Қаржылық құралдар негізіндегі төлемдер (ХҚЕС 2)


1.Ұсынылған қаржылық құралдардың әділ құны негізінде өлшенетін мәмілелер        

2.Ұсынылған қаржылық құралдардың әділ құнын айқындау

3. Ақша қаражаттарымен төленетін қаржылық құралдар негізіндегі мәмілелер  

Қаржылық құралдарға негізделген, есеп айырысу қаржылық құралдармен жүргізілетін төлемдер операциялары үшін кәсіпорын алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді және меншікті капиталдағы тиісті ұлғаюды алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құны бойынша, осы әділ құн сенімді түрде өлшенбейтін жағдайды қоспағанда, тікелей өлшеуі тиіс. Егер кәсіпорын алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құнын сенімді түрде өлшей алмаса, ол олардың құнын және меншікті капиталдағы тиісті ұлғаюды жанама, яғни ұсынылған қаржылық құралдардың әділ құны негізінде* өлшеуі тиіс.

                           Әдетте, акциялар, акцияларға опциондар немесе басқа да қаржылық құралдар қызметкерлерге олардың сыйақыларының бір бөлігі ретінде, қызметкерлерге ақша қаражатымен төленетін жалақыларына және басқа сыйақыларына қосымша ретінде ұсынылады. Әдетте қызметкерлердің сыйақылары пакетінің белгілі бір компоненттері үшін алынған қызмет көрсетулерді тікелей өлшеу мүмкін емес. Сонымен қатар, ұсынылған қаржылық құралдардың әділ құнын тікелей өлшемеуге қарамастан, барлық сыйақылар пакетінің әділ құнын тәуелсіз өлшеу мүмкін болмай қалады. Осыған қосымша ретінде акциялар немесе акцияларға опциондар кейде негізгі сыйақының бір бөлігі ретінде емес, сыйлықақы келісімдерінің бір бөлігі ретінде ұсынылады, мысалы, қызметкерлер үшін кәсіпорындағы жұмыстарын жалғастыруына немесе олардың кәсіпорын қызметінің нәтижесін жақсарту бойынша қосқан күштері үшін сыйақы мақсатында ынталандыру. Акцияларды немесе қаржылық құралдарға опциондарды басқа сыйақылар түріне қосымша ретінде ұсына отырып, кәсіпорын қосымша пайда алу үшін қосымша сыйақы төлейді. Осы қосымша пайдалардың әділ құнын бағалау қиын болуы мүмкін. Алынған қызмет көрсетулердің әділ құнын тікелей өлшеудің қиындығы салдарынан кәсіпорын қызметкерлерден алынған қызмет көрсетулердің әділ құнын оларға ұсынылған қаржылық құралдардың әділ құны негізінде өлшеуі тиіс.

Қызметкерлер болып табылмайтын тараптармен операцияларға  қолдану үшін алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құны сенімді түрде бағаланатыны туралы теріске шығаруға болатын жорамал болуы тиіс. Осы әділ құн кәсіпорын тауарларды алған немесе қарсы тарап қызмет көрсеткен күні өлшенуі тиіс. Сирек жағдайларда, егер кәсіпорын осы жорамалды теріске шығарса, себебі алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құнын сенімді түрде бағалай алмаса, ол алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді және меншікті капиталдағы тиісті ұлғаюды ұсынылған қаржылық құралдың кәсіпорын тауарларды алған немесе қарсы тарап қызмет көрсеткен күні өлшенген әділ құны негізінде жанама өлшеуі тиіс.

