Құрылысқа келісім шарттар (ҚЕХС 11)


1.Құрылысқа  келісім  шарттардың  нысандары

2. Құрылысқа  келісім  шарттарды  өңдеу

 

1.Құрылысты ұйымдастырудың формалары және өндіріс түрлері, келісім-шарт жасау тәртібі Құрылыс өндірісінде жұмыстардың жүргізілуі мердігер мен тапсырушының арасындағы жасалған келісім-шартқа байланысты. Бұл шарт қаржылық есептеменің халықаралық 11 стандартының негізін ала отырып жасалады. Яғни, стандартта көрсетілген түсім жəне мердігерлік келісім бойынша шығындар есебі төмендегідей тəртіпті анықтайды: — біріншіден, түскен түсім келісім бойынша жəне байланысты болуы; — екіншіден, есепті кезеңдегі түсім мен шығын істелген жұмыс түріне қарай біркелкі бөлінуі тиіс. Есептеудің тəртібіне орай келісім төмендегі типтерден тұрады: 1. Бекітілген баға бойынша келісім, яғни баға шығындар өз- геруіне байланысты құбылмалы; 2. Шығындарды қосу арқылы немесе шығындар көлемін анықтап, пайыздық үлесімен анықтау. Келісім əрбір құрылыс нышанына жеке-жеке жасалады, бұл құрылыс нышанының түрінің өзіне тəн ерекшелігінің болуына байланысты. Капиталды құрылыста өндірістің жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы мердігерлік тəсіл болып саналады. Құрылыс өнімінің күрделілігі, материалдық жəне адам ресурстарын бір шаруашылық субъектісіне біріктірудің мүмкін еместігі, құрылыс кəсіпорындарын мамандандыруға, олардың қызметін белгілі бір іске қосқанда қадағалаудың қажеттілігіне, яғни лицензиясы бар бас мердігерді бөлуге əкеліп соғады. Орындалатын жұмыстың түріне байланысты құрылыс кəсіпорындары жалпықұрылыстық жəне мамандандырылған болып бөлінеді. Тапсырыс берушімен келісім-шарт қатынасының сипатына байланысты құрылыс-монтажды кəсіпорындар бас мердігер жəне субмердігер деп жіктеледі. Бас мердігермен өндірістік байланыстың ұзақтығына қарай кəсіпорындар тұрақты жəне 10 жылжымалы субмердігерлер (мамандандырылған) деп бөлінеді. Тұрақты кəсіпорындар ұзақмерзімді өндірістік байланыста болады. Жылжымалы кəсіпорындар үнемі қозғалыста болады. Осындай кəсіпорындар ірі құрылыс корпорацияларының құрамында анда-санда құрылыс көлемінің өсу кезінде белгілі бір аумақта жұмыс орындау үшін құрылады. Құрылыс-монтаж кəсіпорындары «өмірлік циклына» байланысты құрылыстың соңғы өнімін қалыптастыруда келесідей түрлерге бөлінеді:

♦ құрылыс, не монтажды жұмыстарды орындаушылар;

 ♦ жобалау-құрылыс фирмалары;

 ♦ ғылыми жобалау-құрылыс фирмалары;

 ♦ барлық жұмыстарды құрайтын жəне конструкциялар мен құрылыс материалдарын өндіретін мекемелер. Құрылысқа бірнеше қызмет түрлерінің біріктірілуі тəн. Құрылыс кəсіпорындарының өндірістік қызметі келесідей түрлер ден тұрады:

 ♦ негізгі өндіріс — құрылыс-монтажды жұмыстар, ғимараттар мен қондырғыларды капиталды жөндеу;

 ♦ қосымша өндірістер;

♦ өндіріс пен шаруашылыққа қызмет ететін (əлеуметтік) сала. Өндірісті бағыты бойынша классификациялау — негізгі жəне қосымша өндірістің, əлеуметтік сфераның шығындарын бөлек есепке алу қажеттігін туғызады. Бұл мақсат үшін қаржылық-шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі шоттарының жұмыс жоспарындағы синтетикалық шоттар тізбесінің топтамасында 8 бөлімнің шоттары — «Өндірістік есептің шоттары», оның бөлімшелері: 8110 «Негізгі өндіріс», 8210 «Меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары», 8310 «Қосалқы өндірістер», 8410 «Үстеме шығыстар» белгі- ленген. Шығындардың деңгейін бақылау жəне сараптау үшін оларды құрылыс бөлімдеріне, бөлек бөлімшелерге, жұмыс түрлеріне байланысты топтастырады.

        2.Құрылыс өндірісіне қатысушы тұлғалар Қазақстан Респуб- ликасының Азаматтық Кодексіне сəйкес жазбаша түрде келісім- шарт жасай отырып, төмендегідей тəртіпте құжат толтырады:

 

  Мердігерлік келісім № .........................қаласы «....».....................жыл (тапсырыс беруші) ___________________________________ тапсырыс беруші кəсіпорын аты-жөні, қызметі қолданылған жарғыға сəйкес_____________________, келесі тұлғамен төмендегідей келісім жасалды:

 1. Келісім. Төмендегі шарттарды орындауды мердігер тапсырыс беру- шінің талабы бойынша орындай отырып, көрсетілген уақытта жұмыс нəтижесін тапсыру, ал тапсырыс беруші нəтижеге орай төлем жасауға міндетті.

