Аралық қаржылық есептілік (ҚЕХС34)


1.Аралық қаржы есептілігігің құрамы

2.Аралық қаржылық есептілігін ұсыну тәртібі

 

     1.Аралық қаржы есептілігі - бұл компанияның толық қаржы жылымен салыстырғанда неғұрлым ықшамдалған кезең үшін толық немесе ықшамдалған қаржылық есептер жиынтығын қамтитын қаржы есептілігі. Аралық қаржы есептілігінің ең аз мазмұны ықшамдалған баланстан, пайдалар және залалдар туралы ықшамдалған есептен, ақша қаражатының қозғалысы туралы ықшамдалған есептен, капиталдағы өзгерістерді көрсететін ықшамдалған есептен және жекелеген түсіндірме ескертулерден тұрады. Компанияның аралық қаржы есептілігін оқыған әрбір адам ең соңғы жылдық қаржы есептілігімен таныса алатындықтан,  шындығында, жылдық қаржы есептілігіне ескертулердің бір де бірі аралық есептілікте қайталанбайды және жаңартылмайды. Оның орнына аралық ескертулерге негізінен компанияның қаржы жағдайындағы және қызметінің нәтижелеріндегі өзгерістерді түсіну үшін соңғы есептік күннен бастап болған маңызды оқиғалар мен өзгерістерді түсіндіру кіреді.

        Компания аралық қаржы есептілігінде ең соңғы жылдық қаржы есептілігін жасағаннан кейін есеп саясатында жүргізілген, келесі жылғы қаржы есептілігінде көрсетілуге тиіс өзгерістерді қоспағанда, өзінің жылдық қаржы есептілігінде қолданатын есеп саясатын қолдануға тиіс. Компанияның жылдық, жартыжылдық немесе тоқсандық есептілігінің кезеңдігі оның жылдық нәтижелерін бағалауға ықпал етпеуге тиіс. Аралық есептілікті дайындау кезінде осы мақсатқа қол жеткізу үшін бағалау жылдық негізде жүргізіледі.

      Уақтылы болу және шығындар тұрғысынан және бұрын берілген есептіліктегі қайталауларды болдырмау үшін, компания жылдық қаржылық есептілікпен салыстырғанда аралық күндердегі жай-күйі бойынша азырақ ақпарат ұсынуға мәжбүр болуы мүмкін немесе ұсынуды шеше алады. Ықшамдалған қаржы есептері және ішінара түсіндірме ескертулер кіретін аралық қаржы есептілігінің ең аз мазмұнын айқындайды. Аралық қаржы есептілігі жылдық қаржы есептерінің соңғы толық жиынтығымен салыстырғанда жаңартылған ақпарат ұсынуға арналған. Тиісінше, ол жаңа қызметтің жаңа түрлеріне, оқиғалар мен жағдайларға байланыстырылады.

             Егер компанияның ең соңғы жылдық есептілігі шоғырландырылған есептілік болса, аралық қаржы есептілігі шоғырландырылған негізде жасалады. Бас компанияның қаржы есептілігінің жекелеген нысандары ең соңғы жылдық қаржы есептілігіндегі шоғырландырылған есептілікпен келісілмейді немесе салыстырыла алмайды. Егер компанияның жылдық қаржы есептілігі шоғырландырылған қаржы есептілігіне толықтыру ретінде бас компанияның қаржы есептілігінің жекелеген нысандарын қамтыған болса, онда осы стандарт бас компанияның қаржы есептілігінің жекелеген нысандарын компанияның аралық қаржы есептілігіне қосуды талап етпейді және қосуға тыйым салмайды. Компанияның аралық қаржы есептілігін пайдаланушы осы компанияның соңғы жылдық қаржы есептілігін де пайдалана алатын болады. Осылайша, аралық қаржы есептілігіне ескертулерге соңғы жылдық есептіліктің ескертулерінде ұсынылған ақпараттың салыстырмалы түрде маңызды емес жаңартылуын кіргізудің қажеттілігі жоқ. Аралық есептілік күніне қаржылық жағдайдағы және компанияның соңғы жылдық есептілік күнінен басталған қызмет нәтижелеріндегі өзгерістерді пайымдау үшін маңызды болып табылатын оқиғалар мен операцияларды түсіндіру  барынша пайдалы.

