастырылуға тиiс:

·          тауарлардың немесе қызмет көрсетулердiң сипаты;

·          өндiрiстiк процестердiң сипаты;

·          тауарларға немесе қызмет көрсетулерге арналған клиенттің тұрпаты немесе сыныбы;

·          тауарларды тарату және қызмет көрсету үшін пайдаланылған әдістер; және

·          егер мұны қолдануға болса, реттеушi ортаның сипаты, мысалы, банк, сақтандыру және коммуналдық кәсiпорындар.

Географиялық сараланым – бұл басқа экономикалық жағдайларда iс-әрекет ететiн құрамдас элементтердің тәуекелдерi мен пайдаларынан өзгеше тәуекелдерге ұшырайтын және пайдалар алатын нақты экономикалық ортада өнім өндiрумен немесе қызмет көрсетумен айналысатын компанияның айрықша құрамдас элементі. Географиялық сараланымдарды анықтаған кезде мынадай факторлар ескерiлуге тиiс:

·          экономикалық және саяси жағдайлардың ұқсастығы;

·          әр түрлi географиялық аудандардағы операциялардың арасындағы  қатынастар;

·          операциялардың жақындығы;

·          нақты аудандағы операциялармен байланысты арнайы тәуекелдер;

·          валюталық бақылау ережелерi; және

·          негiзiнде жатқан валюталық тәуекелдер.

       2.Есептi сараланым – бұл жоғарыда келтiрiлген анықтамалардың негiзiнде айқындалған шаруашылық немесе географиялық сараланым, ол үшін, сараланымдық ақпарат ұсыну талап етiледі.

               Бір шаруашылық сараланымы едәуiр өзгеше тәуекелдер мен пайдалары бар тауарлар мен қызмет көрсетулерді қамтымайды. Шаруашылық сараланымын анықтау кезiнде бiр немесе бiрнеше факторларға қатысты алшақтықтар пайда болуы мүмкiн болатындығына қарамастан, бiр шаруашылық сараланымына енгiзiлген тауарлар мен қызмет көрсетулер факторлардың көпшiлiгiне қатысты ұқсас болуға тиiс деп топшыланады.

               Компанияның ұйымдық құрылымы және оның iшкi есептiлiгінің құрылымы әдетте оның активтерi орналасқан жер (оны сататын жер) немесе оның клиенттерi орналасқан жер (оны сату орны) географиялық тәуекелдердiң негiзгi көзi болып табылу-табылмауы жайында дәлелдеме бередi. Тиiсiнше, компания бұл құрылымды оның географиялық сараланымдары: оның активтерi орналасқан жерге, немесе оның клиенттерi орналасқан жерге негiзделуге тиiс екендiгiн анықтау үшiн қарастырады.

               Шаруашылық немесе географиялық сараланымдарының құрамын анықтау субъективті шешімнің белгiлi бiр үлесiн топшылайды. Ондай шешімдi қабылдаған кезде компания басқармасы, осы Стандартта белгiленгендей, сараланым бойынша қаржы ақпаратын ұсыну мақсатын және ХҚЕСК  Принциптерінде анықталғандай, қаржы есептiлiгiнiң сапалық сипаттамасын ескередi. Бұл сапалық сипаттамалар компанияның тауарлары мен қызмет көрсетулерiнің әр түрлi топтары және нақты географиялық аудандардағы оның операциялары жайында есептiлiкте ұсынылатын қаржы ақпаратының уақытқа сай маңыздылығын, сенiмдiлiгiн және салыстырмалылығын, және тұтас алғанда компанияның тәуекелдерi мен пайдаларын бағалау үшiн осындай ақпараттың пайдалылығын қамтиды.

              Сараланымның кірісі – бұл компанияның пайдалары мен залалдары туралы есепте ұсынылған кіріс, оның сараланымға тiкелей қатысы бар және компания кірістерінің компаниядан тыс тараптармен операцияларынан немесе тап осы компанияның басқа да сараланымдарымен операциялардан алынатын, негізді түрде сараланымға жатқызылуы мүмкін кіріс.

