Сақтандыру шарттары (ҚЕХС 4)


1.Сақтандыру шарттарының алғышарттары

         2.Сақтандыру шарттарын рәсімдеу

 

      1. Сақтандырушы әрбір есепті күні оның сақтандыру міндеттемелерінің тепе-тең болып табыла ма әлде жоқ па екенін өзінің сақтандыру шарттары бойынша ақша қаражатының болашақ ағындарының ағымдағы есептік бағалауын пайдалана отырып бағалауы тиіс. Егер осындай бағалау оның сақтандыру міндеттемелерінің баланстық құны (сатып алу және материалдық емес активтер үшін бөлінген тиісті шығындарды шегергенде) ақша қаражатының болашақ ағындарының осындай есептері кезінде балама болмаса, онда айырманы толық көлемде пайдада немесе залалда таныған жөн.

       Сақтандырушы өзінің есеп саясатын сақтандыру шарттарына қатысты өзгеріс қаржылық есептілікті пайдаланушылардың экономикалық шешімдер қабылдауы үшін неғұрлым орынды етіп, оның сенімділігін төмендетпей, немесе оны неғұрылым сенімді жасап, оның осы мақсаттар үшін қолайлығын төмендетпей жасаған жағдайда ғана өзгертеді. Сақтандырушы 8 IАS критерийлер негізінде орындылық және сенімділік туралы талқылауы тиіс.

Бұдан әрі сақтандырушының есеп саясаты одан депозиттік құрамға байланысты туындаған барлық міндеттемелерді талап етпейтін жағдайдың мысалы келтіріледі. Цедент қайта сақтандырушыдан залалдар өтемін алады, бірақ шарт цедентті болашақ жылдары осы өтемді кері төлеуге міндеттейді. Бұл міндеттеме депозиттік құрамға байланысты туындайды. Егер цеденттің есеп саясаты керісінше жағдайда оған осы өтемді туындайтын міндеттемелерді танусыз кіріс ретінде тануға рұқсат етсе, онда бөлу талап етіледі.

         Егер сақтандырушы міндеттемелердің тепе-теңдігін тексерсе және ол белгілі бір ең төменгі талаптарды қанағаттандырса, онда осы Стандарт қосымша талаптар жүктемейді. Ең төменгі талаптар төменде келтірілген:

тексеру кезінде шарт бойынша ақша қаражатының барлық ағындарының және ақша қаражатының шағымдарды қарау бойынша шығыстар сияқты тиісті ағындарының, сондай-ақ ақша қаражатының жан-жақты опциондардан және кепілдік берулерден туындайтын ағындарының ағымдағы есептік бағалауы ескерілуі тиіс; егер тексеру міндеттеменің баламалы емес екенін көрсетсе, онда айырма толық көлемде пайда немесе залал ретінде танылады.

        Қайта сақтандыруға байланысты активтердің құнсыздануы

Егер цеденттің қайта сақтандыруға байланысты активі құнсызданса, онда цедент тиісті түрде оның баланстық құнын азайтуы және құнсыздандудан болған осы шығынды пайдада немесе залалда тануы тиіс. Қайта сақтандыруға байланысты актив, егер: қайта сақтандыруға байланысты активті бастапқы танығаннан кейін болған, цедент шарттың талаптары бойынша оған тиесілі барлық соманы ала алмайтын оқиғаның нәтижесінде туындаған объективті куәлік.

         Сақтандырушыға есеп саясатын белгілі бір сақтандыру міндеттемелерін* ағымдағы нарықтық ставкаларды көрсету және осы міндеттемелердің өзгерісін пайдада немесе шығында тану үшін қайтадан өлшенетіндей түрде өзгертуге рұқсат етілген, бірақ талап етілмейді. Осы уақытта ол сондай-ақ есеп саясатының белгілі бір міндеттемелерге қатысты ағымдағы басқа бағалауларды және жорамалдарды қолдануды талап ететін аспектілерін қабылдайды. Осы параграфтағы таңдау мүмкіндігі сақтандырушыға өзінің есеп саясатын белгілі бір міндеттемелерге қатысты, оны барлық ұқсас міндеттемелерге жүйелі түрде қолданбай, керісінше жағдайда 8 IАS Халықаралық стандарты талап ететіндей өзгерту мүмкіндігі беріледі. Егер сақтандырушы осы мүмкіндікті пайдаланса және міндеттемелерді айқындаса, онда ол ағымдағы нарықтық пайыздық ставкаларды (және егер қолданылатын болса, ағымдағы басқа бағалаулар мен жорамалдарды) барлық кезеңдерде барлық міндеттемелерге, олар өтеліп болғанша жүйелі түрде пайдалануды жалғастыруы тиіс.

        2.Сақтандырушыдан артық сақтық жасауды болдырмас үшін өзінің есеп саясатын сақтандыру шарттарына қатысты өзгерту талап етілмейді. Дегенмен, егер сақтандырушы өзінің сақтандыру шарттарын жеткілікті сақтықпен өлшесе, онда ол оны ұлғайтпауы тиіс. Сақтандырушыдан болашақ инвестициялық табыстылықты болдырмас үшін өзінің есеп саясатын сақтандыру шарттарына қатысты өзгерту талап етілмейді. Дегенмен, егер сақтандырушы табыстылық шарттар бойынша төлемдерге ықпал ететін жағдайларды қоспағанда, сақтандыру шарттарын өзгерту кезінде болашақ инвестициялық табыстылықты көрсететін есеп саясатын қабылдаса, сақтандырушының қаржылық есептілігінің орындылығы және сенімділігі аз болады деген жорамал бар. Осындай маржаны көрсететін есеп саясатының екі мысалы:

-сақтандырушы активтерінің есептік кірістілігін көрсететін дисконттау ставкасын пайдалану; немесе

-осындай активтер бойынша кірістіліктің есеп айырысу ставкасы бойынша кірістерін болжау, басқа ставка бойынша болжанатын кірістерді дисконттау және нәтижені міндеттемелерді өлшеуге енгізу.

