Қызметкерлерге берілетін сыйақылар (ҚЕХС 19) және зейнетақымен қамтамасыз ету бағдарламалары бойынша есеп (ҚЕХС 26)


1.       Қызметкерлерге берілетін сыйақылар

2.       Зейнетақымен қамтамасыз ету бағдарламалары бойынша есеп

1. Қызметкерлерге берілетін сыйақыға:

- жұмысшыларға және қызметкерлерге берілетін жалақы және әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған жарналар, жыл сайынғы ақы төленетін демалыс және ауруына байланысты ақылы демалыс, пайда және сыйлықақыларға қатысу (егер олар кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде төленетін болса), сонымен қоса осы уақытта жұмыспен қамтылған қызметкерлер үшін ақшалай емес нысандағы сыйақылар сияқты (медициналық қызмет, үймен және көлікпен қамтамасыз ету, ақысыз немесе күні белгіленген тауарлар немесе қызметтер сияқты) қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылар;

-зейнетақы, зейнетке шыққаннан кейін берілетін басқа сыйақылар, еңбек қызметі аяқталған соң өмірді сақтандыру және медициналық қызмет көрсету сияқты еңбек қызметінің аяқталуына байланысты берілетін сыйақы;

-жұмыс стажы ұзақ қызметкерлер үшін ақы төленетін демалыс немесе ақы төленетін шығармашылық демалыс, мерейтойларға арналған, еңбекке жарамсыздығы үшін ұзақ мерзімді жәрдемақылар, сондай-ақ пайдаға және сыйлықақыға қатысуға, егер көрсетілген төлемдер кезең аяқталғаннан кейінгі 12 айдан астам кезеңде жүзеге асырылса, қызметкерлерге берілетін басқа да ұзақ мерзімді сыйақылар  және шығу жәрдемақылары кіреді.

                Қызметкерлерге берілетін сыйақы қызметкерлерге берілетін, сол сияқты асырауындағы адамдарға берілетін сыйақы сияқты, және/не қызметкерлердің, олардың жұбайларының, балаларының немесе басқа асырауындағы адамдардың, не, мысалы, сақтандыру компаниялары сияқты басқа тұлғалардың тікелей пайдасына іске асырылатын төлем жасау (немесе тауарлар немесе қызмет көрсету үшін) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

         Қызметкер компанияға толық жұмыс күні негізінде, тұрақты, біржолғы немесе уақытша негізде ішінара жұмыспен қамту қызметін көрсете алады.

     Қызметкерлерге берілетін сыйақы – компанияның қызметкерлерге олар көрсеткен қызметтің орнына ұсынылатын сыйақылардың және төлемдердің барлық түрлері. Қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылар – қызметкердің тиісті қызмет көрсеткен кезең ішінде кезең аяқталғаннан кейін толық көлемде 12 ай ішінде төленуге тиісті, қызметкерлерге берілетін сыйақы (шығу жәрдемақылары  және үлестік құралдарға өтемақы төлемдерін қоспағанда). Еңбек қызметі аяқталған кезде төленетін сыйақылар - еңбек қызметі аяқталғанда төленетін қызметкерлерге берілетін сыйақылар (шығу жәрдемақылары  және үлестік құралдарға өтемақы төлемдерін қоспағанда).

     Еңбек қызметі аяқталған кездегі сыйақылар жоспары – компанияның қызметкерлерге олардың еңбек қызметі аяқталғаннан кейін тиісінше төлейтін сыйақыларға жасалған немесе жасалмаған келісімдері.

    Белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарлары – егер қор қызметкерлерге ағымдағы және алдыңғы кезеңдерде олардың көрсеткен қызметтері үшін есептелген барлық сыйлықақыларды төлеу үшін жеткілікті қаражаты болмаса, компанияның белгіленген жарнаны бөлек қорға төлеуді жүзеге асыруын және қосымша жарналар төлеу бойынша қандай да болмасын заңды және жүктелген міндеттемелері болмаса, белгіленген жарнасы бар зейнетақы жоспарларынан ерекшеленетін зейнетақы жоспарларын қамтамасыз етуді болжайтын зейнетақымен қамсыздандыру жоспары. Белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарлары – белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарларынан айырмашылығы бар зейнетақымен қамсыздандыру жоспары.

       Жұмыс берушілер тобының зейнетақы  жоспарлары – бұл:

         жалпы бақылауда тұрмайтын әр түрлі компаниялар енгізген активтерді біріктіретін; зейнетақы жарнасы және көлемі зейнетақыны алушы қызметкердің қандай компанияда жұмыс істеуіне тәуелсіз анықталу шартымен бірнеше компаниялардың қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру  үшін бұл активтер пайдаланылатын белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарлары (мемлекеттік зейнетақы жоспарларынан басқа) немесе белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарлары (мемлекеттік зейнетақы жоспарларынан басқа).

