ЕСЕПТІК КЕЗЕҢ (ЦИКЛ) ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУШІЛІКТІ ДАЙЫНДАУ


1.  Есептік кезең.

2.  Қаржылық есеп беру.

 

1. Есептік кезең

Есептік цикл- қаржылық есеп берушілікке апаратын оның алдында жасалатын бірізді қадамдардың сериясы. Бұл цикл әрбір есептік кезеңде қайталанады. Есептік циклдағы қадамдар және олардың мақсаттары:

-         операцияларды немесе фактілерді тіркеу үшін тағайындау, мақсаты-операциялар немесе фактілер туралы алғашқы фактілер түрінде ақпараттар жасау;

-         бухгалтерлік жазбаларды сәйкес журналдарда тіркеу, мақсаты- журналдан Бас кітапқа ақпараттарды көшіру;

-         журналдардан Бас кітапқа көшіру , мақсаты-журналдан Бас кітапқа ақпараттарды көшіру шоттардағы ақпараттарды сақтау тәсілі;

-         корректировка жасалған  бақылау балансын дайындау, мақсаты-журналдағы жазбалардың дұрыстығы үшін  материалдарды дебеті мен кредитінің теңдігін тексеру үшін ыңғайлы тізім жасау;

-         Бас кітапқа журналдың жазбаларын тіркеу, мақсаты- аударымдардың мерзімі өткен қарыздары, яғни алғашқы құжаттарда көрсетілетін бағалау және басқа да фактілерді тіркеу;

-         корректировка жасалған тексеру балансын дайындау, мақсаты- дебет және кредиттердің теңдігін тексеру және қаржылық есеп берушіліктерді дайындау;

-         қаржылық есептерді дайындау, мақсаты-    қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепті балансты  және бөлінбеген табыстың есептерін  қолдана отырып шешімдер қабылдайтын сыртқы пайдаланушыларға жалпылынған қаржылық ақпараттар беру;

-         бас журналда  шоттардың жабылуынтіркеу;, мақсаты- уақытша шоттарды жабу және таза табыс сомасын бөлінбеген табысқа апарады;

-         шоттарды жапқаннан кейін баланс дайындау, мақсаты- шоттарды жапқан соң дебеттердің және кредиттердің теңдігін тексеру;

бас кітапта тұрақты шоттардың қалдықтарын тіркеу.

 

2. Қаржылық есеп беру

Қаржылық есептілік дегеніміз – кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық жағдайлары, қызметтерінің нәтижелері мен қаржылық жағдайларындағы өзгерістер туралы ақпараттар.

Қаржылық есеп беру мына есептерден тұрады: бухгалтерлік баланс, пайда мен зиян туралы есеп, ақша қозғалысы туралы есеп, өз капиталындағы өзгерістер туралы есеп, есеп саясаты туралы ақпарат және түсіндірме жазба.

Қаржылық есеп беру ҚР валютасымен құрылуы керек және өлшем бірлігі мың теңгемен бекітіледі.

Қаржылық есеп беруге, оны уақытында тапсыруға жауапкершілік атқаратын ұйымның басшысы мен бас бухгалтері қол қояды.

Қаржылық есеп беру нысандарын толтырған кезде көрсетілуі керек:

1)       Белгіленген тәртіппен тіркеуден өткен құрылтай құжаттарына сәйкес қаржылық есептілікті ұсынатын ұйымның аты,

2)       Ұйымның мекен-жайы, саласы (қызмет түрі),

3)       Басқару ұйымы,

4)       Меншіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны.

Жылдық қаржылық есептіліктің кезеңі 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл болып табылады.

Ұйымдар қаржылық есептілікті келесілерге ұсынады: құрылтай құжаттарына сәйкес меншік иелеріне, ҚР мемлекеттік статистика ұйымдарына, мемлекеттік бақылау және қадағалау ұйымдарына.

Ұйымдар жылдық қаржылық есеп берулерін есептік кезеңнен кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешітірмей тапсырады.

Қаржылық есеп беудің мақсаты пайдаланушыларды есептік кезеңдегі қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдай туралы пайдалы, әрі мәнді және сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.

Қаржылық есеп берудің элементтері. Қаржылық есеп беру мәміленің және басқа да оқиғаның нәтижесін класқа топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұн қаржылық есеп берудің элементтері болып табылады.

Активтер – бұл құндық бағасы бар субъекттің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі. Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі.