            Аралық қаржы есептілігіне төмендегі кезеңдер үшін мынадай аралық қаржылық есептер  (ықшамдалған немесе толық) кіруге тиіс:

-ағымдағы аралық кезеңнің аяғындағы жағдай бойынша бухгалтерлік баланс және тікелей алдағы қаржы жылының аяғындағы жағдай бойынша салыстырмалы бухгалтерлік баланс;

       -тікелей алдыңғы қаржы жылының салыстырылатын аралық кезеңдеріндегі (ағымдағы және осы күн қарсаңындағы жыл үшін) пайдалар және залалдар туралы есептермен салыстырылған ағымдағы аралық кезеңдегі және өспелі қорытындымен ағымдағы қаржы жылындағы пайдалар және залалдар туралы есептер;

        -тікелей алдыңғы қаржы жылының салыстырылатын кезеңіндегі есеппен салыстырғандағы ағымдағы қаржы жылындағы өспелі қорытындымен капиталдағы өзгерістерді көрсететін есептілік;

        -тікелей алдыңғы қаржы жылының салыстырылатын кезеңіндегі есеппен салыстырғанда ағымдағы қаржы жылы үшін жалпы қорытындымен ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп.

               Шаруашылық қызметі анық маусымдық сипаттағы компания үшін аралық есептілік күнімен аяқталатын он екі ай үшін қаржылық ақпарат және өткен он екі ай үшін салыстырмалы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Тиісінше, шаруашылық қызметі анық маусымдық сипаттағы  компаниялардың алдыңғы параграфта талап етілетін ақпаратқа толықтыру ретінде осындай ақпарат ұсыну мүмкіндігін қарауы қуатталады.

            2.Аралық қаржы есептілігінің мақсаты үшін бапты қалай тану, бағалау, жіктеу немесе ашу туралы шешімдер қабылдау кезінде маңыздылық аралық кезеңдегі қаржы деректеріне қатысты бағалануға тиіс. Маңыздылықты бағалау кезінде аралық өлшемдердің жылдық қаржы деректерінің өлшемдеріне қарағанда баға көрсеткіштеріне көбірек  сүйене алатындығын мойындаған жөн.

               Маңыздылықты бағалау кезінде әрқашан негіздеме қажет болатындықтан, аралық сандарды түсінуді жеңілдетеді деген дәлелмен тану және ашу туралы шешімді тек қана аралық кезеңдегі деректердің негізінде қабылдауды көздейді. Осылайша, мысалы, ерекше баптар, есеп саясатындағы немесе бағалаулардағы өзгерістер және қателер ашпау жағдайында туындауы мүмкін жаңылыстарды болдырмас үшін аралық кезеңдегі деректерге қатысты маңыздылық негізінде танылады және ашылады. Аралық кезең ішіндегі қаржылық жағдайды және ұйымның қызмет нәтижелерін пайымдау үшін маңызы бар ақпараттың барлығын аралық қаржы есептілігіне қосуды қамтамасыз ету басым мақсат болып табылады. Егер аралық есептілікте ұсынылған соманы бағалау қаржы жылының қорытынды аралық кезеңі ішінде елеулі өзгеретін болса, бірақ осы қорытынды аралық кезеңі ішіндегі қаржы есептілігінің жекелеген нысаны жарияланбайтын болса, онда бағалаудағы осы өзгерістің сипаты және сомасы осы қаржы жылындағы жылдық қаржы есептілігінің ескертулерінде ашылуға тиіс.  Компания аралық қаржы есептілігінде келесі жылдық қаржы есептілігінде көрсетілуге тиіс соңғы жылдық қаржы есептілігі жасалған күннен кейін болған есеп саясатындағы өзгерістерді қоспағанда, жылдық қаржы есептілігіндегі есеп саясатын қолдануға тиіс. Алайда, компания есептілігінің кезеңділігі (жылдық, жартыжылдық немесе тоқсандық) оның жылдық нәтижелерін бағалауға ықпал етпеуі тиіс. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін бағалаулар аралық есептілікті жасау кезінде жыл басынан бастап белгіленген күнге дейін өткен кезең негізінде жасалуы тиіс.

