БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ


1.       Бухгалтерлік есептің негізгі қағидалары

2.       Бухгалтерлік есептің әдістері

3.       Бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушылар

4.       Бухгалтерлік есептің басқа ғылымдармен өзара байланысы

5.       Бухгалтерлік мамандықтың сипаттамасы

 

1 Бухгалтерлік есептің негізгі қағидалары

Қағида- бұл бухгалтерлік есептің ғылым ретінде одан келешекте шығатын барлық тұжырымдамаларды анықтайтын негізгі бастапқы  және базалық ережесі.

Есептеу қағидасы. Қаржылық есептіліктер есептеу қағидасының негізінде құрылады,өйткені табыстар тауарлар сатылған және қызметтер көрсетілген кезеңде, ал шығындар табыстар алу үшін  пайдаланылған кездегі есептік  кезеңде көрсетіледі.Есептеу қағидасына сәйкес қандай да бір жанама түрде байланысты шаруашылық әрекеттер мен оқиғалардың нәтежиесінде есептік кезеңде алынатын табыстар мен шығындарды сәйкестікке келтіру үшін есептеу мерзімін шегеру және тарту рәсімдерін пайдалану қажет болып болып табылады.

Үздіксіздік қызмет қағидасы. Шаруашылық субьектісі өз қызметін белгіленбеген уакыт аралығында жағастыра береді және жақын арада оның таратылуы күтілмейді.

 

2.     Бухгалтерлік есептің әдістері

Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың әдістемелік негізін құжаттау, инвестиция, бухгалтерлік баланс екі жақты жазуды пайдалананып аналитакалық және синтетикалық счеттар жүйесі, мүлік пен міндеттемені бағалау, калькуляция, есеп берушілік сияқты тәсілдер құрайды. Құжаттау – жасалған уақытта шаруашылық опреацияны алғашқаны тіркеу. Бухгалтерлік есепің айрықша белгісінің өзі осы – құжаттау. Бухгалтерлік есепте шаруашылық  операция құжаттарда бейнеленуі керек. Қазіргі уақыттағы  жетілген  бағдарламалардың арқасында (1-С бухгалтерия Лука-компакт) құжаттаудың барлығы компьютерлерде жүргізіледі.

Түгендеу – іс жүзіндегі мүліктің бухгалтерлік есеп мәліметтерімен сәйкестігін тексерудің  тәсілі.  Түгендеу кәсіпорын мүлкінің дұрыстығын анықтау  үшін қажет. Түгендеуге негізгі құралдар, материалдық – товарлық бағалықтар, ақшалай қаржылар жатқызылады. Түгендеу  белгіленген уақытта, материалды жауапты адам ауысқанда, тергеу орындарының, аудитордың талабымен өткізіледі.

Бухгалтерлік баланс – қасіпорының мүлкі туралы ақпаратты жинақтау және топтау тәсілі. Кәсіпорын қаржылары бухгалтерлік баланста ақшалай бейнеде екі топта бейнеленеді.  Біріншісі кәсіпорын қандай қаржымен иеленеді, екіншісі қандай қайнар көздерден құралғанын көрсетеді. Бухгалтерлік баланстың екі бөлігі де тең болуы керек.

Шоттар жүйесі және екі жақты жазу - бухгалтерлік есепте шаруашылық операциялар счеттар көмегімен (синтетикалық және аналитикалық) қосарлы жазу әдісімен жүргізіледі.

Шот – мүлік және оның құрылу көзі туралы ағымдағы  ақпарат жинақталатын экономикалық топтама. Бухгалтерлік есеп әдісінің элементі бола отырып, счет біртекті экономикалық белгілер бойынша шаруашылық операцияларды топтауда маңызды роль атқарады.

         Екі жақты жазу  бухгалтерлік есеп счеттарында шаруашылық операцияны тіркеудің тәсілі.

Шаруашылық операция бір сомада екі шотта жазылады.

Бағалау – кәсіпорын мүлкін және олардың қайнар көздерін ақшалай өлшеу тәсілі. Бухгалтерлік есеп жүйесінің  дұрыс құрылуы үшін бағалау процесі дұрыс жүруі керек. Мүлікті бағалаудың негізінде нақты шығынлар жатады.

Калькуляция - өзіндік құнды анықтау мен шығындарды топтау тәсілі. өнімнің өзіндік құнын есептеу - өнімнің бір өлшеміне кеткен шығындарды ақшалай формада көрсету.