               Қауымдасқан компаниялардың, бiрлескен кәсіпорындардың немесе басқа инвестициялардың үлес қосып қатысу әдiсi бойынша ескерiлген пайдалардағы немесе залалдардағы компанияның үлесi, егер осы баптар компанияның шоғырландырылған немесе жалпы кірісіне енгiзiлсе ғана, сараланымның кірісіне қосылады.

              Сараланымның шығыстары – бұл сараланымның негізгі қызметiнiң нәтижесiнде туындайтын, сараланымға тiкелей қатысы бар шығыстар, және ақылға қонымды негiзде сараланымға жатқызылуы мүмкiн шығыстардың тиiстi бөлiгi, соның iшiнде сыртқы клиенттерге сатуға жататын шығыстар және тап сол компанияның басқа сараланымдарымен операцияларға жататын шығыстар. Негiзiнен қаржы сипатында болатын сараланым операциялары үшiн, пайыздық табыс және пайыздық есептерде сараланымның есептiлiк мақсаттары үшiн, егер осы баптар шоғырландырылған қаржы есептiлiгiнде немесе компанияның қаржы есептiлiгiнде ұсынылса ғана, бір таза сома ретінде  ұсынылуы мүмкiн.

       Сараланымның нәтижелерi – бұл сараланымның шығыстарын шегергендегi оның кiрiстерi. Сараланымның нәтижелерi азшылық үлесiне жататын кез келген түзетулерге дейiн анықталады.

       Сараланымның активтерi –  бұл  сараланым өзiнiң негізгі қызметiнде пайдаланатын және сараланымға тiкелей жатқызылатын, не ақылға қонымды негiзде оған жатқызылуы мүмкiн  активтер.

        Егер сараланымның нәтижесi пайыздық немесе дивидендтік табысты қамтитын болса, оның активтерi, тиiсінше, дебиторлық берешектi, инвестицияларды немесе табыс әкелетiн басқа да активтердi қамтиды. Сараланым активтерi пайдаға салынатын салықтар бойынша салық активтерін қамтымайды. Сараланым активтерi үлес қосып қатысу әдiсiне сәйкес ескерiлген инвестицияларды, егер ондай инвестициялардан алынған пайда немесе залал сараланымның кiрiстерiне жатқызылатын болса ғана, қамтиды. Сараланым активтерi бiрлесiп бақылау жасалатын кәсiпорынның операциялық активтерiндегi бiрлескен кәсіпкердің үлесiн қамтиды, ол 31 IAS Халықаралық стандартына сәйкес тепе-тең шоғырландыру әдiсi бойынша ескерiледi.

       Сараланым активтерi компанияның бухгалтерлік балансындағы тiкелей есепке алулар ретiнде ұсынылатын тиiстi бағалау резервтерi шегерiлгеннен кейiн анықталады. Сараланымның мiндеттемелерi – бұл сараланымның операциялық қызметiнiң нәтижесiнде туындайтын және сараланымға тiкелей бөлінетін не оған негiздi түрде жатқызылуы мүмкiн операциялық мiндеттемелер.

      Егер сараланым нәтижесi пайыздық шығыстарды қамтитын болса, онда оның мiндеттемелерi пайыздары бар тиiстi мiндеттемелердi қамтиды. Сараланымның мiндеттемелерi бiрлесiп бақылау жасалатын ұйымның мiндеттемелерiндегi бiрлескен кәсіпкердің үлесiн қамтиды, ол 31 IAS сәйкес тепе-тең шоғырландыру әдiсi бойынша ескерiледi. Сараланымның мiндеттемелерi пайдаға салынатын салықтар бойынша мiндеттемелердi қамтымайды.

