Сатуға арналған айналымнан тыс активтер (ҚЕХС 5)


1. Сатуға арналған айналымнан тыс активтерді жіктеу

2. Жалғастырылатын қызметке қатысты басқа да пайда немесе залал

 

               1. Егер ұзақ мерзімді активтің (немесе шығаруға арналған топтың) баланстық құнының оны пайдалануды жалғастыра беру арқылы емес, негізінен сату есебінен толтырылса, кәсіпорын оны сатуға арналған ретінде жіктеуі тиіс.

                 Ол үшін актив (немесе шығаруға арналған топ) қазіргі күйінде және осындай активтерді (немесе шығаруға арналған топтарды) сатқанда қоса жүретін әдеттегі талаптармен дереу сатуда болуы тиіс, және де сату ықтималдығы жоғары болуы тиіс.

                 Сату ықтималдығы жоғары болу үшін, тиісті басшылық деңгейі активті (немесе шығаруға арналған топты) сату жөнінде жоспар қабылдауы тиіс және сатып алушыны іздеу әрі жоспарды орындау жөнінде қарқынды бағдарлама басталуға тиіс. Оның үстіне, активті (немесе шығаруға арналған топты) оның ағымдағы әділ құнымен салыстырғанда негізделген бағамен сату жөнінде қарқынды жұмыс жүргізілуі тиіс. Бұған қоса, 9-параграфпен шешілген жағдайларды қоспағанда, сату жіктеу күнінен бастап бір жыл ішіндегі аяқталған сату деп тануға арналған талаптарды қанағаттандырады деп күтілуге тиіс және сату жөніндегі жоспарды орындау үшін талап етілетін іс-әрекеттер жоспарда маңызды өзгерістер болуының немесе жоспарды болдырмай тастаудың тіпті де мүмкін емес екендігін көрсетуге тиіс.

                  Оқиғалардың немесе жағдайлардың ықпалымен сатуды аяқтау кезеңі бір жылдан асуы мүмкін. Егер кешіктірілу себебі кәсіпорын бақыламайтын оқиғалар немесе жағдайлар болып табылса әрі кәсіпорынның активті (немесе шығаруға арналған топты) сату жөніндегі жоспарды орындауды жалғастыратыны жеткілікті расталып тұрса, сатуды аяқтау үшін қажет кезеңді ұлғайту активті (немесе шығаруға арналған топты) сатуға арналған ретінде жіктеуге кедергі келтірмейді. Бұл В Қосымшасындағы критерийлер сақталғанда орындалады.

                  Айырбастаудың 16-«Негізгі құралдар» IAS Халықаралық стандартына сәйкес коммерциялық мәні болған жағдайда, ұзақ мерзімді активтерді басқа ұзақ мерзімді активтерге айырбастау сату операцияларына жатады.

                  Кәсіпорын ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) тек кейіннен шығару мақсатында сатып алғанда ғана ол ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) сатып алу күні сатуға арналған ретінде жіктеуі тиіс, және де осы күнге қанағаттандырылмаған кез келген басқа критерийдің сатып алғаннан кейін қысқа кезең ішінде (әдетте үш ай ішінде) қанағаттандырылуы әбден мүмкін.

                  Егер көрсетілген критерийлер есепті күннен кейін қанағаттандырылса, онда кәсіпорын шығару сәтінде осы қаржы есептілігінде ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) сатуға арналған ретінде жіктемеуі тиіс. Алайда, егер бұл критерийлер есепті күннен кейін, бірақ қаржы есептілігі шығаруға бекітілгенге дейін қанағаттандырылған болса, онда кәсіпорын бұл ақпаратты

         Сатылмай тоқтатылуға тиіс ұзақ мерзімді активтер

                Кәсіпорын пайдаланылуы тоқтатылуға тиіс ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) сатуға арналған ретінде жіктемеуі тиіс, өйткені оның баланстық құны негізінен алғанда пайдалануды жалғастыру арқылы өтеледі. Алайда, егер пайдаланылуы тоқтатылуға тиіс шығаруға арналған топ көрсетілген критерийлерге жауап берсе, онда кәсіпорын шығаруға арналған топтың ақша қаражатының нәтижелері мен ағындарын пайдалану тоқтатылған күні сәйкес тоқтатылған қызмет ретінде көрсетуі тиіс. Пайдаланылуы тоқтатылатын ұзақ мерзімді активтерге (немесе шығаруға арналған топтарға) экономикалық қызметінің мерзімі аяқталғанға дейін пайдаланылатын ұзақ мерзімді активтер (немесе шығаруға арналған топтар) және жабылатын, бірақ сатылмайтын ұзақ мерзімді активтер (немесе шығаруға арналған топтар) кіреді.

