Жарақат пен улану кезінде көрсетілетін алғашқы көмек


Термиялық  күю кезінде күйген  жерді калий перманганаты немесе   этил спирті  ерітіндісімен өңдейді. Қышқыл  теріге  тамып кетсе, 10-15 минут сумен жуып, сосын  3%-тік   натрий гидрокарбонаты ерітіндісімен өңдейді, сосын  қайтадан сумен  жуып тастау  керек. Сілті  ерітіндісі  теріге тамып  кетсе, күйген  жерді алдымен сумен, кейін  3%-тік сірке қышқылы ерітіндісімен,  сосын қайтадан  сумен жуып  тастау  керек. Денеге суда  ерімейтін органикалық  қосылыстар тамып кетсе, сол суда ерімейтін органикалық  қосылыстардың  үлкен  мөлшерімен,  кейін  спиртпен жуып, сосын иісмай  жағады.

Зақымдалу кезінде ауырғанын басу үшін  сол жерді қатты байлап, үстінен  мұз басады. Тері зақымдалуы кезінде, әсіресе шынымен  қолды кесіп алған  кезде  алғашқы көмекті дереу көрсету қажет (шыны бөліктері кесілген жерде болса, тездетіп оларды алып тастау керек). Бұл үшін қанның ағуын  (кетуін) тоқтатып, жараланған жердің маңайын  антисептикпен өңдейді.  Қан кету  қайтадан  басталып кетсе, оны 3%-тік сутегі пероксидімен, темір(Ш) хлориді ерітіндісімен өңдейді, кейін стерильді марлімен  таңып, жарақат алған  адамды дәрігерлік көмек беретін пунктке жібереді. 

Электр жарақат алған кезде дәрігер келмес бұрын, сол адамды толық   тыныштықта ұстап, таза ауамен қамтамасыз ету керек. Жарақаттанған адам артық қозғалмау керек. Тыныс алу мен жүрек соғысы бұзылса, адамға  жасанды тыныс алдырып,  кеудесіне массаж жасау керек. Жасанды  тыныс алдыруды адам ритмсіз дем алғанда  немесе мүлдем  дем алмай  қалғанда ғана  жасайды.

Химиялық зертханадада техника қауіпсіздігін сақтауға арналған бақылау сұрақтары мен тапсырмалар

1 Жеңіл (тез) жанғыш  сұйықтығы  бар реакциялық  қоспаны асбест торымен  жауып, түбі дөңгелек шыны колбада жанарғы (горелка) жалынында  қыздырады.  Бұл  «тәжірибенің»  зиянды  жақтары қандай?

2 Зертханада  кенеттен  өрт  пайда  болса,  не істейсіз?

3 Қыздыру кезінде айрылатын  жанғыш сұйықтықты айдау керек. Сіз қай әдісті қолданасыз? Қандай қауіпсіздік ережелерін  сақтау керек?

4 500г натрий гидроксидінің  бөлігі  болса, осы заттың 200г  40%-тік судағы ерітіндісін  дайындау керек.  Жұмыс жасау алгоритмін  айтып  беріңіз.

5 Концентрлі сілті немесе концентрлі  қышқыл теріге тамып кетсе,  сіз қандай  әрекет жасайсыз?