2. Жұмыс түрі. Мердігер тапсырушының талабына сай төмендегі жұмыс түрлерін орындайды: _______________________________________________________ _______________________________________________________

3. Материалдар. жұмыс _________________________________ материалымен (мердігердің немесе тапсырыс берушінің) орындалады.

4. Тапсырманы орындау тəсілі. Тапсырыс берушінің тапсырмасын орындау тəсілі _______________________________________________________ _______________________________________________________ (мердігердің ұсынысымен немесе нақты бір технологиялық ________________________________тəсілмен анықталады)

 5. Жұмыстың орындалу уақыты.

5.1. Жұмыстың басталу мерзімі «__»__________20_ жыл

5.2. Жұмыстың аяқталу мерзімі «__»_________20_ жыл

 5.3. Мерзімінен бұрын яқтау___________________________

 6. Төлем тəртібі.

6.1. Жұмыс бағасына мердігердің барлық шығындары жəне көтерме төлемдері енгізіледі.

 6.2. Жұмыс бағасы __ мың. теңге, оның ішінде ҚҚС __ мың теңге. Көрсетілген баға: _____________________________________ (жуықтау, нақты, не екі жақтың келісімі бойынша)

 6.3. Тапсырыс берушінің мердігерге төлеу _____________ жұмыс бағасының % «___» ________20 _ жылға дейін.

7. Ерекше шарттар.

7.1. Жұмысты орындау барысында ______________________ (тапсырыс берушінің келісімі бойынша үшінші тұлғаны тартуға)

7.2. Мердігердің жұмысына тапсырыс беруші төмендегі жағдайда араласуға міндетті: _______________________________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________

7.3. Мердігер тапсырыс беруші шарттарды бұзған жағдайда немесе уақытында орындамаған жағдайда жұмысты тоқтатуға құқығы бар.

7.4. Шарттарды бұзу анықталған жағдайда мердігер келісім- шарттан бас тартады жəне анықталған шығынды қайтаруды талап етеді.

 7.5. Тапсырыс беруші кез келген уақытта орындалған жұ- мыстың нақты мөлшерінің ғана нəтижесіне қарап төлем төлеп береді.

7.6. Аяқталмай қалған құрылыс жұмыстарына заңға сəйкес тапсырыс беруші мердігерден орындалған жұмыстың нəтиже- сіне қарай құжаттандырып болған соң ғана келісім өз күшін жойғанын айғақтайды.

 8. Орындалған жұмыстың нəтижесін тапсыру.

 8.1. Мердігердің тапсырыс берушіге орындалған жұмыстың нəтижесін тапсыруы екіжақты толтырылған актіге қол қою арқылы құжаттандырылады.  8.2. Мердігердің тапсырыс берушіге тапсырған күні.

8.3. Тапсырыс беруші мердігердің қатысуымен жұмысты қабылдай отырып, жұмыс нəтижесіндегі кемшіліктерді ескертуі шарт.

 8.4. Қабылдау қорытындысында кемшіліктер көрсетілген болса, бірден кемшілікті жою мерзімін көрсетуі шарт.

 8.5. Тапсырыс беруші қабылдап алғаннан соң кездескен кемшіліктерді мерзімді уақытта дереу мердігерге ескертуі шарт.

9. Құпиялылық.

9.1. Егер екі жақтың біреуі келісілген шартқа байланысты орындау міндеттемелері бойынша басқа жақтан заңмен қорғалмаған басқа да шешімдер немесе жаңа технология жөнінде хабарлама алатын болса, анықтама алған жақтың жазбаша рұқсатсыз үшінші тұлғаны анықтамамен қамтаматсыз етуге құқығы жоқ.

 10. Жауапкершілік.

10.1. Егер мердігер келісім-шарттағы қарастырылған талаптарды уақытында орындамаған немесе орындалған жұмыс теріс нəтиже берген жағдайда тапсырыс беруші мердігерге төмендегідей талап қоюға тиісті: _______________________________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________

10.2. Орындалған жұмыс көлеміне уақытында төлем жасама- ғаны үшін тапсырыс берушіден мердігер _____ % жалпы көлемнен айыппұл алуға тиісті.

10.3. Жұмыс көлемін мердігердің уақытында тапсырмағаны үшін ____% айыппұл төлеуге тиісті.

10.4. Айыппұл көрсетілген шығындардан бөлек алынады.

11. Басқа шарттар.

11.1. Келісім 2 (екі) данадан толтырылады, əрбір жаққа бір- бірден.

12. Екі жақтың реквизиттері.

 Мердігер:_________________ тапсырыс беруші _________ _______

Сонымен қатар, келісімге қосымша қажетті құжаттар тіркеледі:

1.  құрылыс нысандарының тізімі

2.  қосымша ерекше талаптар;

3.   құрылыс-монтаж жұмысын орындаудың кестесі.

4.                 Құрылыс кәсіпорындарындағы есеп саясаты

 

                   

 Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1. Орындалатын жұмыстың түріне байланысты құрылыс кəсіпорындары қандай түрге бөлінеді?

2. Тапсырыс берушімен келісім-шарт қатынасының сипаты- на байланысты құрылыс-монтажды кəсіпорындар қандай болып бөлінеді?

3. Құрылыстың соңғы өнімін қалыптастыруда қандай түр- лерге бөлінеді?

4. Құрылыс кəсіпорындарының өндірістік қызметі қандай түрлерден тұрады?