              «Қаржы есептілігін әзірлеу және ұсыну тұжырымдамасына» сәйкес тану дегеніміз – бұл «элементті айқындамасына жауап беретін және тануға арналған критерийлерді қанағатандыратын баптарды бухгалтерлік балансқа немесе пайдалар мен залалдар туралы есепке қосу процесі». Активтер, міндеттемелер, кірістер мен шығыстар айқындамаларының жылдық есептілік секілді, аралық қаржы есептілігінің күнін тану үшін іргелі мәні бар.  Активтерге аралық күндерде және қаржы жылының аяғында компанияның болашақ экономикалық пайдаларының бірдей тексерістері қолданылады. Қаржы жылының аяғында өзінің сипаты бойынша активтер ретінде жіктелінбейтін шығындар аралық күндерде де жіктелмейтін болады. Аралық есептілік күніндегі міндеттеме тура осылай, жылдық есептілікті жасау күнгі болатын осы күнгі нақты міндеттемені білдіруі тиіс.

               Орын алған активтер мен міндеттемелердің тиісті келулері мен шығулары табыстың (түсімнің) және шығыстардың маңызды сипаттамасы болып табылады. Егер осы түсімдер мен шығулар болып өтсе, онда тиісті кірістер мен шығыстар танылады, әйтпесе олар танылмайды. Қаржы есептілігін әзірлеу және ұсыну тұжырымдамасында «сенімді түрде анықтала алатын активтің азаюына немесе міндеттеменің көбеюіне байланысты болашақ экономикалық пайдаларда азаю туындаған кезде шығыстар пайдалар мен залалдар туралы есепте танылады. Қаржы есептілігін әзірлеу және ұсыну тұжырымдамасы активтердің немесе міндеттемелердің айқындамасын қанағаттандырмайтын баптарды бухгалтерлік баланста тануға рұқсат бермейді» делінген.

               Қаржы есептілігінде көрсетілген активтерді, міндеттемелерді, кірістерді, шығыстарды және ақша қаражатының қозғалысын бағалау кезінде жылдық есептілікті ғана ұсынатын компания бүкіл қаржы жылы бойында алынған ақпаратты есепке ала алады. Оны бағалау іс жүзінде жыл басынан бастап есепті ұсынған күнге дейін болған кезең негізінде жүзеге асырылады. Қаржы жылының ішінде алынатын маусымдық, циклды немесе кездейсоқ түсім, егер болжамдар және кейінге қалдыру компанияның қаржы жылының аяғында бөлінбейтін болса, болжанбауға немесе аралық есептілік күнгі жағдайы бойынша көшірілмеуге тиіс.

              Мысалы, дивидендтік кіріс, лицензиялық төлемдер және мемлекеттік субсидиялар кіреді. Бұдан басқа, кейбір компаниялар басқа аралық кезеңдерге қарағанда, қаржы жылының белгілі бір аралық кезеңдерінде ізінше молырақ түсім алады, мысалы, бөлшек сауда жасайтын саудагерлердің маусымдық түсімі. Мұндай түсім ол туындаған жағдайда ғана танылады.

 

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Аралық қаржылық есептіліктің құрамы қандай?

2.Аралық қаржылық есептілікті толтыру тәртібі қандай?

3.Аралық қаржылық есептілікке қойылатын талаптар қандай?