                  Кәсіпорын пайдаланудан уақытша алынып тасталған активті (немесе шығаруға арналған топты) оның пайдаланылуы тоқтатылған ретінде есепке алмауға тиіс.

         2.Жалғастырылатын қызметке қатысты басқа да пайда немесе залал

         Сатуға арналған ретінде жіктелген, тоқтатылған қызметтің анықтамасына сәйкес келмейтін ұзақ мерзімді активті (шығаруға арналған топтарды) қайта өлшеуден болған басқа да пайда немесе залал жалғастырылған қызметтен түскен пайдаға немесе залалға жатқызылуға тиіс. Сатуға арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активті немесе шығаруға арналған топты көрсету

                  Кәсіпорын сатуға арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активті және сатуға арналған ретінде жіктелген шығаруға арналған топтың активтерін баланста басқа активтерден бөлек көрсетуге тиіс. Сатуға арналған ретінде жіктелген шығаруға арналған топтың міндеттемелері баланста басқа міндеттемелерден бөлек көрсетілуі керек. Бұл активтер мен міндеттемелер өзара есепке алынбауы және бір сома ретінде көрсетілмеуі керек. Сатуға арналған ретінде жіктелген активтер мен міндеттемелердің негізгі қызметі бөлек не баланстың өзінде, не рұқсат етілген жағдайларды қоспағанда, ескертулерде ашып көрсетілуге тиіс. Кәсіпорын тікелей меншікті капиталда танылған және сатуға арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активке (шығаруға арналған топқа) жататын кез келген жинақталған кірістер мен шығыстарды бөлек көрсетуге тиіс.

                   Егер шығаруға арналған топ сатып алған кезде сатуға арналған ретінде жіктелген критерийлерді қанағаттандыратын еншілес кәсіпорын таяу арада сатып алған болып табылса, онда активтер мен міндеттемелердің негізгі қызметтерін ашып көрсету талап етілмейді.

                   Кәсіпорын ұзақ мерзімді активтер бойынша немесе сатуға арналған ретінде жіктелген шығаруға арналған топтардың активтері мен міндеттемелері бойынша көрсетілген сомаларды өткен кезеңдердің баланстарында ең соңғы көрсетілген кезең үшін баланста көрсету үшін екінші рет қайта жіктемеуге және ұсынбауға тиіс.

Ақпаратты қосымша ашып көрсету

                Кәсіпорын ұзақ мерзімді актив (немесе шығаруға арналған топ) сатуға арналған ретінде жіктелген не сатылған кезең үшін ескертулерде мынадай ақпаратты:

-ұзақ мерзімді активтің (немесе шығаруға арналған топтың) сипатын;

-сату немесе болжанатын шығаруға әкелетін фактілер мен жағдайлардың сипатын және осы шығарудың күтілген тәсілі мен уақытын;

    Кәсіпорын компонентіне операциялық жағынан және қаржы есептілігінің мақсаттары үшін кәсіпорынның басқа бөлігінен айқын оңашаланған болуы мүмкін ақша қаражатының қызметі мен ағындары кіреді. Басқаша айтқанда, кәсіпорын компоненті ол пайдалануға арналып тұрған кезде ақша қаражатын құрайтын бірлік немесе бірліктер тобы болуға тиіс.

    Тоқтатылған қызмет кәсіпорынның не шығарылып кеткен, не сатуға арналған ретінде жіктелетін компоненті болып табылады, және

·                       жеке маңызды қызмет түрі немесе операциялар жүргізудің географиялық ауданы болып табылады;

·                       жеке маңызды қызмет түрінің үйлестірілген біртұтас шығару жоспарының бір бөлігі болып табылады;

·                       тек кейіннен сату мақсатында сатып алынған еншілес кәсіпорын болып табылады.

 

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1. Сатуға арналған айналымнан тыс активтерді қалай анықтайды?

2. Жалғастырылатын қызметке қатысты басқа да пайда немесе залал қалай анықталады?