Оқу практикасы бойынша есеп беру және практика қорытындысы бойынша аттестациялау формасы


Практика нәтижесі

Әрбір  студент  жасалған  тәжірибеге есеп   береді. Оқу  үрдісі  кезінде,  зертханалық  сабақтарда   студент химиялық  реакциялардың  негізгі заңдарына  сүйене отырып  теориялық   білімін  шыңдаса,  ал оқу  практикасы кезінде студент теориялық   білімін  шыңдаумен қоса зертханалық  зерттеулерге  көбірек   дағдыланады. Оқытушы  студентке  СОЗЖ (УИРС) орындауда көмектеседі. СОЗЖ – студенттің оқу-зерттеу жұмысы.

Есептеу нәтижесiнің құрамында «Практиканың мазмұны» бөлiмінiң барлық тармақтары бойынша мәлiмет болуы керек.

Оқу  практикасы жөнінде есеп беру практика  барысында жазылады.

Есептеу нәтижесiн рамкасы бар стандартты парақтарға баспа әдiсi және негiзгi жазулармен рәсiмдейдi. Есептеу нәтижесiнiң көлемi 20 парақтан кем болмауы керек. Мәтінді  «Тimes   New  Roman»  шрифтімен басады.

Қағаз  форматы  А4, төменгі  және  үстіңгі  аралық -  2см,  оң   жағынан -  3см,   сол   жағынан – 1,5см.

Студенттер оқу жоспарына сәйкес практиканың қорытындылары бойынша есептеу нәтижелерiн ұсынады. 

Есеп  беру    химия  кафедрасына  өткізіледі;

Тексеріс  пен  баға  қою     практика есебі  кафедрада кафедра меңгерушiсi ұйғарымы бойынша  ұйымдастырылған  комиссияның алдында (комиссия  құрамына  оқытушылар,  студенттер,  практика  жетекшісі кіреді)  қорғалады:

- студенттердiң практика барысындағы iскерлiк белсендiлiктері;

- зертханадағы тәртіп;

- есептеу нәтижесiн өткiзу кезіндегі жауаптары;

- iстелiнген есептеу нәтижесiнiң сапасы;

- iстелiнген жеке тапсырманың сапасы ескеріледі.

Есеп   беру  нәтижесі   папкаға  тігіледі;

Титулды  парақ  А  қосымшасына  сәйкес рәсімделеді;

Қорытындылар  мен  ұсыныстар;

Күнделік  берілген  нұсқауға  сәйкес  толтырылады.      

Практика  барысында студентке  қойылатын талаптар

Практикаға  шығар  алдында  студенттің  қолында  практика  жетекшісі мен  деканның  қолы  қойылған күнделік  болуы  тиіс. Практика  өту  күнделігінде оқу  орнының  аты,  кафедрасы,   факультет  аты,  мамандығы,    бағыты,   курс  және практика өтушінің  аты-жөні   жазылады.

Күнделікте   практика  жетекшісі   қойған  қолы мен  практика  басталған   күн белгіленеді.  Практика барысында  күнделік  міндетті  түрде  күнде  толтырылуы  керек. Күнделікте  әрбір  жұмыс  күні  жайлы  мәлімет  болуы тиіс.  Әрбір  күнде  жасалған  практика  жұмысы  жетекшісінің  қолымен  нақтылану керек.  Практиканың  соңғы    күнінде    қорытынды  жасалады, аты-жөнінің жазылуымен студенттің  және  практика  жетекшісінің қолы қойылады. Практика аяқталған  күн жазылады, сәйкесінше практика жетекшісінің  қолымен нақтыланады.

Практика  аяқталған кезде  студент  мінездеме  алуы  керек.  Мінездеме  студенттің практика барысында көрсеткен іскерлігі, біліктілігі,  жауапкершілігі,  теориялық  білімін  қолдана  алуы  жайлы  болуы керек.   Мінездеме  күнделіктің  соңғы  бетінде  жазылады  және  мінездеме  жазылған  күн  жазылуы  тиіс.  Пікір  міндетті  түрде  есеп  беру  қағазына  жазылу  керек. 

Мінездемеде  мына жағдайларды  қамтуы  тиіс:

-орындалған   жұмыстың  көлемі  мен  сапасы;

-студент  практикалық   жұмысқа  қаншалықты  дағдыланғаны;

-теориялық  білімін  практикада  қолдана  алуына  баға  беру,  оның ынтасы,  біліктілігі  және іскерлігі.

-берілген  тапсырманы  шығармашылық  көрсетіп   орындауы;

-практика  қорытындысына  ортақ  бағасын  беру.