Есеп берушілік – белгіленген кезеңде (ай, квартал, жыл) кәсіпорынның, өндірістік – шаруашылық, қаржылық қызметін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі.

Есеп берушіліктің көрсеткіштері кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау үшін қажет.

Бухгалтерлік есептің тәсілдері мен әдістері бір-бірімен тығыз байланысты. Бухгалтерлік есеп жүйесі үздіксіз қызмет істеп, қажетті ұйымдарды нақты ақпараттармен қамтамасыз етуі үшін осы әдістері орындалуы керек.

Ақшалай, еңбек, табиғи өлшеуіштерде берілетін мұліктердің біртекті топтамасы, олардың счеттарда жазылуы және бағалануы бухгалтерлік есеп жүйесін құрайды.

Кәсіпорындарда бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуі есеп принциптеріне сай, объективті, дұрыс та нақты мәліметтерді қолдану арқылы іске асырылады.

Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп халықаралық есеп стандарттарына жақын, еліміздегі ерекшеліктерді еске ала отырып ел нарығына икемделіп жасалған.

Қазіргі өркениетті нарық капиталдық, товардың жұмыс күшінің еркін қозғалысын қалайды. Елімізге шетел инвестицияларын тарту бухгалтерлік есеп ұйымдастырудың халықаралық стандарттарға сәйкес болуын талап етеді.

3 Бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушылар

         Қаржылық есеп беруді пайдаланушылардың қатарына нақты және қабілетті инвесторлар, несие берушілер, жабдықтаушылар,сатып алушылар, жұмысшы қызметкерлер, сонымен қатар министрліктер,ведомстволар мен қоғамдар жатады.Олар қаржылық есептіліктің көрсеткіштерін өздерінің ақпараттармен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында пайдаланады.Ондай қажеттіліктер мынандай жағдайда туындайды:

Инвесторларда ұсынылатын инвестициялардың тәуекелділігіне байланысты оларға  акциялар саып алу керек пе, өздерінде ұстау керек пе, әлде сату керек пе деген сұрақтарды шешуде қажет болады. Акционерлерде, сонымен қатар ұйымның дивиденттерді төлеуге қабілеттерінің жетуін бағалау мақсатында қызығушылық тудырады;

несие берушілерде, олардың берген несиелері мен оларға қосымша төленуге тиісті пайыздарды ұйымның уақытында төлей алу жағдайын  анықтауда ақпараттар білу кезінде;

жабдықтаушылар мен басқа да сауда кредиторларында, оларға тиесілі ақша сомаларының уақытында төлену мүмкіндігін  анықтау ақпараттарын білу кезінде;

сатып алушыларда,  ұйым қызметінің үздіксіздігі туралы, әсіресе олардың ұзақ мерзімді  келісімдері  немесе басқа бір ұйымға тәуелділіктері туралы ақпараттар білу кезінде;

жұмысшы−қызметкерлерде, ұйым қызметінің тұрақтылығы және табыстылығы туралы ақпараттар білуге қызығушылық туған кезде.Сонымен қатар, ұйымның оларды жалақымен, зейнетақымен қамтамасыз ету және жалға алу бойынша келешектегі жұмыстың мүмкіндігі туралы ақпараттар да қызықтырады;

үкіметте, ұйымның қызметі мен тиісінше ресурстарды тарту туралы қызығушылықтары болған кезде .Оған сонымен бірге ұйымдар қызметтерін реттеу үшін, салық салу саясатын және ұлттық табысты және басқа да статистикалық деректерді анықтау үшін негіз ретінде ақпараттар керек;

қоғамда, өйткені ұйымдар тұрғылықты халықты  жұмыспен қамтуды және жергілікті жабдықтаушыларды қолдауды қоса алғанда  әр түрлі әдіс тәсілдермен жергілікті экономикаға айтарлықтай үлес қоса алады. Қаржылық есеп беру ұйымдардың тұрмыс жағдайын жақсартуда соңғы жетістіктер мен даму бағыттары туралы  ақпараттармен қамтамасыз етуде  көмек көрсете алады;

ұйым басшысы қаржылық есеп беруге және оны тапсырудағы  дайындыққа және ұсынуға жауапкершілік атқарады. Ұйым басшысы өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қосымша ақпараттардың нысаны мен мазмұнын  анықтауға толығымен құқығы бар. Алайда, осындай қосымша ақпараттардың нысанын талқылау берілген  тұжырымдамалық негіздердің шегінен шығып кетеді.