  Егер ұсынылған қаржылық құралдар шұғыл түрде берілсе, онда қарсы тараптан ол осы қаржылық құралдарға нақты құқықты алардан бұрын қызмет көрсетудің белгілі бір кезеңін аяқтау талап етілмейді. Кері дәлелдер жоқ болған кезде, кәсіпорын қарсы тараптың қаржылық құралдар үшін өтемақы ретінде көрсеткен қызмет туралы жорамал қабылдауы тиіс. Бұл жағдайда қаржылық құралдарды ұсыну күні кәсіпорын алынған қызмет көрсетулерді толық тануы тиіс, сондай-ақ меншікті капиталдағы тиісті ұлғаюды тануы тиіс.Егер ұсынылған қаржылық құралдарға құқық қарсы тарапқа ол қызмет көрсетудің белгілі бір кезеңін аяқтағанға дейін берілмесе, онда кәсіпорын қарсы тарап осы қаржылық құралдар үшін өтемақы ретінде көрсетуі тиіс қызмет көрсету болашақта осы құралдарға құқықтардың өту кезеңі ішінде алынатыны туралы жорамал қабылдауы тиіс. Кәсіпорын осы қызмет көрсетуді оларды қарсы тарап өту кезеңі ішінде көрсетуіне қарай ескеруі және бұл ретте меншікті капиталдағы тиісті ұлғаюды тануы тиіс. Мысалы:егер қызметкерге қаржылық құралдарға опциондар ол кәсіпорында үш жыл істеуі шартымен ұсынылса, онда кәсіпорын қызметкер қаржылық құралдарға опциондар үшін өтемақы ретінде көрсетуі тиіс қызметтердің болашақта үш жылдық өту кезеңі ішінде алынатыны туралы жорамал қабылдауы тиіс.

        Егер қызметкерге қаржылық құралдарға опциондар қызметтің белгілі бір нәтижесіне жетуі, сондай-ақ қызметкердің кәсіпорындағы қызметін осы қызмет шарты орындалғанға дейін және өту кезеңінің ұзақтығы қызметтің осы талаптарының орындалуына қарай өзгеруі шартымен ұсынылса, онда кәсіпорын қызметкер қаржылық құралдарға опциондар үшін өтемақы ретінде көрсетуі тиіс қызметтердің болашақта күтілетін өту кезеңі ішінде алынатыны туралы жорамал қабылдауы тиіс. Кәсіпорын күтілетін өту кезеңінің ұзақтығын ұсыну күні қызмет талаптарын орындаудың неғұрлым ықтимал нәтижесіне негіздей отырып бағалауы тиіс. Егер қызметтің талаптары нарықтық талаптар болып табылса, онда күтілетін өту кезеңінің ұзақтығы ұсынылған опциондардың әділ құнын есептеу кезінде пайдаланылған жорамалдарға сәйкес келуі тиіс және салдарынан қайта қаралмауы тиіс. Егер қызметтің талаптары нарықтық талаптар болып табылмаса, онда кәсіпорын қажеттілігіне қарай, егер кейінгі ақпарат өту кезеңінің ұзақтығының өткен есептерден айырмашылығы болатынын көрсетсе, өзінің күтілетін өту кезеңінің ұзақтығын бағалауды қайта қарау.

 

2.Ұсынылған қаржылық құралдардың әділ құны негізінде өлшенетін операциялар үшін кәсіпорын ұсынылған қаржылық құралдардың әділ құнын, егер бар болса, нарықтық бағаларға негіздей, осы қаржылық құралдар ұсынылған талаптарды ескере отырып, өлшеу күні өлшеуі тиіс.

         Егер нарықтық бағалар жоқ болса, онда кәсіпорын ұсынылған қаржылық құралдардың әділ құнын тәуелсіз, жақсы хабардар, осындай операцияларды жасауға ниетті тараптар арасында операциялар жасау кезінде өлшеу күні осы қаржылық құралдардың бағасы қандай болғанын айқындауға арналған бағалау әдістерін пайдалана отырып есептеуі тиіс. Бағалау тәсілі қаржы құралдарының бағасын айқындаудың жалпы қабылданған әдістемесіне сәйкес келуі және жақсы хабардар, осындай операцияларды жасауға ниетті нарық қатысушылары баға белгілеу кезінде қарайтын барлық факторлар мен жорамалдар кіруі тиіс.

