Оқу практика мақсаты және міндеттері


Оқу практикасының мақсаты:

 - студенттердің жалпы және бейорганикалық химиядан теориялық білімдерін бекіту және химияның дамуы ағымдағы үрдістерге кәсіби қызығушылығын дамыту, оларды тәжірибелік машықтарға үйрету, болашақ мансаптық проблемаларды шешуді қамтамасыз етуге үйрету;

            - ғылыми зерттеулерді қоюдың негіздерімен және химиялық өндірістермен, химия өнеркәсібі  дамуы тарихымен,  озық  өндірістік әдістермен,  химиялық технология процестерінің ғылыми принциптерімен танысу; 

- зертханалардағы қауіпсіздік техникасы ережелерімен танысу;

- химиялық зертханалардағы ыдыстармен, құралдармен, аспаптармен және олардың қолданылумен танысу (түрлері, қолданылуы);

- химиялық зертханаларда қолданылатын препараттар мен реактивтермен (жіктелуі, таңбалануы, сақталуы) танысу;

- химиялық зертханалар  жағдайларындағы химиялық эксперименттер техникасының негізгі элементтерімен танысу.

           Оқу практикасының міндеттері:      

 - қазіргі  заманауй  арнайы жабдықтарда  жұмыстар орындау техникасын меңгеру;

- өз бетімен эксперименттік жұмыстарды орындағанда  қажетті  болатын химиялық әдістері мен тәсілдерді жүзеге асыруды меңгеру;

- химиялық эксперимент  нәтижелеріне (сенімділігі, қайталанатыны) қойылатын  талаптармен  танысу;

- эксперименттік нәтижелерді статистикалық өңдеу, математикалық талдау және дағдыларын қалыптастырумен  таныстыру;

            - студенттердің шығармашылық ойлауын, активтілігі мен тәуелсіздігін дамыту,  теория мен практика арасындағы байланысты нығайту;

  - химиялық процестер мен оларға тиісті құрылғылардың, химиялық технологияның  негізгі заңдылықтарын зерттеу, оқу;

-  химия өнеркәсібі келешегінің  даму құндылығы мен мәнін анықтау;

- химиялық - технологиялық процестер  химия, физика, механика, экономика және т.б. заңдарының жиынтығына бағынатынын дәлелдей білу;

- химия өнеркәсібінің қоршаған ортаға әсеріне  назар аудару және қоршаған ортаны қорғаудың  негізгі бағыттарын анықтау;

-  студенттің  назарын  химик мамандығының  кең ауқымды екеніне  аудару: химик - жұмысшыдан (аппаратшы, химиялық зертхананың  лаборанты) бастап  инженерлік, инженер-технолог  мамандығына;

            Оқу практикасына қатысты бұл  мақсаттар  студенттердің  төмендегі мына кәсіби іс-қызметтерімен:

- білім беру (педагогикалық);

- эксперименттік – зерттеу;

- ғылыми-зерттеу

және міндеттер  мына кәсіби-іс қызметтермен:  

- кәсіби өзін-өзі оқыту және өздік өсуін жүзеге асыру, ары қарай білімін жетілдіру  жолы мен мансабын жобалау;

- ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеумен, ғылыми бағдарламаларды іске асырумен, эксперимент қоюмен  сәйкестенеді.  

Оқу практикасын  өту нәтижесінде  студент білуге міндетті:

-  қазіргі заманғы химиялық зерттеулер әдістемеслерін;

-  химиялық зерттеулер саласындағы соңғы жетістіктерді.

Оқу практикасын  өту нәтижесінде  студент  орындай білуге міндетті:

- эксперименттік жұмыс жүргізу  үшін  қазіргі заманғы (заманауй) химиялық жабдықтарды пайдалану;

            - теориялық білімді және эксперимент орындау  дағдыларын  тәуелсіз эксперименттер қоюға, жоспарлауға  және алынған нәтижелерді  хаттауға қолдану;

  - химиялық реактивтермен, еріткіштермен және зертханалық химиялық құралдармен жұмыс орындау;

  - концентрациясы белгілі ерітінділер дайындау үшін, сапалық  және сандық  құрамын  анықтау үшін, тұнбалар түзілуінің жағдайларын анықтайтын қажетті есептеулер жүргізу;

  - химиялық зертханаларда жұмыс орындағанда негізгі қауіпсіздік  ережелерін қолдануға.    

  Оқу практикасын  өту нәтижесінде  студент  машықтанауға міндетті:
- физика - химиялық өлшемдерді жүргізудің негізгі әдістеріне;

- химиялық эксперимент жүргізген кездегі қателерді бағалау әдістеріне;

- химиялық технологияның принциптеріне;

- эксперименттік және теориялық зерттеулер нәтижелері  машықтарын хаттауға, қорытындыларды тұжырымдау дағдыларына.