 

         4 Бухгалтерлік есептің басқа ғылымдармен өзара байланысы

         Бухгалтерлік есеп− бұл экономикалық  ғылым.Оның терминологиясы тарихи түрде қалыптасты.Алғашқы рет бухгалтерлік есеп туралы  Бенедитто Контрульи (1458ж.) мен Лука Пачоли (1494ж.) еңбектерінде сөз болады. Олар бухгалтерлік есептің  әмбебап әдістемелік ғылым ретінде қарастырылуына алғаш рет негіз қалады. Бухгалтерлік есеп ғылым ретінде іргелі және қолданбалы ғылымдарға сүйене отырып, өзінің санаттарын кұрайды.

         Экономикалық ғылымдар қоғамда қалыптасқан өндірістік қатынастарды зертейттін өздерінің негізі ретінде экономикалық теорияны алады. Экономикалық теория өндіріс күштері,ресустары, баға, тауар, акша, табыстар және басқа санаттарды құруға мүмкіндік береді.

         Осы санаттардың жіктелуі есеппен жүзеге асырылады. Бухгалтерлік есепте көрсеткіштерді жалпылау және топтастыру үшін статистикалық және  экономикалық әдістер пайдаланылады. Дәстүрлі бухгалтерия ереже бойынша орын алған фактілерді зерттейді. Есеп жоспар құру үшін және оның орындалуы барысына бақылау жасау үшін ақпаратпен қамтамасыз етеді. Яғни, жоспарлау да бухгалтерлік есеппен өте тығыз байланысты.

         Қаржы− экономикалык пән. Ол «бюджет», «қаржыландыру», «күрделі салымдар», «салықтар» және басқа түсініктердің табиғаты мен мәнін ашады. Бұл санаттар бухгалтерлік есеп обьектілерін оқуда өз көрінісін табады. Заң ғылымдары шаруашылық үдерістермен шұғылданатын тұлғалардың қызметтерін бақылаумен, осы тұлғалар қабылдаған шешімдердің заңдылығына бақылау жасаумен айналысады.

         Бухгалтерлік есеп ғылым ретінде экономикалық және заң ғылымдары арасындағы байланыстырушы буын ретінде қызмет атқарады.

         Бухгалтерлік есепті зерттеу үшін оның терминалогиясына тереңірек үңілуіміз керек. Бухгалтерлік есеп шаруашылық үдерістер туралы ақпарат беретін  тіл сияқты бір ғажайып құбылыс. Бухгалтерлік сөз тіркестерін түсіну үшін тіл білу, филология туралы түсініктеріміз болуы керек. Математика−есепті тәжіребе жүзінде жүргізу кұралы, ол бухгалтерге тек қана арифметикалық амалдарды орындау үшін ғана емес,сонымен қатар қандай да бір таза бухгалтерлік үлгілерді құру үшін де қажет болады. Атақты математик  Лука Пачоли  бухгалтерлік  есепті қолданбалы математиканың жеке бір саласы ретінде қарастырды.

         Кибернетика− басқарудың неғұрлым  жалпы заңдылықтары туралы ғылым. Ол бухгалтерге басқарушылық шешімдер қабылдау мақсатында керек болады. Бухгалтерлік есеп өзінен туындайтын ғылыми пәндерге тікелей ықпал етеді. Экономикалық талдау (ХХ ғасырдың  20-шы  жылдарында бухгалтерлік есептен бөлініп шыққан пән) барлық есеп жұмысының логикалық қорытынды жасаушысы болып табылады, ол ең алдымен бухгалтерлік есептің деректері мен мәлеметтеріне сүйенеді. Аудит бухгалтерлік есепті тексерумен байланысты әдістерді, қолданыстағы заңдылықты сақтауды, шаруашылық қызметтің мақсатты бағыттылығы мен тиімділігін зертейді. Соттық бухгалтерлік  сараптама−экономикалық құқықтық бақылау жасау сипатындағы пән, ереже бойынша, лауазымды тұлғалардың жұмысына сараптама соттың шешімімен және қауіпті тәртіп бұзушылықтар  анықталған жағдайда жүргізіледі.