Міндеттемелер – бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің  кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қазызды төлеу немесе одан бас тарту, ал кредитор қарызданушыдан өз міндеттемесін орындалуын талап етуге құқысы бар. Міндеттеменің осы шақтағысы мен болашақтағысының жігін ашу керек. Ұйымның болашақта активтерді алу ниеті міндеттеменің пайда болуына әкелмейді. Міндеттеме тек актив алынған кезде немесе ұйым келісім шарттық қатынасқа отырған кезде пайда болады. Міндеттеме оны өтеу жолымен өтеледі, немесе басқа бір активті бенген кезде жойылуы мүмкін.Сондай – ақ міндеттемеден кредиторлың өзі бас тартқан кезде ол өтелген болып саналады.

Меншік капиталы – бұл ұйымның міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерлік есепте ол бірнеше классқа бөлінеді: жарғылық капитал, қосымша төленген капитал, резервтік капитал, таратылмаған табыс.Егер де баланс пассивінің құрылымында меншік капиталының үлесі көп болса, онда ол ұйымның қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.

Қаржылық нәтижесі – бұл есепті жылдағы кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижесі (шығыс пен табыстың айырмасы). Қаржылық нәтижесін өлшеу элементі: табыс пен шығыс болып табылады.

Табыс – бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі, не міндеттемелердің азаюы; шығыс – бұл есептік кезеңдегі активтердің азаюы, не міндеттемелердің көбеюі. Бұл жерде иеленушілердің жарғылық капиталына салған салымы ұйымның табысы болып саналмайды, ал ұйым иелеріне меншік капиталын таратып беру – шығыс болып танылады.

Қаржылық есеп беруде шаруашылық жүргізуші субъект қызмет түріне қарап табыс пен шығысты бөліп көрсетуіне болады.

Табыстар – бұл ұйымның негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі. Негізгі қызметтен алатын табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан алынған табысы; сондай – ақ  тауарлы-материалдық  құндылықтардан, жалға беруден, инвестициялық қызметтен түсетін табыстары жатады. Ал негізгі емес қызметтен түскен табыстардың қатарына: негізгі құралды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды сатқаннан және бағамдық айырмадан түскен табыстары жатады.

Шығындар - өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындары. Шығыстар, әдетте, шығыс нысанын қабылдайды немесе активтердің пайдалануын көрсетеді. Зиян экономикалық олжаның азайғанын көрсетеді. Зиян өз табиғаты бойынша, шығыннан айтарлықтай ерекшеленбейді және ол жеке элемент болып та саналмайды.

Қаржылық есеп берудің элементтерін тану – бұл бухгалтерлік балансқа енгізу процесі немесе қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің бабы, ал ол элементтерге берілген анықтамаларына сәйкес келеді және мынадай тану тұжырымдамасын қанағаттандырады.

- кез – келген болашақтағы олжаның осы баптарда көрініс табу ықтималдылығы бар, оның түсуі де, шығып кетуі де мүмкін;

- баптың құны бар,ол үлкен дәлдікпен өлшенуі мүмкін.

         Қаржылық есеп берудің элементтерін бағалау. Бағалаудың көмегімен олардың құны анықталуы мүмкін, соның нәтижесінде олар (активтер мен міндеттемелер) танылады және қаржылық есеп беруге тіркеледі. Бағалаудың келесі түрлері бар: бастапқы құны, ағымдағы құны, сату құны, дисконтталған құны, баланстық құны.

         Ұйым қаржылық есеп беруді жасау кезінде активтер мен міндеттемелерді бағалау үшін бастапқы құнын негізге алады және сонымен қоса басқа да бағалау әдістерін пайдаланады.

         Қаржылық есеп беруді жасауға дейін есеп регистрлеріндегі барлық синтетикалық шоттар бойынша қалдық пен ауналым аналитикалық есеп мәліметтерімен салыстырылады. Жылдың басындағы және аяғындағы баланстардың деректерін салыстыру үшін жылдың басындағы бекітілген баланс баптарының номенклатурасы  жыл аяғындағы бекітілген баланс номенклатурасы мен  және бөлім топтамаларымен , әрбір баптарымен сәйкестендірілуі тиіс.

         Сонымен, баланстағы ағымдағы активтер мен міндеттемелерді анықтау және олардың мазмұнын ашудың қаржылық есеп беру үшін маңызы зор, сондай – ақ  пайдаланатындар  үшін де ол өте қажет  және олардың сол көрсеткіштері бойынша талдау жасалынады.

         Баланс мәліметтері бойынша кәсіпорынның кәсіпорынның қаржылық жағдайы талданады.

 

           Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей   сұрақтарға жауап беріңіз.    

           1.Есептік кезеңнің қандай қадамдары бар?

2.Қаржылық есеп беру дегеніміз не?    

           3.Қаржылық есеп берудің қандай формалары болады?