Қаржылық құралдарды ұсыну белгілі бір қаржылық құралдарды беру талаптарын орындауға байланысты. Мысалы, қызметкерлерге акциялар немесе акцияларға опциондар ұсыну әдетте қызметкердің осы кәсіпорында белгілі бір уақыт кезеңі ішінде жұмыс істеуін жалғастыратынына не жалғастырмайтынына байланысты болады. Қызметтің орындалуы тиіс, кәсіпорынның пайданың белгілі бір өсуіне немесе кәсіпорын акциялары бағасының белгілі бір өсуіне жетуі сияқты талаптары болуы мүмкін. Өтудің нарықтық талаптардан өзгеше талаптары акциялардың немесе акцияларға опциондардың өлшеу күні әділ құнын бағалау кезінде назарға алынбауы тиіс. Өтудің осы талабының орнына операция сомасын өлшеуге қорытындысында қаржылық құралдарды ұсынғаны үшін өтемақы ретінде алынған тауарларды немесе қызмет көрсетуге қатысты танылған сома нақты өткізілетін қаржылық құралдардың санына негізделетіндей етіп енгізілген қаржылық құралдар санын түзету арқылы есепке алынуы тиіс. Осылайша, егер өту талаптары орындалмағандықтан ұсынылған қаржылық құралдар өткізілмесе  мысалы, егер қарсы тарап көрсетілген кезеңде қызметті көрсетуді аяқтай алмаса немесе қызметтің талабы орындалмаса, онда алынған тауарларға немесе қызмет көрсетуге қатысты ешқандай сомалар жинақтау негізінде танылмайды.

  Кәсіпорын, егер кейінгі ақпарат құқықтарының өтуі күтілетін қаржылық құралдар санының өткен есептерден өзгеше болатынын көрсетсе, өту кезеңі ішінде алынған тауарларға немесе қызмет көрсетулерге қатысты құқықтарының өтуі күтілетін қаржылық құралдардың санын неғұрлым жақсы бағалауға негізделген соманы тануы тиіс және қажеттілігіне қарай осы бағаны қайта қарауы тиіс. Кәсіпорын өту күніне осы бағаны оның түпкілікті қорытындысында құқықтары өткен қаржылық құралдардың санына тең болатындай етіп қайта қарауы тиіс

Нарықтық, мысалы, акциялардың берілген бағасына жету сияқты, өту (немесе  орындау мүмкіндігі) қатысты болатын  талаптар ұсынылған қаржылық құралдардың әділ құнын бағалау кезінде назарға алынуы тиіс. Тиісінше, қаржылық құралдарды нарықтық талаптармен ұсыну кезінде кәсіпорын өтудің барлық басқа да талаптарын (мысалы, белгілі бір кезең ішінде жұмысын жалғастыратын қызметкерден алынған қызмет көрсетулер) орындайтын қарсы тараптан алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді нарықтың талаптарын қанағаттандыратынына не қанағаттандырмайтынына қарамастан тануы тиіс.

Қайталап алу құқығы бар опциондар үшін, осы сипат өлшеу күні ұсынылған опциондардың әділ құнын бағалау кезінде назарға алынбауы тиіс. Мұның орнына қалпына келтіру опционы, егер қайталап алу опционы кешірек және ол ұсынылған кезде берілсе, опционды жаңадан беру ретінде есепке алынуы тиіс.

         3.Қаржылық құралдарға негізделген, есеп айырысу ақша қаражаттарымен жүргізілетін төлемдер мәмілелер үшін кәсіпорын сатып алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді және міндеттемелердің әділ құны бойынша туындаған міндеттемені өлшеуі тиіс. Міндеттеме өтелмейінше кәсіпорын міндеттемелердің әрбір есепті күнгі, сондай-ақ міндеттемелер бойынша есеп айырысу күнгі әділ құнын кезең ішіндегі пайданың немесе залалдың құрамындағы міндеттеменің әділ құнындағы өзгерісті тани отырып қайта бағалауы тиіс.

