Автор жайлы


  Кабдулкаримова Кульбану Кабдулкаримовна – химия ғылымдарының кандидаты, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының доценті. Қазақстан Республикасы Шығыс Казақстан облысы Бухтарма ауданының Аюды ауылында 1951жылы 23 шілдеде туды.

1973жылы С.М. Киров атындағыКазГУ-ді «Аналитикалық химия» мамандығы бойынша бітірді.

       Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы Серебрянск қаласындағы «Серебрянский завод неорганических производств (СЗНП)» зауытында инженер-химик болып бастады.

        1984 жылыС.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде «Аналитикалық химия» мамандығы бойынша химия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін ізденуде«Разработка физико-химических методов для анализа полупроводниковых материалов» тақырыбы бойынша диссертация қорғады.

2014 жылдың «ЖОО ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ» мемлекеттік грантының иегері.

Халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға және семиналарға қатысты, квалификацияны жоғарлату курстарын өтті.

Ғылыми зерттеулер  нәтижелері бойынша 80 шақты ғылыми мақалалар және 12 оқу-әдістемелік құралдары басылып шығарылды.

Касымова Жанар Сайлаубековна – биология ғылымдарының кандидаты, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының профессор қ.а. Қазақстан Республикасы Семей облысы Жарма ауданының Георгиевка ауылында 1974 жылының 25 шілдеде туды.

1996 жылы  «Биология және химия» мамандығы бойынша «Семей» Мемлекеттік университетін бітірді.

Еңбек қызметін «Семей» Мемлекеттік университетінің арнайы химиялық пәндер кафедрасында стажер-зерттеуші болып бастады.

1999 жылы аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Экология» мамандығы бойынша биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін ізденуде «Закономерности содержания тяжелых металлов в системе «почва-растение» при различной антропогенной нагрузке» тақырыбына диссертация қорғады.

2015 жылдың «ЖОО ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ» мемлекеттік грантының иегері.

Халықаралық,  республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға және семиналарға қатысты, квалификацияны жоғарлату курстарын өтті.

Ғылыми зерттеулер  нәтижелері бойынша 2 монография, 60 мақала және 12 оқу-әдістемелік құралдары басылып шығарылды.