Кіріспе


Бұл оқу құралы 23.08.2012 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің  №1080 қаулысымен бекітілген ҚР МЖМБС, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты. Білім беру жүйесі. Кәсіптік практика. Негізгі ережелер» және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  5.03.05-2009 ҚР МЖМБС және 5В072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, 5В072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы, 5В060600-Химия мамандықтарының типтік оқу жоспарлары негізінде жазылды.

Берілген оқу құралы 5В072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, 5В072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандықтары бойынша оқу практикасының типтік оқу бағдарламаларының мазмұнына толық сәйкес жазылған.

Халық шаруашылығын химияландыру - халық шаруашылығының түрлі салаларына химиялық өнімдерді және заттарды химиялық әдістер арқылы өңдеу әдістерін енгізу – технологиялық (техникалық) прогресстің ең маңызды факторы болып табылады.

Химия және химиялық технологияның қоғамның материалды-техникалық базасын құруда рөлі өте жоғары, себебі олар - машина жасау салалары және өндірістің басқа да салалары үшін жаңа материалдар беретін  негізгі секторлар. Химиялық зауыттарда болашақ жұмысшылар ретінде өз міндеттерін орындауға қабілетті жоғары білікті мамандарды - химиктер мен химик-технологтарды – даярлаудың ажырамас бөлігі кәсіби практика болып табылады. Сол себепті студенттер үшін оқу практикасының бағдарламасымен қоса теориялық материалдары және әдістемелік ұсыныстары бар оқу құралын дайындап, баспадан шығару қажет.