      Сараланымның есеп саясаты – бұл шоғырландырылған қаржы есептілігін ұсынатын топтың немесе компанияның қаржы есептерiн әзiрлеу және ұсыну үшiн бекітілген есеп саясаты, сондай-ақ сараланымның есептiлiгiне тiкелей қатысты есеп саясаты. Сараланым кiрiстерiнің, оның шығыстарының, активтерi мен мiндеттемелерiнің анықтамалары сараланымға тiкелей бөлінетін баптардың сомаларын, және негiздi түрде соған жатқызылуы мүмкiн баптардың сомаларын қамтиды. Компания өзiнiң iшкi қаржы есептiлiгi жүйесiн сараланымға тiкелей бөлінуі немесе негiздi түрде жатқызылуы мүмкiн баптарды анықтауға арналған басталу нүктесi ретiнде қарастырады. Яғни, iшкi қаржы есептiлiгiнiң мақсаттары үшiн сараланымдар бойынша сәйкестендірілген сомалар есептi сараланымның кiрiстерiн, оның шығыстарын, активтерi мен мiндеттемелерiн өлшеу мақсаттары үшiн сараланымдарға тiкелей бөлінеді немесе негiздi түрде жатқызылады деп жорамалданады.

                Алайда, кейбiр жағдайларда кiрiс, шығыс, актив немесе мiндеттеме компанияның басқармасы үшiн түсiнiктi, бiрақ қаржы есептерiн сыртқы пайдаланушылар  үшін субъективтi, даулы, түсiнуге қиын болатын негiзде iшкi қаржы есептiлiгiне арналған сараланымдарға жатқызылуы мүмкiн. Ондай бөлу осы Стандартта сараланымның кiрiстерi, оның шығыстары, активтерi мен мiндеттемелерi анықтамаларына сәйкес негiзді бола алмас едi. Және, керiсiнше, бұл үшiн негiз бар екендiгiне қарамастан, компания iшкi қаржы есептiлiгiнiң мақсаттары үшiн кiрiстердiң, шығыстардың, активтің немесе мiндеттеменiң қандай да болсын бабын бөлмеудi қалауы мүмкiн. Ондай бап осы Стандартта келтiрiлген сараланымның кiрiстерi, оның шығыстары, активтерi мен мiндеттемелерi анықтамаларына сәйкес бөлiнедi.   

               Сараланым мiндеттемелерiнiң мысалдарына өтелуге тиісті сауда және басқа да дебиторлық  берешектер, есептелген мiндеттемелер, клиенттердiң аванстық төлемдері, өнiмге кепiлдi қызмет көрсетуге резервтер және тауар беруге және қызмет көрсетуге қатысты басқа да наразылықтар жатады. Сараланымның мiндеттемелерi қарыздық қаржыларды, активтерге жатқызылған, қаржылық жалдау тақырыбы болып табылатын (17 IAS) мiндеттемелердi және, дұрысын айтқанда, операциялық мақсаттарға қарағанда, қаржыландыру мақсаттары үшiн қабылданған басқа да мiндеттемелердi қамтымайды. Егер пайыздық шығыстар сараланым нәтижесiне қосылатын болса, онда пайыздары бар тиiстi мiндеттеме сараланымның мiндеттемелерiне қосылады. Операциялары негiзiнен қаржылық сипатта болмайтын сараланымдардың мiндеттемелерi қарыздық қаржылар мен сол сияқты мiндеттемелердi қамтымайды, өйткенi сараланым нәтижесi таза қаржы пайдасын немесе залалын емес, операциялық пайданы немесе залалды бiлдiредi. Оның үстiне, қорлық мiндеттемелер бүкiл компания шеңберiнде бас кеңсенiң деңгейiнде жиi шығарылатын болса, сараланымға пайыз есептелетiн мiндеттеменi тiкелей бөлу немесе негiздi түрде жатқызу жиi мүмкiн болмайды.

 

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Операциондық сараланым түсінігі?

2. Операциондық сараланым құрылымы қандай?

3.Операциондық сараланымды  рәсімеу қалай жүргізіледі?