Оқу практикасын өту нәтижесінде білім алушы меңгеретін құзыреттіліктер (компетенциялар)


Жалпы мәдени құзыреттілік:

- ақпараттарды (мағлұматтарды) анализдей алатын, қабылдай алатын, қорытындылай алатын, мақсатты қоя білетін және сол мақсатқа жету жолын білетін, ойлау мәдениетін меңгерген (ЖҚ-1);

- ауызша және жазбаша ойын қисынды (логикалы) шынайы және айқын дәлелдермен жеткізе біледі, ойлау нәтижелерін жазбаша және дұрыс сөйлеу арқылы жеткізуге қабілетті (ЖҚ-2);

- әріптестерімен ынтымақтасуға және командада жұмыс істей білуге дайын (ЖҚ-3);

- кәсіби және әл-ауқатының салаларында, ғылыми байланыс үшін қазақ, орыс тілдерін  және шет тілдерінің біреуін  меңгерген (ЖҚ-6);

- өзінің болашақ мамандығының әлеуметтік маңызын сезіне отырып, кәсіби қызметін орындау үшін жоғары мотивацияны  меңгерген (ЖҚ-9);

- жаһандық компьютерлік желідегі ақпаратпен жұмыс орындауға қабылетті (ЖҚ-12);

 

Жалпы кәсіби құзыреттілік:

- өзінің болашақ мамандығының әлеуметтік маңызын  сезіне отырып, кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруды меңгерген (КҚ-1);

- кәсіби қызметінің нәтижесі үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға қабілетті (КҚ-4);

             Арнайы құзыреттілік:

- физикалық және химиялық тәжірибелерді жоспарлау және жүзеге асыру, олардың нәтижелерін өңдеу және қателерін бағалау, физикалық және химиялық процестер мен құбылыстарды математикалық  модельдеу, гипотеза айту және оларды қолдану шекарасын белгілеу (АҚ-1);

- негізгі химиялық және физикалық ұғымдарды, химия және физиканың  іргелі заңдарын,   химия және физика зерттейтін  құбылыстар мен процестерді меңгерген (АҚ-2);

- заттарды талдаудың  классикалық және қазіргі заманғы әдістерін меңгерген;  зертханалық  эксперимент қоюға,  зертханалық  зерттеулерді талдауға  және бағалауға қабілетті (АҚ-4);

- физикалық мәселелерді шешу үшін негізгі физикалық  теорияларды қолдана алатын, аспаптар мен құрылғылардың жұмыс істеу принциптерін, сонымен бірге  белгілі бір бағыттың  құзыретіне жатпайтын бағыты да түсінуге  өз бетімен физикалық білімді меңгерген (АҚ-5);

- химиялық өндірістердің технологиялық процестерінің негізгі мағлұматтарын біледі (АҚ-6);

- жаңадан енгізілген химиялық жабдықтар мен аппаратураны меңгеруге және жұмыс орындауға дайын (АҚ-9).