         Кәсіпорын қызметкерлерге акциялар құнының олардың сыйақы пакетінің бір бөлігі ретінде өсуіне құқық бере алады, нәтижесінде қызметкерлер болашақта ақша қаражатын (қаржылық құралдарды емес) алу құқығын алады, олардың сомасы кәсіпорынның акцияларының бағасының белгілі бір уақыт кезеңі ішінде белгілі бір деңгеймен салыстырғанда ұлғаюы негізінде есептеледі. Кәсіпорын сондай-ақ өзінің қызметкерлеріне оларға болашақта не міндетті түрде (мысалы, жұмыстан шыққан кезде), не қызметкердің таңдауы бойынша өтелетін қаржылық құралдарға (акцияларға опциондарды орындау бойынша шығарылатын акцияларды қоса алғанда) құқық беру арқылы ақша төлемін алу құқығын ұсынады. Кәсіпорын алынған қызмет көрсетулерді және міндеттемелерді тануы, оларды қызметкерлердің осы қызметті көрсетуіне қарай төлеуі тиіс. Мысалы, кейбір акциялар құнының өсу құқығы қызметкерлерге бірден өтеді, сондықтан қызметкерлерден ақшалай төлемге құқық алу үшін қызметтің белгілі бір кезеңін аяқтау талап етілмейді. Кері дәлелдер болмаған кезде кәсіпорын қызметкерлер көрсеткен қызметтердің акциялар құнының өсу құнының орнына алынғаны туралы жорамал жасауы тиіс. Тиісінше, кәсіпорын алынған қызмет көрсетулерді және міндеттемені бірден тануы, оларды төлеуі тиіс. Егер акциялар құнының өсуіне құқықтар қызметкерлерге олар қызметтің белгілі бір кезеңін аяқтағанға дейін өтпесе, онда кәсіпорын алынған қызмет көрсетулерді және міндеттемені тануы, оларды қызметкерлер осы кезең ішінде қызмет көрсетуіне қарай төлеуі тиіс.Міндеттеме бастапқы және сол сияқты әрбір есепті күні, ол өтелгенше, акциялар құнының өсу құқықтарының әділ құны бойынша, опциондар бағасын айқындау үлгісін қолдану арқылы, акциялар құнының өсу құқықтары берілген талаптарды және қызметкерлер есепті күнге дейін ұсынған қызмет көрсетулердің көлемін ескере отырып өлшенуі тиіс.

        Қаржылық құралдарға негізделген, келісім талаптары не кәсіпорынға не қарсы тарапқа негізінде кәсіпорын ақша құралдарымен (немесе басқа активтермен) не қаржылық құралдар шығару арқылы операциялар бойынша есеп айырысуды жүргізетін таңдау ұсынады, кәсіпорын осы операцияны немесе осы операцияның компоненттерін, егер кәсіпорында ақша қаражатымен немесе басқа активтермен өтелетін міндеттеме туындауына қарай, қаржылық құралдарға негізделген, есеп айырысу ақша құралдарымен жүргізілетін төлем операциясы ретінде немесе міндеттеменің туындамауына қарай қаржылық құралдарға негізделген, есеп айырысу қаржылық құралдармен жүргізілетін төлем операциясы ретінде ескеруі тиіс.

        Қаржылық құралдарға негізделген, келісім талаптары қарсы тарапқа есеп айырысу тәсілін таңдауды ұсынатын төлемдер мәмілелері

Егер кәсіпорын қарсы тарапқа қаржылық құралдарға негізделген төлемдер мәмілелер бойынша ақша қаражатымен немесе қаржылық құралдар шығару арқылы есеп айырысу тәсілін таңдау құқығын ұсынса, онда кәсіпорын борыштық компонент (яғни, қарсы тараптың ақыны ақша қаражатымен төлеуді талап ету құқығы) және қаржылық компонент (яғни, қарсы тараптың есеп айырысуды ақша қаражатымен емес, қаржылық құралдармен талап ету құқығы) кіретін аралас қаржы құралын ұсынады. Қызметкерлер болып табылмайтын тараптармен алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құны тікелей өлшенетін операциялар үшін, кәсіпорын аралас қаржы құралының қаржылық компонентін тауарлар немесе қызмет көрсетулер алынған күнгі алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құны және борыштық компоненттердің әділ құны арасындағы айырма ретінде өлшеуі тиіс.