         Сақтандырушы, егер есеп саясатының басқа аспектілері оның қаржылық есептілігінің орындылығын және сенімділігін мұның орындылық пен сенімділіктің болашақ инвестициялық табыстылықты енгізуге байланысты туындаған азаюынан асып түсетіндей дәрежеге дейін ұлғайтатын болса ғана, теріске шығарылатын жорамалды назарға алмайды. Мысалы, сақтандыру шартына қатысты есеп саясатына оларды жасау кезінде қабылданған, артық сақтық жасалатын жорамал және реттеуші орган нарықтық талаптарды ескермей, сондай-ақ кейбір тысқары опциондар мен кепілдіктерді елемей ұйғарған дисконттау ставкасы кіреді деп айталық. Сақтандырушы өзінің қаржылық есептілігінің орындылығын оның сенімділігін азайтпай, инвесторға бағдарланған, кеңінен қолданылатын және мыналар кіретін кешендік есепке алуға өту арқылы ұлғайта алады:

-ағымдағы бағалаулар және жорамалдар;

-тәуекелді және айқындалмаушылықты көрсету үшін қисынды (бірақ аса сақтықпен емес) түзету;

-қондырылған опциондар мен кепілдіктердің ішкі және сол сияқты уақытша құнын көрсететін өлшеу; және

-егер тіпті дисконттау ставкасы сақтандырушы активтерінің есептік кірістілігін көрсетсе, дисконттаудың ағымдағы нарықтық ставкасы.

       Өлшеудің кебір тәсілдері дисконттау ставкасын пайданың болашақ маржасының келтірілген құнын айқындау үшін пайдаланылады. Одан кейін пайданың табыстылығы формулаға сәйкес жекелеген кезеңдер арасында бөлінеді. Осы тәсілдер дисконттау ставкасы міндеттемені өлшеуге тек жанама ықпал етеді. Атап айтқанда, сәйкес келмейтін дисконттау ставкасын пайдаланудың шектеулі ықпал етуі бар немесе туындаған кезде міндеттемені өлшеуге ықпал етпейді. Дегенмен басқа тәсілдерде дисконттау ставкасы міндеттемелерді өлшеуге тікелей ықпал етеді. Соңғы жағдайда активтерге негізделген дисконттау ставкасын қолданудың неғұрлым шамалы ықпалы бар, мүмкін, сақтандырушы теріске шығарылатын жорамалды елемейтін болады.

        Кейбір сақтандыру шарттарында қалауы бойынша қатысу құқығы және кепілдік берілген төлемдердің элементтері бар. Осындай шарттың эмитенті:

-кепілдік берілген төлемдердің элементін қалауы бойынша қатысу құқығынан бөлек таниды, бірақ міндетті емес. Егер эмитент оларды бөлек танымаса, онда ол барлық шартты міндеттеме ретінде жіктеуі тиіс. Егер эмитент оларды бөлек жіктесе, онда ол кепілдік берілген төлемдердің элементін міндеттеме ретінде жіктеуі тиіс;

-егер ол қалауы бойынша қатысу құқығын кепілдік берілген төлемдердің элементінен бөлек таныса, онда ол осындай құқықты міндеттеме ретінде не меншікті капиталдың жекелеген компоненті ретінде жіктеуі тиіс. Осы ХҚЕС (IFRS) эмитент осындай құқық міндеттеме немесе капитал болып табылатынын не табылмайтынын айқындауы тиіс екенін белгілемейді. Эмитент осындай қалауы бойынша қатысу құқығын міндеттемелердің және меншікті капиталдың компоненттеріне бөледі және осындай бөлуге қатысты жүйелі есеп саясатын пайдалануы тиіс. Эмитент осы қалауы бойынша қатысу құқығын міндеттеме де және сол сияқты меншікті капитал да болып табылмайтын аралық санат ретінде жіктемеуі тиіс; алынған барлық сыйлықақыларды меншікті капиталдың компонентіне жатпайтын бөлігін бөлмей, түсім ретінде таниды. Кепілдік берілген төлемдер элементінің және қалауы бойынша қатысу құқығының бір бөлігінің туындаған, міндеттеме ретінде жіктелген өзгерісі пайдада немесе залалда көрсетілуі тиіс. Егер қалауы бойынша қатысу құқығының бір бөлігі немесе барлығы меншікті капиталда жіктелсе, онда пайданың немесе залалдың бір бөлігі осы мүмкіндікке жатқызылады (осылайша, оның бір бөлігі ретінде азшылық үлесіне жатқызылады). Эмитент пайданың немесе залалдың қалауы бойынша қатысу құқығының құқығын меншікті капитал компонентіне жатқызылатын бір бөлігін шығыс немесе кіріс ретінде емес, пайданы немесе залалды бөлу ретінде тануы тиіс