         Бухгалтерлік есеп информатикамен де өте тығыз байланысты. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп есептеу техникасынан бөлініп қаралмайды, өйткені бухгалтерлік есептің ұйымдастырылу мен техниканы пайдалану мүмкіндіктерін толық білуі тиіс.Өзінің тәжиребелік жұмысында бухгалтер ойлау, психология, библиография, этика негіздерін біліп, іскерлік хат-хабармен жұмыс істей білуі керек.  Бухгалтерлік есептің басқа ғылымдармен байланысы экономикалық қызметтің ойдағыдай ұйымдастырылуының алғышарты болып табылады.

5 Бухгалтерлік мамандықтың сипаттамасы

        Қазіргі уақытта, бухгалтер мамандығы басқа мамандықтармен салыстырғанда айтарлықтай беделді және жоғары бағаланатын мамандық болып отыр. Бухгалтер маман экономикалық –математикалық әдістерді, басқарудың қазіргі заманғы үлгілері мен техникалық құралдарын пайдалана білуі керек; мамандық бағыты бойынша ғылыми зерттеулер жүргізе алуы керек; алынған нәтежиелерді жинақтап, талдау жасай білуі керек; экономикалық ақпараттарды іздеудің ұтымды жолдары мен тәсілдерін  білуі және пайдалана алуы керек. Тәжірбиелік дағдыларымен  ұштастыра отырып  кәсіби пәндерді терең тану бухгалтердің жоғары біліктілігін қамтамасыз етеді.Аса білгір және тәжірбиелі бухгалтер әрқашан  экономист, талдау жасаушы, банк қызметкері және қаржыгер мамандары ретінде жемісті еңбек ете алады. Бухгалтер бухгалтерлік есеп және аудит, талдау, салық салу, қаржы-банктік  қызмет, азаматтық құқық, бухгалтерлік есептің қазақстандық және халықаралық нормалары мен  стандарттары салаларында  өзінің кәсіби білімін жетілдіріп отыруы тиіс. Ол өзінің кәсіби өкілеттігі мен  дайындығын Қазақстан Республикасының (ҚР) кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар институты арқылы  кәсіби бухгалтер біліктілігін алуға сертификациядан өту жолымен растауына болады.

         Бухгалтерлер келесі моральдық нормалар мен кәсіби этиканы білуі шарт:

·     обьективтілік;

·     тәуелсіздік ;

·     өкілеттік және ақиқаттылық.

         Бухгалтер обьективті түрде барлық туындайтын оқиғалар мен өзінің өкілеттілігі шегіне кіретін сауалдар бойынша нақты фактілерді қарастыруы керек.Ол өзінің жеке басының тарапынан болатын қысымдардың  оның қызметінің нәтежиесіне әсер етуіне жол бермеуі керек. Тәуелсіздік бухгалтердің нақты және обьективті  түрде қызмет етуін білдіреді: қандай да бір жағдайлардан кәсіпорынның  тәуелсіз істерінің шынайы жағдайын көрсету; бухгалтерлік есп жүргізуді  және қаржылық нәтежиелер құруды  тек  ҚР-ң бухгалтерлік есепке алу  және қаржылық есеп беру туралы заңына сүйене отырып жүргізу. Өз қызметіндегі өкілеттілігі мен ақиқаттылығы−бұл бухгалтердің кәсіби қызметіндегі жетістіктің негізі. Егер бухгалтер қандай да бір мәелеге қатысты өкілетті емеспін деп сезінсе, онда ол кәсіпорынның басшылығына бұл жайында жасырмай айтуы керек және осы қызметке неғұрлым  өкілетті маманды шақыруы тиіс. Әрбір бухгалтердің өз міндеттеріне  мұқият және қатал қарауы, бекітілген бухгалтерлік стандарттарды қадағалауы, өз білімінің әр кезде жоғары деңгейде болуын қолдауы және кәсіби  шеберлігін үнемі жетілдіруі – алдына қойылған ең басты мақсаттар деп айтуға болады.

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей   сұрақтарға жауап беріңіз.    

1.  Бухгалтерлік есептің концепцияларын атаңыз.

2.  Бухгалтерлік есептің қандай әдістері бар?

3.  Бухгалтерлік есептің әдістерінің анықтамаларын айтыңыз.

4.  Бухгалтерлік есептің қандай қағидары бар?