Қызметкерлермен операцияларды қоса алғанда, басқа операциялар үшін кәсіпорын аралас қаржы құралдарының өлшеу күнгі әділ құнын ақша қаражатына немесе қаржылық құралдарға құқықтар ұсынылған талаптарды ескере отырып өлшеуі тиіс.

                 Кәсіпорын алынған немесе сатып алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді аралас қаржы құралының әрбір компонентіне қатысты бөлек есепке алуы тиіс. Борыштық компонент үшін кәсіпорын қарсы тарап қаржылық құралдарға негізделген, есеп айырысу ақша қаражатымен жүргізілетін операцияларға қолданылатын талаптарға сәйкес (30-33-параграфтар) тауарларды жеткізген немесе қызметтерді көрсеткен кезде сатып алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді және осы тауарлар немесе қызмет көрсетулер үшін ақы төлеу міндеттемесін тануы тиіс. Қаржылық компонент үшін (егер осындай бар болса) кәсіпорын алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді және меншікті капиталдағы ұлғаюды қарсы тарап қаржылық құралдарға негізделген, есеп айырысу қаржылық құралдармен жүргізілетін операцияларға қолданылатын талаптарға сәйкес   тауарларды жеткізген немесе қызметтерді көрсеткен кезде тануы тиіс.

                  Кәсіпорын өтеу күні міндеттемені оның әділ құны бойынша қайта бағалауы тиіс. Егер есеп айырысу кезінде кәсіпорын қаржылық құралдар шығарса, ақша құралдарымен төлемесе, онда міндеттеме шығарылған қаржылық құралдар үшін өтем ретінде меншікті капиталға тікелей аударылуы тиіс.

                     Егер өтеу кезінде кәсіпорын қаржылық құралдар шығармай ақша қаражаттарымен төлесе, онда бұл төлем міндеттемені толық өтеуі тиіс. Бұрын танылған қаржылық компонент меншікті капиталдың құрамында қалуы тиіс. Өтеу ретінде ақша қаражатын алуды таңдай отырып, қарсы тарап қаржылық құралдарды алу құқығынан бас тартты. Дегенмен осы талап кәсіпорынға меншікті капитал құрамындағы қозғалысты, яғни меншікті капиталдың бір компонентінен басқасына аударуды тануға кедергі жасамайды.

Қаржылық құралдарға негізделген, келісім талаптары кәсіпорынға есеп айырысу тәсілін таңдауды ұсынатын төлемдер мәмілелері

Қаржылық құралдарға негізделген, келісім талаптары кәсіпорынға есеп айырысуды ақша қаражатымен немесе қаржылық құралдар шығару арқылы жүргізуді таңдауды ұсынатын төлемдер мәмілелері үшін кәсіпорын тиісті түрде оның есеп айырысуды ақша қаражатымен жүргізу міндеттемесінің бар екендігін айқындауы және қаржылық құралдарға негізделген төлем операциясын ескеруі тиіс. Кәсіпорында, егер есеп айырысуды қаржылық құралдармен таңдаудың коммерциялық мазмұны болмаса (мысалы, егер кәсіпорынға акциялар шығаруға заңды түрде тыйым салынса) немесе кәсіпорынның ақша қаражатымен есеп айырысу тәжірибесі немесе белгіленген саясаты болса, немесе әдеттегідей, егер қарсы тарап өтініш білдіріп есеп айырысуды ақша қаражатымен жүргізсе, есеп айырысуды ақша қаражатымен жүргізу міндеттемесі бар.

                 Егер кәсіпорынның есеп айырысуды ақша қаражатымен жүргізу міндеттемесі болса, онда ол операцияны қаржылық құралдарға негізделген, есеп айырысу ақша қаражатымен жүргізілетін төлемдер операцияларына қолданылатын   талаптарына сәйкес есепке алуы тиіс.

                     Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.           Ұсынылатын қаржылық қүралдардың үлестік құны қалай анықталады.

2.           Егер есеп айырысу кезінде кәсіпорын қаржылық құралдар шығарса  қалай жүзеге асырылады.

3.           Қаржылық құралдар негізіндегі төлемдер ХҚЕС –тің қай стандартына  сай жүзеге  асырылады.