      Қызметкерлерге берілетін басқа да ұзақ мерзімді сыйақылар - қызметкер тиісті қызмет көрсеткен кезең ішінде төлем жасау бойынша берешек, кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде толық көлемде өтелу мүмкін болмайтын қызметкерлерге берілетін сыйақы (еңбек қызметі аяқталуы бойынша төленетін сыйақылар, шығу жәрдемақыларды  және үлестік құралдармен өтемақы төлемдерін қоспағанда). 

      Шығу жәрдемақылары –:

         қызметкерді зейнеткерлік жасқа толмағанға дейін компанияның шешімімен жұмыстан шығарса; не қызметкердің өз еркімен осындай сыйақыға айырбастауға жұмыстан шығу салдары болып табылатын қызметкерлерге берілетін сыйақылар. Кепілдік берілген зейнетақылар – оларды алу құқығы қызметкерлердің әрі қарайғы жұмысына тәуелді емес зейнетақылар.

      Белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша міндеттемелердің дисконтталған құны – ағымдағы немесе өткен кезеңдерде көрсетілген қызметкерлердің қызметіне байланысты шығатын міндеттемені орындау үшін қажетті күтіліп отырған болашақ төлемдердің дисконтталған құны (жоспар активтерін есептеп шығарғанға дейін). Ағымдағы қызмет көрсету құны – ағымдағы кезең ішінде қызметкерлерге қызмет көрсету нәтижесінде белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша міндеттемелердің дисконтталған құнының ұлғаюы. Пайыздарға жұмсалған шығын – зейнетақыны төлеу сәтінің бір кезеңге жақындауына байланысты шығатын кезең ішінде белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша міндеттемелердің дисконтталған құнының ұлғаюы.

Жоспар активтеріне:

          қызметкерлердің ұзақ мерзімді сыйақылары қорларының активтері;

белгілі бір талаптарды қамтамасыз ететін сақтандыру полистері жатады.

Қызметкерлерге берілетін ұзақ мерзімді сыйақы қорының активтері (есеп беруші компания шығарған жіберілуге тиісті емес қаржы құралдарынан басқа) – бұл активтер мыналар: есеп беретін компаниядан заңды түрде оқшауланған, тікелей қызметкерлерді қаржыландыруды және сыйақы төлеуді жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейтін тұлғаға (қорға) жатады; қызметкерлерді қаржыландыруды және сыйақы төлеуді жүзеге асыру үшін пайдаланылуы мүмкін, компания кредиторларының талаптарын қанағаттандыру үшін пайдаланылуы мүмкін емес (бұдан әрі банкроттық жағдайында) және мынадай жағдайларды қоспағанда, есеп беруші компанияға қайтарылуы мүмкін емес: қорда қалатын активтер қызметкерлерге сыйақы беру бойынша барлық міндеттемелер жоспарымен немесе есеп беруші компаниялар міндеттемелерімен байланысты қанағаттандыруы үшін жеткілікті;  активтер есеп беруші компанияларға қызметкерлерге төленіп қойған сыйақыны өтеу ретінде қайтарылады.

  2. Белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарлары – соларға сәйкес төленуге тиіс зейнетақы мөлшерлері зейнетақы қорына төленетін жарналар мен осы салымдарға түсетін пайда негізінде айқындалатын зейнетақымен қамсыздандыру жоспарлары.

       Белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарлары – соларға сәйкес төленуге тиіс зейнетақы мөлшерлері әдетте қызметкер алатын сыйақы мөлшеріне негізделген формула бойынша айқындалатын зейнетақымен қамсыздандыру жоспарлары.

      Зейнетақы қорына аударым – зейнетақы төлемі бойынша болашақ міндеттемелерді өтеу үшін компанияның басқа тәуелсіз ұйымның (қордың) есебіне активтер аударуы. Зейнетақы жоспарларының көпшілігі ресми түрде жасалған келісімдерге негізделеді. Кейбір жоспарлар ресми емес сипатта болады, бірақ жұмыс берушілердің іс жүргізуде қолданатын практикасының нәтижесінде міндеттіліктің біршама дәрежесіне ие болады. Кейбір зейнетақы жоспарлары жұмыс берушілерге осы жоспарлар бойынша өз міндеттемелерін шектеуге мүмкіндік бергенмен, егер олар қызметкерлерді сақтап қалғысы келсе, жұмыс беруші үшін әдетте оларға зейнетақы жоспарын жою қиын болады. Ресми емес зейнетақы жоспарларына есепке алу мен есеп берудің ресми жоспарларға қолданылатындай әдістері қолданылады.

              Белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарына сәйкес қызметкердің келешектегі зейнетақысының мөлшері жұмыс берушінің, сол қызметкердің өзінің немесе олардың екеуінің де зейнетақы қорына өткізген жарналарымен, сондай-ақ қордың өзінің қызметінің нәтижелерімен және инвестициялық табыстарымен айқындалады. Жұмыс берушінің міндеттемесі әдетте қорға жарналар салу арқылы өтеледі. Актуарийдің консультациясы, әдетте, талап етілмейді, дегенмен, ол кейде келешектегі зейнеткерлік жәрдемақылардың мөлшерін бағалау үшін пайдаланылады, бұларға ағымдағы жарналар мен болашақ жарналардың және инвестициялық табыстардың әр түрлі өзгерген деңгейлері негізінде қол жеткізуге болады.

               Ағымдағы жалақыға негізделген тиесілі зейнетақылардың актуарлық дисконтталған құны есептілік жасалған күнгі алынған зейнетақы бойынша міндеттемені көрсету үшін зейнетақы жоспары бойынша есептілікте ашылады. Болжамды жалақыға негізделген тиесілі зейнетақылардың актуарлық дисконтталған құны, әдетте, зейнетақы қорларына аударымдардың негізі болып табылатын қызметтің толассыздық қағидаты негізінде әлуетті міндеттеменің шамасын көрсету мақсатында ашылады. Тиесілі контексті айқын көрсету үшін қосымша кеңейтілген түсіндірмелер талап етілуі мүмкін. Мұндай түсіндіру зейнетақы қорларына жоспарланған болашақ аударымдардың жеткіліктілігі туралы және жалақы мөлшерлерінің болжамдарына негізделген қорды қаржыландыру саясаты туралы ақпарат нысанында болуы ықтимал. Мұның бәрін қаржы ақпаратына немесе актуарийдің есептілігіне кіргізуге болады. Көптеген елдерде актуарлық бағалаулар өткізілмесе, онда бағалаулардың ең соңғысы негіз ретінде алынады және бағалау жүргізілген күн көрсетіледі.

                Есептілікке зейнетақы жоспарының таза активтерін, тиесілі зейнетақылардың актуарлық дисконтталған құнын және жиынтық артуды немесе тапшылықты көрсететін бөлімді қамтиды. Зейнетақы жоспары жөніндегі есептілікте сондай-ақ зейнетақы жоспарының таза активтеріндегі өзгерістер және тиесілі зейнетақылардың актуарлық дисконтталған құнындағы өзгерістер туралы ақпарат болады. Есептілік актуарийдің тиесілі зейнетақылардың актуарлық дисконтталған құнын растайтын есептілігінің жеке нысанын қамти алады. Нарықтық бағалы қағаздарға қатысты әділ құн болып, әдетте, кезең ішіндегі инвестициялық қызметтің есептілігі мен нәтижелерін жасау күнгі бағалы қағаздарды бағалаудың барынша дұрыс өлшемі ретінде олардың нарықтық құны қабылданады. Сатып алудың тіркелген құны бар және жоспар немесе оның нақты бөліктері бойынша міндеттемелерді теңгеру мақсатында алынған бағалы қағаздарды өтеу мерзімі басталғанға дейін тұрақты табыс болған жағдайда, олардың сатып алынған соңғы құнына негізделген шамада есепке алуға болады. Мысалы, кәсіпорынға толық иелік ету сияқты, зейнетақы жоспары инвестицияларының әділ құнын алуға мүмкіндік жоқ болған жағдайларда әділ құн пайдаланылмайтын себеп ашып көрсетіледі. Сол секілді нарықтық немесе әділ құны бойынша есепке алынбайтын инвестициялар үшін де  әділ құн, әдетте, ашып көрсетіледі. жеке актуарлық есептіліктегі тиесілі зейнетақылардың актуарлық дисконтталған құнымен бірге зейнетақы жоспарының таза активтері және олардағы өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын есептілік. Және актуарийдің жеке есебіндегі тиесілі зейнетақы төлемдерінің актуарлық дисконтталған құнымен бірге зейнетақыларды төлеу үшін зейнетақы жоспарының таза активтеріндегі өзгерістер туралы бөлімді қамтиды. Әрбір форматта есептілікке сондай-ақ басшылықтың немесе директорлардың есептілік қағидаты және инвестициялық есептіліктер бойынша құрастырылған сенімгерлік меншік иелерінің есептілігі қосылып ілесе алады.

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Қызметкерлерге берілетін сыйақылар қандай стандартта көрініс тапқан?

2.Зейнетақы жарналарына  анықтама беріңіз.

3.Зейнетақымен қамтамасыз ету жарналары қалай жүргізіледі.

4.Зейнетақымен қамтамасыз ету есептіліктері қалай толтырылады?